ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ МІНБЕСІ
182
тетикасы ретінде қодланылатын жеке көркем сөз
және атау қолданысындағы барлық ерекшеліктер
ықпал етеді.
Осы уақытқа дейін көркем мәтіндегі ЖЕ
зерттеу келесі формада болды: шығармаларда
ең айқын, уәжді, оның иесін анықтайтын, негізгі
семантикалы «сөйлейтін есімдер» немесе жеке
автор шығармаларындағы антропонимдер қарас-
тырылған.
Соңғы жылдары бір жазушы шығармАла-
рындағы ЖЕ барлық жиынтығын немесе бірнеше
жазушы шығармаларындағы ЖЕ жекелеген ерек-
шеліктерін зерттеген қызықты еңбектер қатары
көбейе бастады.
Қазіргі кезде КМ ЖЕ жүйелі түрде зерттеу-
дің бірнеше принциптерін немесе жалпы ас-пекті-
лерін келесі қарама-қарсы жекелеуші белгілері
арқылы бөліп көрсетуге болады:
ЖЕ зерттеу нысаны бойынша: мәтіндік –
мәтіннен тыс (әлеуметтік лингвистикалық, энцик-
лопедиялық, тарихи т.б.);
коннотация түріне қарай: стильдік (ішкі) –
жалпы тілдік (сыртқы);
мәтіннен тыс ақпарат мазмұны бойынша:
лингвистикалық (ономастикалық, коннотативті) –
экстралингвистикалық (энциклопедиялық, әлеу-
меттік, тарихи-мәдени, болмыстық т.б.);
КМ
ономастикалық
кеңістікті
қамтуы
бойынша: толық – жекеше (спорадикалық);
КМ семантикалық композиция деңгейі
қатысына қарай: ономастикалық – ономопоэти-
калық;
КМ ЖЕ жүйелі байланыс түрлері бойын-
ша (әр семантикалық композиция деңгейіне қа-
рай): парадигматикалық – синтагматикалық;
ЖЕ семантикалы-стилистикалық талдау
аспектілері бойынша: құрылымдық – функцио-
налдық.
Әр жалқы есім кез келген сөз сияқты мәтін
ішінде көптеген байланысқа түсіп, жеке тұрып
емес, тығыз байланыста қызмет атқарады.
Сонымен жалпы көркем мәтінде ЖЕ оның
стильдік жүйесінде ең маңызды және органика-
лық элемент ретінде қызмет атқарады және шы-
ғарманың басты бейнесін жасауда белсенді роль
атқарады.
КМ эстетикалық тілдік құралдың тұтас қыз-
мет жүйесі болғандықтан ЖЕ мұнда көптеген ма-
ғыналық байланысқа, оның жеке-көркем мағына-
сын құрайтын күрделі ассоциациялар мен конно-
тацияларға ие болады. Тіл жүйесінен түзілген ба-
ғалауыш коннотация КМ өзгеріп, ЖЕ парадигма-
тикалық және синтагматикалық жүйелер байла-
нысы ықпалынан мәтіндік болады.
Парадигматика тұрғысынан жүйелі тәсіл
келесіні береді: а) көркем тіл түріне қарай әр эле-
ментін анықтау арқылы ономастикалық кеңістікті
толық анықтау және жүйелеу; ә) тақырыптық топ
және разрядтар бойынша ЖЕ құрамын толық ти-
пологиялық талдау, соның ішінде ономастикалық
және окказионал сөздерді де; б) КМ бір денотат-
қа қатысты атау берудің барлық варианттары
мен тәсілдерін ескеру; в) шығарма атауымен
және оның тірек сөзімен ЖЕ өзара байланысын
анықтау; г) сюжет дамуында, семантикалық ком-
позицияның барлық деңгейінде, КМ тұтастығын
құруда, оның эксплицитті және имплицитті мАғы-
насында ролі бойынша ЖЕ таптастыру.
Синтагматика тұрғысынан ЖЕ бір сөйлем,
күрделі синтаксистік тұтастық және мәтіннің бас-
қа да бөліктерінде дискурс ретінде ЖЕ қолданы-
сын талдаумен толықтырылады. Осыған қоса ке-
лесі талдау беріледі: а) ЖЕ қолдануының барлық
түрлері (жеке, топтық, номинативті-бейнелік,
жалпы-символдық т.б.), олардың апеллятивпен,
басқа ЖЕ байланысы; ә) әртүрлі стилистикалық
қызметі.
Сонымен КМ ЖЕ синтагматикасы оның
«дистрибуциясымен», яғни онымен байланыста-
ғы сөздерге байланысты, ал парадигматикасы әр
бірліктің ономастикалық кеңістіктегі қалған бірлік-
терге және тұтас мәтіндегі – жеке сюжеттік, тақы-
рыптық бірліктер мен семантикалық композиция
деңгейіне қатысынан тұрады.
ЖЕ тіл, сөйленіс, мәтін, әсіресе көркем
мәтін ішіндегі ерекше семантикалық бірлік.
Барлық стильдік қолданыста ЖЕ жиі қолданыс
көрсеткішіне ие, сонымен бірге әр қолданысында
стильдік ерекшеліктер байқалады. Әдеби шығар-
ма мәтіні, Л.В.Щербаның пікірі бойынша, жазу-
шының жеке сөйленіс қызметінің эстетикалық
ұйымдастырылған өнімі болып табылады. Жазу-
шының аяқталған шығармасы жазушы стилін
көрсететін сөздік, ал ЖЕ осы өзекті сөздікке жа-
тады [1]. Мәтінді жазушының жоғары деңгейлі
жеке коммуникативті бірлігі ретінде санап, В.А.
Кухаренко КМ стилистикалық категориясы болып
табылатын бірліктер – тақырып атауы мен ЖЕ
тоқталған. Сонымен бірге ғалым келесіні айтады:
«Тілде семантикалық бір жақты (полое) жалқы
есімдер әр коммуниканттың қолданысында мей-
лінше ақпаратты бірлік болып табылады, себебі
объектті атайды және сол туралы сөйлеушінің
барлық білім қорын береді»[2]. Сөйленіс жағдая-
тына қарай білім көлемі ауытқып тұрады, бір ре-
ферентті атауда ақпарат көлемі бір көбейіп, бір
азайып отырады және эмоциналды-бағалауыш
бағытта болады, сонымен бірге қатынас жағдая-
ты мен ЖЕ мазмұнымен детерминантты бір жақ-
ты байланыс болады.
Аталған ерекшеліктердің барлығы әдеби
шығарма мәтінінде де болады, сонымен бірге
бұл жерде «сөйлейтін есімдердің» номинативті-
анықтаушы қызметі мен сюжетті өзекті компози-
циялық қызметі қосылады.
Автор пікірі бойынша мәтінде кейіпкер есімі
КМ барлық ерекшеліктерін – авторлық модал-
дықты, прагматикалық бағытын, есімнің мәтінде
бірнеше қайталануы арқылы бөлшектенуі мен ко-
гезияны өзекті етеді. ЖЕ семантикасы әркез өз-
герісте болады. Осы үрдісте В.А. Никонов үш ке-
зеңді бөліп көрсетеді: 1) антропонимдік немесе
ономастикалыққа дейін (апеллятивтік);
ТРИБУНА МОЛОДОГО УЧЁНОГО
183
2) ономастикалық (көркем мәтін ішінде) және 3)
ономастикалықтан кейінгі (мәтіннен тыс кезең),
яғни жалпы есім ретінде қолданылып, ЖЕ
апеллятивтенуі [3].
Кейіпкердің атауы ретінде ЖЕ КМ тақырып-
тық, тірек, доминанты сөзі болып табылады. «ЖЕ
мәтінге семантика жағынан бос, басқа да толық-
тыруларды қабылдауға дайын болып кіреді.
Оның мазмұндық баюы біртіндеп іске асады.
Оған автор беріп отырған кейіпкердің барлық
анықтамасы кіреді», - дейді В.А. Кухаренко [2,
105]. Алайда «семантика жағынан бос» дегені-
мен келіспеуге болады, себебі ЖЕ семантика жа-
ғынан бос болуы мүмкін емес. Денотат атау ар-
қылы жалпы-потенциалды түрде беріледі, егер
тарихи, әлеуметті белгілі есім болған жағдайда,
оқырман шығарманы оқымай тұрып-ақ атаудың
коннотативті және референциалды семантика-
сының көлемі үлкен болады. Мәтінде екіншілік
атау құралдары (эпитеттер, перифраздар, сино-
нимдер, есімдікті субституттар) үлкен анықтаушы
роль атқарады.
КМ ЖЕ семантикалануы оның мәтіннің өн-
бойында бір денотат – кейіпкерді атауында, есім-
нің мәтін ішінде бірнеше рет қайталануы арқылы
мәтіндік қосымша қызметін атқаруында, сол ар-
қылы жалпы мәтіннің когезиясын, жүйелігін, ант-
ропоцентристігін құруында, шығарма атауындағы
ЖЕ шығарманың басты идеясын ашуына, автор-
дың мәтннің концепт-идеясы мен жалпы проспек-
циясын іске асыруда септігін тигізуінде, антропо-
нимнен шыққан, яғни апеллятивтенген есім мә-
тінде жалпы композиция мен архи-тектоникасын-
да өзекті болып келетін күрделі символ-ұғым қыз-
метін атқаруында.
ЖЕ семантикасының жалпы ерекшелігі –
суггестивтілігі, яғни мәтін мен мәтіннен тыс ассо-
циациялардан туындаған әртүрлі коннотациялар
мен семантикалық компоненттердің жиынтығы.
Жеке-көркем мағынаның қалыптасуы ЖЕ семан-
тикалық композицияның барлық үш деңгейімен
синтагматикалық, парадигматикалық байланысы
мен қатынасында семантикалық өзара байланыс
негізінде болады. КМ ЖЕ эстетикалық өзгеріске
түсуіне себепкер болатын семантикалық конден-
сацияның үш сатысын бақылауға болады. Бұл –
көркем есім және мінез, есім және оқиға, есім
және әлеуметтік тип, есім және мезгіл: шығарма-
да көрсетілген дәуір, тарихи кезең контексті сияқ-
ты эстетикалық категориялардың қатынасы ар-
қылы қалыптасатын ЖЕ семантикасының жеке-
ленуі (индивидуализация), типтенуі және символ-
дануы. ЖЕ семантикалық трансформациясының
бұл сатылары ЖЕ семантикасында жеке мен
жалпының тілде, сөйленісте өзара қатынасы мен
көркем шығарма мазсұнының қоғам мен халық-
тың – тіл иелерінің мәдени өзін-өзі тануына енуі
арқылы қалыптасады.
КМ мен жазушының бүкіл шығармасында
жалқы есім саны әртүрлі болып келуі мүмкін.
Барлық ЖЕ ономастикалық кеңістікті немесе
мәтін ономастиконын құрайды, ол ЖЕ разрядта-
ры мен басқа да белгілеріне қарай бірнеше топ-
тарға бөлінеді. Ономастикалық кеңістікке ЖЕ жа-
салған туындылар мен әртүрлі авторлық оккази-
онализмдер, есімдікті субституттар, перифраз-
дар кіреді.
Мәтін ономастиконы, оның құрамы, ЖЕ
таңдауы мен мәтін ішінде байланысы жанр заң-
дылығы мен жазушының көркемдеу тәсіліне,
әдеби шығарма түрі мен поэзия құрылысы, мә-
тіннің сюжеттік-тақырыптық мазмұнына сәйкес-
тігімен, жалқы есімнің эстетикалық мәніне тіке-
лей байланысты. Осы арқылы әр жазушының өз
«ономастикалық әлемі» болады және де ол
басқа да тілдік құралдар сияқты жазушының
көркем идеясын білдіреді. «Ал бұл «ономастика-
лық әлем» органикалық түрде көркем шығарма-
ның ішкі әлеміне кіреді, оның бірліктері болмыс-
ты суреттеу үшін қызмет атқарады және бір бірі-
мен жүйелі түрде байланысып, көркем шығарма
кезеңі мен кеңістігінде өмір сүреді», - дейді Д.С.
Лихачев [4].
Авторлық қолданыстың жалпы жүйесімен
байланыстан басқа ЖЕ кез келген көркем мә-
тінде өзекті болады, яғни олар әркез бір нәрсе
туралы ақпарат береді, өзінің көркемдеуші қыз-
метін атқара отырып, әртүрлі коннотативті мағы-
наға ие болады. Әдебиет ономастикасын зерт-
теуші әр атаудың семантикалық жағынан жұмбақ
екенін және оны ЖЕ жалпы тілдік және халық са-
насындағы мәдени-психологиялық коннотация-
лары мен жазушының эстетикалық міндеттеріне
сүйене отырып ашу керектігін естен шығармау
керек. Әдеби шығарма құрамына таңданып, енгі-
зілген жалқы есім қызметіне сөздің көркем-бей-
нелік мағына ерекшелігі кіреді. Олар мағыналы
және әлеуметтік ерекешелікке ие.
Мәтіннің ономастикалық кеңістік белгісі ре-
тінде поэтикалық есімнің көркемдік мәні оның
формасында (фонетикалық, морфологиялық) да,
номинативті, әлеуметті-коннотативті, сөзжасам-
дық, мәтін түзушілік, эстетикалық мағынасында
болады. Сонымен бірге ономастикалық кеңістікті
жүйелі талдау қиындығы КМ ЖЕ семантикасына
ықпал етуші барлық ономастикалық білімге автор
ие болу керектігінде.
Жеке автор стилі немесе бір шығарма ішін-
дегі ЖЕ зерттеу келесі параметрлер бойынша
топтастырылған ономастикалық құралдарды то-
лық талдаудан басталады. Біріншіден, мәтіннің
ономастикалық кеңістігіндегі ЖЕ денотативтік ма-
ғынасы бойынша. Біз онда стилистикалық мағы-
налық пен жиі қолданысы бойынша маңызды
орынды алатын антропонимдер – топонимдер
(гидронимдер); топонимдер – урбанонимдер;
антропонимдер – зоонимдер; ақиқат антропоним-
дер – мифонимдер (теонимдер); хрематонимдер
– тауар белгілері сияқты қарама-қарсы онимдер-
дің тақырыптық разрядтарын аламыз. Антропо-
нимдерде: жеке тұлға есімі – тегі; кісі есімі + тегі
– лақап аты; кісі есімі - әкесінің аты т.б. болып
бөлінеді.
ЖАС ҒАЛЫМНЫҢ МІНБЕСІ
184
Аталған бірліктер КМ ономастикалық кеңіс-
тігінің өзегін құрайды, сонымен қоса олар оно-
мастикалық кеңістіктің шектік кеңістігін құрайтын,
мәтін ішінде талдауды қажет ететін басқа да оно-
мастикалық атаудың мәтін ішіндегі құралдары-
мен тығыз байланысты болады. Дегенмен көр-
кем мәтін номинациясының тек окказионалды құ-
ралдары қолданылатын көлемі кішкентай көркем
шығармалар да кездеседі. Сондықтан да екінші
қарама-қарсылық – КМ көркем номинация тәсілі
- ономастикалық узуалды лексикалық құралдар
мен окказионалды, мәтін ішіндегі, жеке автор
қолданысындағы атауларға қарсы қойып тал-
дауға мүмкіндік береді.
Әдебиет ономастикасында антропонимдер
– кейіпкерлерді және шығарма ішіндегі басқа да
аталған тұлғаларды атауда әртүрлі тәсілдер мен
варианттары көбірек зерттелген. Антропонимдік
лексика кез-келген КМ ономастикалық кеңістігінің
өзегіне жатады.КМ ономастиконындағы ЖЕ қа-
растырудың үшінші жағы – халықтың ұлттық
атауына қатыстылығы бойынша, мұнда бірнеше
қарама-қарсы түрлер бөлінеді: ақиқат – ойдан
шығарылған, ал ақиқат атаулар өзіміздікі – бөтен
болып бөлінеді; ескі – жаңа; жиі қолданылатын –
жиі қолданылмайтын.
КМ біртұтас, эстетикалық ұйымдастырыл-
ған жүйесінде ономастикалық лексика қолданы-
сының келесі түрлері бөлінеді:
1)
Жалпы қолданыста барлық әлеумет-
тік-сөйленім коннотациясын сақтаған және нақты
атау иесіне тиесілі, дәуірдің нақты есімдер жина-
ғынан алынған есімдер мен атаулар. Олар негізі-
нен тарихи және мемуар-биографиялық жанрда-
ғы шығармаларда көптеп кездеседі. Мысалы,
Абылай хан, Кеңесары, Амангелді Иманов, Оты-
рар, Сайран, Алтын Орда, Шыңғыс хан, Ақсақ Те-
мір, Ұлықбек т.б.
2)
Мәтін ішінде жаңа объектке тағылған
жалпы қолданыстағы есімдер мен атулар (кейіп-
кер, қала, ауыл т.б.). Мұны мәтін ішіндегі трансо-
нимизация деп айтуымызға болады.
Басты кейіпкерлерді атауда автор шығар-
машылығының ролі туралы біздің көзқарасымыз
мәтін ішіндегі көркем-эстетикалық мәні, кейіпкер,
дәуірмен ассоциативті және тығыз байлынысына
қатысты болады.
3)
Белгілі бұрын басылып шыққан әде-
биет атауларының (кейіпкер, жазушы) жаңа
кейіпкер (ұқсас) атаулары ретінде қолданысы.
Бұл көркемдеуші тәсіл стилистика мен поэтикада
«аллюзия» және әдебие реминисценция (жаңа
типтер мен кейіпкерлерді бейнелеуде белгілі
ономастикалық атауды қолдану) деп аталады.
4)
Авторлық түрлендірудің төртінші түрі –
жартылай ақиқат есімдер мен атаулар, яғни та-
рихта болған ақиқат есімдер мен тектерді автор-
дың фонетикалық өзгертіп тілдік модельдерге са-
лып, қолдануы. Бұл жағдайда жазушы протоним
(нақты тарихи атау) арқылы криптоним – ойдан
шығарылған кейіпкерді атау үшін жасырын
ономастикалық атауды жасайды.
5)
Автордың
белгілі
бір
модельдер
бойынша семантикасы айқын, ішкі формасы
«сөйлейтін» есім, тегі мен лақап аттары. Сөз се-
мантикасы, тура уәжділік мұндай атауларда
әлеуметтік-анықтаушы қызметін атқарады, кейіп-
кердің басты ісін, мінезін айқындайды. Мұндай
«тура сөйлейтін» есімдердің қолданысы әдеби
классицизм дәуірінен бастау алады, орыс әде-
биетінде ХҮІІІ аяғы мен ХІХ ғасырдың басынан
комедия мен мысалдарда кездессе, қазақ әде-
биетінде сонау ислам дінін қабылдағаннан бас-
тау алады десек те болады, мәселен Қарабай,
Атымтай Жомарт, бертін келе Шығайбай,
Алдар көсе, Судыр Ахмет т.б.
Уәж (мотив) – тілдік құбылыс ретінде бір
белгінің атау арқылы көрсететін акті, атау берер
алдында қолданылатын ең маңызды сатысы.
Уәждену лексикологияның сөз бен ұғымның
атау беру кезіндегі байланысын, сонымен қатар,
сөздердің уәждену қалпын қарастыратын белгісі
[5]. Сонымен, уәж атауда көрсетілген бір зат-
тың ерекшелік белгісі. Ат қоюда өмір шындығы
мен тұрмыс тіршілігімен сабақтасып жатқан бел-
гілі бір затты танып білуде ажыратқыш белгілерді
қолдануы жайында Ж.А.Манкеева былай атап
көрсеткен: “Қандай да болмасын заттың атауы
тек атап қана қоймай, сонымен қатар, оны таны-
тады. Ал тану, я анықтау белгілі бір халықтың та-
рихи даму жағдайы аясында іске асқандықтан ол
тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға бай-
ланысты әр түрлі болады.
Әр түрлі ұжым бір затты өзінің күнделікті
тәжірбиесінде кездесіп қолданылатын жағынан
танылып, оны өзіне таныс құбылыстармен бай-
ланыстыратыны белгілі. Яғни ат қоюда (номина-
цияда) өмір шындығы мен тұрмыс болмысы тіл
фактілеріне айналып, халықтың тұрмыс тіршілігі,
тәжірбиесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі әр түрлі
заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді.
Осының негізінде ол затты танып, біліп, оны бас-
қалардан ажыратып танығаннан кейін барып ат
қояды. Мұндай ажыратқыш белгілер әр түрлі бо-
луы мүмкін. Мысалы, түрі-түсі, қызметі, көлемі,
орналасқан орны, басқа затқа қатысы, т.б. әр
түрлі ішкі және сыртқы қасиеттер. Тіл білімінде
ол белгілерді уәждер (мотивтер) деп атайды.
Уақыт өте келе ол белгілердің көбі өзгеріп, кө-
мескіленіп, әртүрлі тарихи, әлеуметтік, экономи-
калық жағдайларға байланысты ұмытылуы да
мүмкін. Бірақ атау тілде өмір сүре береді” [6].
Н.В.Подольскаяның анықтауынша, уәждел-
ген деп кез келген жалқы есiмдердiң атау беру-
дегi уәждi ашуға мүмкiндiк беретiн негiзi бар, кiш-
кене де болса елең беретiн мағынасы бар атау-
ларды айтады. Атаудың уәжi объектiге атау таң-
даудағы экстралингвистикалық себептерi болып
табылады. Ономастикалық материалдың уәждi
және уәжделмеген деп бөлiнуi дәстүрлi. Бұл қа-
тынастардың дамуы жайында лингвистикада, со-
нымен қатар, ономастикада жазылған еңбектер
көп. Олар В.Т. Топаров, А.Н.Ященко және т.б.
ғалымдардың еңбектерiнде бейнеленген [7-8].
ТРИБУНА МОЛОДОГО УЧЁНОГО
185
Шығу тегі айқын, ішкі формасы «сөйлейтін»
ЖЕ КМ тура уәжді болып келеді, яғни аталған
кейіпкер, әлеуметтік тип, мінезі атау семантикасы
немесе формасы арқылы «тура анықталатын»
болып табылады. Мәселен, Көңбай, Малсақ
қызы Дариға, Шомбал қызы Талиға,бригадир
Қоғамбай, Көзіне оның көз жетпейтін бұл ауылда
тең келер, Сондықтан да Танакөздеп атайтұғын
жеңгелер (М.Шаханов), Талысбай, Келімбай
(К.Әзірбаев) т.б.
Лақап ат – КМ антропонимиясында тура
немесе жанама семантикалық мағыналы ең уәж-
делген түрі. «Сөйлейтін» тегі мен лақап аттарын-
да бағалауыштық стилистикалық экспрессия эти-
мологиялық мағынаның атауда айқын болуынан
шығады. Бұл туралы В.А. Никонов жақсы жазған:
«Сөйлейтін», «мағыналы» есімдер туралы көп
жазылған. Бұл терминдер лексикалық негіздің
этимологиялық мағынасы кейіпкердің мінезін
бірден ашады: Правдин, Свиньин, Скотинин …
Бұл есімдер зұлымның немесе орта ғасырлық
театр кейіпкерінің бетпердесі сияқты, көрермен-
дер бірден кейіпкердің қандай екенін аңғарады.
Мұндай тура мінездеме ХҮІІІ ғасырдың екінші
жартысындағы орыс комедиясында көп кезде-
седі»[3].
Т. Жанұзақ «Қазақ есімдерінің тарихы»
атты кітабында: «Көркем әдебиетті, әсіресе, жаз-
ба әдебиетті дамытуда фольклордың маңызы
орасан зор. Ал халық антропонимиясын байыту-
дағы фольклордың орны тым ерекше. Ондағы
кейіпкерлердің есімдері мен образдары бүгінгі
ұрпақтарға жетіп, өмірде, күнделікті тұрмыста әлі
де кеңінен қолданылып жүр» - дей келе, А.М.
Горькийдің фольклор туралы, ондағы кейіпкер-
лер жайында, олардың есімдерінің лингвисти-
калық табиғаты жөнінде айтқан пікірін келтірген
[9, 24].
Әдебиеттер:
1. Щерба Л.В. Языковая система и рече-
вая деятельность: Опыт общей теории лексиког-
рафии. –М., 1974. –С. 34, 269.
2. Кухаренко В.А. Интерпретация текста.
–М., 1988. - С. 101-110.
3. Никонов В.А. Имена персонажей. –М.,
1965. - С. 413.
4.
Лихачев Д.С. Внутренний мир худо-
жественного произведения //Вопросы литера-
туры. - 1968. - № 8.
5.
Гинатулин М.М. К исследованию моти-
вации лексических единиц на материале наиме-
нований птиц. Автореф. дисс…к.ф.н. -Алма-Ата,
1973. - С. 64.
6.
Манкеева Ж.А. Мәдени лексикалық
ұлттық сипаты. –Алматы: Ғылым, 1997. - 148 б.
7.
Топоров В.Н. Некоторые соображения
в связи с построением теоретической топони-
мики // Принципы топонимики. -М.,1964. - С. 35.
8.
Ященко А.И. Лингвистический анализ
микротопонимов определенного региона. –Во-
логда, 1977. - 146 с.
9.
Жанұзақов
Т.
Қазақ
есімдерінің
тарихы. –Алматы: Ғылым, 1971. - 218 б.
Резюме
В
данной
статье
рассмотрены
парадигматические
аспекты
изучения
онимов
художественного текста.
Resume
This article is studying the pragmatical aspects of studing the homonyms of artistic text
УДК 619: 615, 849, 19;
ТҰЯҚ АУРУЛАРЫНА ШАЛДЫҚҚАН СИЫРЛАРДЫ ШАРУАШЫЛЫҚТА
ҚАБЫЛДАНҒАН ӘДІСПЕН ЕМДЕУДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Джакипов Е.С. - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универститетінің
ветеринария және мал шаруашылық технологиясының магистранты
Мазмұндама
Мақалада Алматы облысындағы шаруашылықтарда ірі қара малының тұяқ ауруларының
жалпы қабылданған емдеу нәтижелері жөнінде деректер келтірілген. Емдеу шараларының қан
құрамының және клиникалық көрсеткіштердің динамикасы жөнінде деректер келтірілген.
Негізгі ұғымдар: ірі қара мал, тұяқ, тұяқ аурулары.
Тақырыптыңөзектілігі.
Шаруашылықтарда өткізілетін алдын-алу-
шараларына қарамастан, елімізде қазіргі уақыт-
қа дейін мал шаруашылықтарында жұқпалы
және жұқпалы емес – акушерлік және хи-рургия-
лық аурулар кеңінен таралуда.
Ал хирургиялық аурулардың ішінде негізі-
нен тіркелетіні түрлі жарақаттар мен тұяқа урула-
рын айтуға болады.
Тұяқ ауруларының кеңінен таралуы және
емдеу мерзімінің ұзақтылығы мен қиындығы осы
мәселені шешуге бағытталған жаңа емдеу – ал-
дын алу шараларын іздестіруді қажет етеді.
|