Мұнайды айдаудың материалдық балансы Мұнайды айдау


Мұнайды айдаудың материалдық балансы



бет2/2
Дата30.01.2023
өлшемі18,11 Kb.
#63901
түріҚұрамы
1   2
Мұнайды айдаудың материалдық балансы
Материалдық баланс – масса сақталу заңына негізделген.
Барлық тұйықталған жүйеде реакцияға түсетін заттың массасы реакция нәтижесінде алынған заттың массасына тең болады. Егер осыны кез келген технологиялық процестің материалдық балансына сәйкестесек: технологиялық операцияға түсетін заттың массасы – кіріс, операция нәтижесінде алынған барлық заттың массасына – шығыс тең немесе заттардың кірісі ∑В оның шығысына ∑В тең. Сонымен материалдық баланс теңдеуі : ∑В кіріс = ∑В шығыс. Материалдық баланс – технологиялық процестің айнасы. Периодтық процестер үшін материалдық баланс бір операцияға есептеліп, ал үздіксіз процестер процестер үшін бірдік уақытқа арналып жасалады. Материалдық баланс барлық процеске немесе оның жеке бір сатыларына құрылады. Материалдық баланс қатты, сұйық және газдың массасына жеке-жеке түрде беріледі. Сондықтан жалпы жағдайда материалдық баланс келесі теңдеумен өрнектеледі:
В(қатты)+В(сұйық)+В(газ)= В’(қатты)+В’(сұйық)+В’(газ)
Мұндағы В(қатты)+В(сұйық)+В(газ) – бірлік уақытта операцияға түсетін қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың массасы; В’(қатты)+В’(сұйық)+В’(газ) – алынатын өнімнің массасы.
Біз мұнайды айдаудың материалдық балансын қарастырамыз. Мұнайды айдау – мұнайды құрайтын өнімдер мен фракцияларды термиялық айыру процесі болып табылады.Мұнайды айдаған кезде сәйкесінше авиациялық және автокөлік бензині, лигроин, реактивті және газтурбинді отындар, керосин, дизельді отын және мазут алынады . Процеске түсетін мұнаймен ауа арқылы оттек құрамында ылғал болатындықтан, баланс жасау кезінде “Кіріс” бабына мұнаймен ауадан басқа мұнайдың ылғалдылығы және мұнай құрамындағы су мөлшерін де ескеру қажет.Осыны ескере отырып, қарастырып отырған жағдайда материалдық баланстың жалпы теңдеуі:
В(мұнай өнімі)+В(ауа)+В(ауа ылғ.)+В(Су мөлш.)=В(бензин)+В(лигроин)+В(керосин)+В(отындар)+В(мазут).
Мұндағы : В(мұнай өнімі)+В(ауа)+В(ауа ылғ.)+В(Су мөлш.) - мұнайды айдау кезінде қондырғыға жіберілген мұнай өнімі әрі қосымша заттар, В(бензин)+В(лигроин)+В(керосин)+В(отындар)+В(мазут) – процесс нәтижесінде алынған өнімдер .

Пайдаланылған әдебиеттер:


Х.А. Суербаев «Мұнай мен газды өндірудің термиялық және каталитикалық процестері »15-25бет. Алматы баспасы 2009жыл.
Қ.С.Құлажанов, О.А.Алмабеков, Ә.М. Нұралы «Мұнай өңдеу процестерін жетілдіру» 36-38 бет. Алматы баспасы 2011жыл.
Г.Қ. Бишімбаева, А.Е. Букетова« Мұнай немесе газ химиясы мен технологиясы» 3-10 бет. Алматы баспасы 2007жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет