Шаталовтың тірек-сызба әдісін пайдалану жолдары Жұбанова Лаззат



Дата07.01.2022
өлшемі157,01 Kb.
#19032
Байланысты:
шаталов


Шаталовтың тірек-сызба әдісін пайдалану жолдары

Жұбанова Лаззат

Қызылорда қаласы, N1 мектеп – гимназиясының география және биология пәндерінің мұғәлімі

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми – техникалық, экономикалық,ресурстық және рухани дамытушылық жаңа деңгейіне бағытталуда.

Әлеуметтік тәжірбиені, ақпараттарды игеруде, ұрпақтар арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны әлеуметтендіруде олардың мәртебесін көтеруде – білімнің орны ерекше.

Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогиқалық әрекеттің тұтас жүйесі.

Оқушы оқу процесінің басты өзегі, сондықтан назардың барлығы оқушының өзара ынтымақтастығы үлгісін оқу процесінде қалыптастыру мен әртүрлі оқу іс әрекетін қамтитын оқыту әдістеріның үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылуы тиіс екендігін анықтау. Осыған орай мектептің әр сатысында географияны оқытудағы оқу – тәрбие мақсаты – білім мазмұнын құрастыруды іріктеу принциптері, сондай ақ оқушылардың сапасын бағалау тәсілдерін нақтылау.

Географиядан білім дағдыларын меңгерту, қызықтыру, ойын жеткізіп айту, есте сақтау ерекшеліктерін дамыту үшін әртүрлі әдіс тәсілдер іздестіріледі

-Картаны оқу және беттестіру

-Оқулықпен жұмыс жүргізу

-Кесте, график, диаграмма, тірек-сызба құру

-Географиялық диктант

-Тесттік жүйе

-Баспа сөз, ақпарат материалдары, дәріс тындату

-Тірек-сызба сызу оқушыны ойлауға, тез шешім қабылдауға жетелеп, ойын айтып жеткізуге итермелеуі мүмкін.

Тірек-сызбалар арасында түсіндерме сөздер, қажетті сандық көрсеткіштер жазылады.

Сызбаның негізгі тақырыбын белгілеп, қосымша сызбалар арқылы негізгі ойдың көлемі ұлғаяды. Сызбаның басты ерекшелігі

1.Дәлдігі ескеріліп,эстетикалық талғаммен сызылуы.

2.Қосымша түсініктердің берілуі.

3.Терминдерге талдау.

4.Диаграмма,графиктерді талдау және сызу талабы міндеттеледі

Тірек сызба белгілерін сабақтарының негізгі құрам бөлігі ретінде қолданғанда,мына мәселелерге

назар аударамын:

1.Тірек сызба белгілерін қолдануды орта деңгейдегі сыныптардан бастау

2.Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану

3.Сызба белгілерді оқушылармен бірге талдау жүргізе отырып даярлау

4.Оқушыларға негізделген өзіндік жұмыс және үй жұмыстарын беру

5.Оқушылардың топпен,не екі-екіден жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.



Тірек-сызба белгілердің оқушыларға тиімділігі:

А)Оқитын тақырыпты терең түсінуге тақырыптың негізгі түйінің ажырата білуге үйретеді

Ә)Тақырыпты жеңіл,тез түсінуге

Б)Тірек-сызбаны қолдана отырып,тақырыпты сауатты дәл меңгертуге үйрету

В)Қайталау кезінде алған білімді жүйелеуге көмектесу

Әр оқушының өз мүмкіндігі болады.Есі,еркеде,мінезіде алуан түрлі.Бір оқушыға жеңіл көрінгенімен,екінші оқушыға қиын тиеді В.Шаталовтың тірек-сызба технологиясың 7-сыныпта Солтүстік Америка тарауында оқушыға оқу материалының ішінен ең негізгісің таңдай білуді үйреттім.



Солтүстік Американың географиялық орны,жер бедері мен пайдалы қазбалары,климаты,халқы мен елдері деген таруларда тірек-сызбаларда мынадай түрде көрсетіп,нәтижеге жеттім.

Осы сияқты жаңа технологияларды күнделікті сабақта қолдану үшін ұстаз алдында отырған шәкірттердің жас ерешеліктерін таңдап алады.

1.Жаңа технологияны жүзеге асыруға ұстаз белсенділігі,шығармашылық ізденісі,өз мамандығына деген сүйіспеншілігі ерекше орын алады.

2.Жаңа технологияларды күнделікті сабақта пайдалану үшін,әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерің ескеріп,педагогтік мақсат мүддесіне байланысты,өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.

3.Пән мұғалімдері оқытудың жаңа технологияларын,әдіс-тәсілдерін оқушылардың қабылдау деңгейлерін анықтап,сапалық сипаттама көрсеткіштерін жасайды.

4.Оқушылардың білім алу нәтижесі мұғалімдердің жаңа технологияны игеру дәрежесіне байланысты.



5.Жаратылыстану ғылымдарының негізін осылайша жүйелендіріп оқыту оқушыларды өзіндік шығармашылық еңбекке,адам факторының ролін көтерумен демократиялық жағдайда өмірге белсенді араласуға дайындауға негіз болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет