Мұнайлы ауданы, №5 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Сержанова Алия Тажимуратовна
Қазақ тілі пәнінен 7-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
І нұсқа
1. «Қоян жүрек» тұрақты тіркесінің антонимін табыңыз.
A) Қорқақ В) Әлсіз С) Салмақты Д) Батыр Е) Күшті
2.Шартты райлы етістікті табыңыз.
А) Ертең мектепке кел. В) Содан кейін мені сына. С) Өзің білесің, біз момын шаруамыз.
Д) Бір көрсем, арманым болмас еді. Е) Жүкті шешпе, үйді әуре қыласың.
3.Баяндауышты табыңыз. Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде В) Жыл құстары С) Жылы Д) Ұшып кетеді Е) Жакқа
4.Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала B) Менің әжем С) Алты адам Д) Әдемі қыз Е) Жеті қыз
5.Қалау райда тұрған сөзді табыңыз.
А) Айтқым келеді В) Айтуға болады С) Айтқан Д) Айтса Е) Айтып отыр
6.Тұрақты тіркесті табыңыз
А) Ит өлген жер В) Қою қара қас С) Ойлы бала Д) Қалта сағат Е) Әдемі қыз
7.Екі не одан да көп адамның өзара сөйлесуін көрсетіңіз.
А) төлеу сөз В) автор сөз С) төл сөз Д) монолог Е) диалог
8.Нақ осы шақтағы сөзді көрсетіңіз.
А) Бармақ болды В) Бара жатыр С) Істейді Д) Айтқан Е) Жазады
9. Пысықтауыштық қатынасты табыңыз.
А) былтыр тапсырды В) гүлденген аймақ С) сенің кітабың Д) допты тебу Е) әдебиет пәні 10.Тұрлаулы мүшелерді ата.
А) бастауыш, анықтауыш, толықтауыш В) бастауыш, баяндауыш, толықтауыш
С) анықтауыш, пысықтауыш, бастауыш Д) баяндауыш, анықтауыш Е) бастауыш, баяндауыш
11. Сын есімнің шырайларын көрсет.
А) негізгі, дара В) салыстырмалы, күшейтпелі С) туынды, қосарлы
Д) негізгі, туынды Е) дара, күрделі
12. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
A) Ағырақ, көкше B) Қуаң, бозаң C) Сұрша, бозғыл Д) Аппақ, аса терең E) Сарғылт, күреңдеу
Достарыңызбен бөлісу: |