Орындаған:Жумажан Дана
Тексерген:Курмангалиева У.У
Науқастарды операцияға дайындау ерекшеліктері
Хирургиялық науқастарды операцияға дайындау ерекшелігі Хирургиялық науқастарды операцияға кешенді дайындауда ішек жолдарын тазарту маңызды орын алады. Аталмыш шараның дұрыс орындалуы жалпы емнің нәтижелігіне айтарлықтай әсер етеді.
Ішекке жасалатын операцияға дайындықтардың маңыздылары:
-Арнайы диета;
-Ішектің моторлық қызметін күшейтетін препараттар;
-Клизмалар;
Арнайы диета: диетаны 3-5 күн бойы ұстап, операцияға 12 сағат қалғанда тамақтануды толығымен тоқтатады.
Диета рационы:
Берілген нұсқауларды орындау асқыну қаупін азайтады. Егер науқас арнайы рационды бұзса немесе мүлдем ұстамаса, асқынуларға алып келуі мүмкін. Бірінші кезектегі асқыну ол – наркоз кезіндегі құсу массаларының өкпеге түсуі дәрігерлердің жұмысына қиындық тудырады. Медициналық статистикада бұл себепке байланысты бірнеше өлім жағдайлары тіркелген. Құсу ұстамалары наркоз кезінде анестетиктердің әсерін төмендетіп, науқастың наркоз үстінде оянуына себеп болады.
Ішектің моторлық қызметін күшейтетін препараттар. Ішекте жиналған әр түрлі токсикалық қалдықтар, нәжіс массаларын тазартудың медикаментозды түрі.
Ішектің моторлық қызметін күшейтетін препараттар механизміне байланысты бірнеше типке бөлінеді: