Мобильді байланыс желісі



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі179,26 Kb.
#12273
1   2   3   4
Байланысты:
(Беспровод)13(1) Мобильді байланыс желісі

Көшпелі станса
Цифрлық көшпелі станцияның (КС – подвижная станция – ПС) блок-схемасы 2.4 суретте келтірілген. Оның құрамына: басқару блогы, қабылдау-тарату блогы, антеналық блок енеді.

Басқару блогы микротелеондық түтқыш (микрофон және динамик), қлавиатураға және дисплейге ие. Клавиатура шақырылатын абоненттің телефон номерін және КС жұмыс режимын анықтайтын командаларды теруге арналған.  Дисплей құрылғы көрсететін түрлі  информацияны және станцияның жұмыс орындауына байланысты бейнелерді көрсетуге арналған.

Қабылдау-тарату блогы таратушы, қабылдағыш, жиіліктерді синтездеу және логикалық блоктарға ие.

Таратқыш құрамына мыналар кіреді: АСТ (АЦП) – сигналды микрофон шығысынан сандық түрге түрлендіреді және барлық кейінгі өңдеу мен сөз сигналдарын тарату сандық түрге түрленеді; сөз кодері – сөз сигналын кодтауды жүзеге асырады, яғни сандық формаға ие сигналды оның артықшылығын қысқарту мақсаттағы нақты заңдармен түрлендіру; канал кодері – сөз кодерінің шығысынан алынатын сигналды байланыс линиясы бойымен тарату кезіндегі қателерден қорғауға арналған қосымша (артық) ақпаратты сандық формаға қосады; дәл сол мақсатпен ақпарат белгілі қайта орауға (жинауға) ұшырайды; сонымен қатар канал кодері таратылатын сигнал құрамына логикалық блоктан келіп түсетін басқару ақпаратын енгізеді; модулятор – кодерленген бейнесигнал ақпаратының тасымалдаушы жиілікке орын ауыстыруын жүзеге асырады.


2.4 Сурет. Жылжымалы станцияның блок-схемасы


Қабылдағыш құрамы жағынан таратқышпен бірдей, бірақ оның блоктарына енетін функциялар кері; демодулятор – модульденген сигналдан ақпарат тасушы кодталған бейнесигналды бөліп алады; канал декодері – кіріс ағыннан басқарушы ақпаратты бөліп алады және оны логикалық блокқа бағыттайды; қабылданған ақпарат қателердің бар-жоқтығына тексеріледі, және табылған қателер түзетіледі; келесі өңдеуге дейін қабылданған ақпаратт кері қайта орауға (кодерге қатысты) ұшырайды; сөз декодері – оған канал кодерінен келіп түсетін сөз сигналын өзіне тән артықшылығымен, бірақ сандық түрде табиғи формасына  қайта қалпына келтіреді; САТ – қабылданған сандық сөз сигналын аналогты формаға түрлендіреді және оны динамика кірісіне жібереді; эквалайзер – көпсәулелі кеңістік таралу салдарынан сигнал ауытқуларының бөлшектік компенсациялануы үшін қызмет атқарады; шын мәнінде ол жіберілетін сигнал құрамына кіретін символдардың үйретілетін тізбегіне бапталған адаптивті фильтр болып табылады; эквалайзер блогі функцияналды қажетті болып табылмайды және кейбір жағдайларда болмауы да мүмкін.

Логикалық блок – бұл жылжымалы байланыс  (ЖБ) жұмысын басқаруды жүзеге асыратын микрокомпьютер. Синтезатор ақпаратты радиоканал бойымен тарату үшін арналған тасымалдаушы жиілік тербелісінің көзі болып табылады. Гетеродин мен жиілік түрлендіргішінің болуы тарату және қабылдау үшін түрлі спектр участогының (жиілік бойынша дуплексті бөлу) қолданылатындығымен келісілген.

Антенналық блок антенна (қарапайым жағдайда төрттолқынды найза ) мен қабылдау/тарату коммутаторынан тұрады. Сандық станция үшін соңғысы – антеннаны не таратқыш шығысына қосатын, не қабылдағыш кірісіне қосатын электрондық коммутатор болуы мүмкін, себебі сандық жүйенің ЖБ-сы  ешқашан да бірмезгілде қабылдау мен таратуға жұмыс жасамайды.

Жылжымалы станцияның блок-схемасы (2.4 сурет) оңайлатылған болып табылады. Бірақ онда күшейткіштер, селектрлейтін тізбектер, синхрожиілік сигналдарының генераторлары және олардың ажырату тізбектері, қуаттың тарату мен қабылдауға басқару схемалары, белгілі жиілік каналында жұмыс жасауға арналған генератор жиілігін басқару схемасы және т.б. көрсетілмеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет