«Қыз тәрбиесі- ұлт келбеті» атты ауданаралық байқау «Сүйек жаңғырту» (Көрініс)



бет1/4
Дата16.10.2023
өлшемі1,75 Mb.
#116205
  1   2   3   4



«Қыз тәрбиесі- ұлт келбеті»
атты ауданаралық байқау
«Сүйек жаңғырту» (Көрініс)

  • Автор сөзі: Шуақты отбасы. Әжесі ұршық иіріп отыр. Әкесі қамшы өріп, анасы -күбіні пісіп, ыңылдап ән айтып, өз шаруашылығымен айналысып жатқан отбасы.



  • Анасы: Көктем келсе күбі пісер шағым,

Кімге қызық, мендік көңілдік назым.
Қайран жастық шағым,
Атар ғажап, көктемдегі таңым.
Күбі пістім, май болды, бал татыр,
Күбі пістім, жақсы адамға ыстық нан әзір.
Сырттан қызы келеді.


  • Қызы: Анашым, таңнан бері не пісіп жатырсыз?

  • Анасы: Ой, ботам- ау, алдыңғы айда қызыл сиыр туған жоқ па? Соның сүтінен айран ұйытып, енді айранды пісіріп жатырмын, күнім. Айраннан май түсірем, атаңа-әжеңе қуат болсын. Мамыр айының майын қазақ ем деп білген. Сенің тісің, сүйегің мықты болсын деп құрт жасап, жаймасам болмас. Ағарған- ырыс қой. Айран- нанмен бірге ең сіңімді ас. Айран ішесің бе, анау жердегі кіші ақ шелектің ішінде тұр. Құйып іш, қызым!

  • Қызы: Мен тоқпын, қазір ішпеймін.

Қыз жүгіріп, әжесінің қасына отырады. Әжесі жүн түтіп, ұршық иіріп отырады.


  • Қызы: Әже, сіз не істеп отырсыз? Шаршамайсыз ба? (Әжесінің құшағына кіріп)

  • Әжесі: Ее, шырағым, шаршағаным сені көргенде басылады ғой. Алтыным- ау, мен жүнді түтіп, ұршық иіріп, сендерге шұлық, бас киім, жылы кеудеше тоқып жатырмын.

  • Қызы: Әже, олар неден жасалады?

  • Әжесі: Бұл жүн деген төрт түліктен алынады. Көктемде, күзде қойдың, түйенің жүндері қырқылып, ол жүнді жуып, кептіреміз. кепкеннен кейін жүнді сабаймыз. сол тазаланған жүннен көптеген бұйымдар жасасақ болады. Мысалыға: киіз үйдің жабдығын жасауға, киіз басуға болады, жүнді иіріп алаша, кілем тоқуға, қапшық та жасауға мүмкіндігіміз бар.

(Әжесі немересіне қарап, еркелетіп)


  • Әжесі: Өскенде әжеңнен, анаңнан көргенді сен де істейтін боласың. Қызым сен енді еркелікті азайтуың керек. 7 жасында қызға сырға салған, бұл қыздың есейіп келе жатқанын білдіреді. Қызым, «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деген қазақ халқы.» Қызға қырық үйден тыю» деген, бұл бүкіл ауыл болып қызға қамқор болған. Қыз баласын бөтен үйге қондырмаған. Қыз баласының тазалығына көңіл бөлген. Әрбір шаңырақ қыздарын қымтап өсірген, жабық, әрі ұзын киіндірген. Анасы тұрып, қызы сөйлемеген. Үлкен ер кісілердің алдынан кесіп өтпеген. Көпшілікте дауыс көтеріп сөйлемеу керек. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен парыз. Енді аманшылық болса мектебіңді де бітіресің, өзіңнің арман жолыңды таңдайсың. Қызым ақылды бол, иман жүзді ибалы бол.

  • Қызы: Әже, мен сіздің ақылдарыңызды бұлжытпай орындауға тырысамын. Рұқсат болса , мен сабаққа дайындалайын, жарайма ( Қызы сахнадан шығып кетеді)

  • Автор сөзі: Қызы бойжетіп, мектепті бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсіп, жақсы оқып, қызыл дипломмен бітіріп, үйіне келеді. Отбасы үлкен қуанышқа бөленді. Анасы қызының құрбылары шығарып салғанын байқайды.


  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет