Мұнай кен орындарының физикалық-химиялық Әдістері


Еріткішті үнемдеу мақсатымен оны үздіксіз айдап емес, жиек түрінде



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата27.11.2023
өлшемі3,18 Mb.
#129113
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

Еріткішті үнемдеу мақсатымен оны үздіксіз айдап емес, жиек түрінде
қолдану керек екендігі айтылды. Егер бұл жиек судың әсерімен қабат
бойында орын ауыстырса, араласпайтын сұйықтардың фильтрация
механизміне сай еріткіш қабаттан толық ығыспайды. Кеуекті
ортаның сумен, еріткішпен және оның мұнайлы қоспасымен
қанығуының таралуы 6.3- суретте көрсетілген. Мұнайды еріткішпен
толық ығыстыру үшін араласу аймағы (c = 0,5) қабаттың сыртына (6.3-
сурет) орын ауыстыруына қажетті еріткіш мөлшерін айдау қажет,
яғни x.. = I + λ қашықтыққа, еріткішті сумен ығыстыру фронты
қабаттың соңына дейін жетуі, яғни x. = l шарты орындалуы үшін.
Сонда жиектің пайда болуына кеткен еріткіш мөлшері сулану және
араласу аймақтарындағы еріткіш мөлшеріне тең болады. Араласу
аймағынан ол қабаттан мұнаймен бірге, ал суланудың кесірінен
сумен бірге біртіндеп шығарылуы мүмкін. Бірақ оның кейбір бөлігі
қабатта қалып қояды, өйткені сумен ығыстыру кезінде онымен
араласпайтын сұйық өнімнің сулануы ақыры сондай мәнге жетеді,
қабаттан еріткішті шығару экономикалық тиімсіз болады. Жоғары
қысымда мұнай мен газ арасында олардың толық араласуы кезінде
аймақтың пайда болғандағы мұнайды газбен ығыстыру үдерісін
қарастырайық. Мұндай үдеріс нақты бір кен орны жағдайында
мүмкін болатынын анықтау, газ бен мұнайдың араласу жағдайын
орнату үшін арнайы зертханалық зерттеулер немесе қабатқа
айдалады деп болжанатын газ қоспасы мен әртүрлі қысым мен
көмірсутек құрамының фазалық жағдайының тепе-теңдік тұрақтысы
бойынша есептеу жүргізіледі.


Аталған зерттеулер мен есептеулер нәтижесін үшбұрышты Гиббс диаграммасы түрінде көрсетеді (6.4-сурет). Бұл
диаграммадағы үшбұрыш ішіндегі әрбір нүкте C1 құрғақ газынан, C2-C5 аралық көмірсутектерден және C6-дан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет