«Мобильді оқыту» деп – мобильді құрылғылардың көмегімен кез келген уақытта, кез келген жерден білім алуды айтамыз».
Мобильді оқытуды білім саласына енгізу жобаларын жүзеге асыруда түрлі мобильді құрылғылардың: смартфондар, mp3 плеерлер, планшеттер, дауысты құралдардың дидактикалық мүмкіндіктері зерттеліп, білім алуға оңтайландырыла бастады.
«Мобильді оқыту» - білім беруде педагогтердің жұмысын жеңілдетуші, мүмкіндіктерін кеңейтуші, білім тереңдігін күшейтуші технология және негізгі оқыту формасына қосымша көмекші құрал деп те қарастырылады.
«Мобильді оқыту» «қашықтықтан оқыту» ұғымымен тығыз байланысты. Себебі, оқытушы мен оқушының арасындағы қарым‑қатынас формасы қашықтықтан орындалады, оқу үдерісінің компоненттері толық қамтылады. Мобильді оқытудың оқыту формасының қашықтықтан оқытудан өзгешелігі, мобильді оқыту технологиясы оқу үдерісін нақтылайды, яғни оқушы өзінің білім алуына қатысушы белсенді болады
Мобильді құрылғыларды қолдану неліктен тиімді:
- оқу үдерісіне қатысушылар: оқушылар өзара және оқытушы үйреншікті, ыңғайлы құралдарымен әрекеттеседі;
- сыныпта бірнеше компьютер қойғаннан гөрі, қолда бар мобильді құралдарды пайдалану ықшам және тез;
- мобильді құрылғыларда жүктелген электронды контенттермен жұмыс істеу, қағаз оқулықтар мен компьютерді қолданудан гөрі жеңіл және жылдам. сенсорлық экран арқылы жұмыс істеу клавиатураны қолданудан ыңғайлы;
- мобильді құрылғыларға арналған кроссплатформалық қосымшаларды (WhatsApp, Viber, Telegram) пайдалану арқылы оқушылар мен оқытушы ортақ істелетін тапсырмамен жылдам бөліседі, топ ішінде ақпараттарды бір мезгілде және әркім өзінше өңдей алады;
- кез келген уақытта, кез келген жерден білім алуға мүмкіндік бар;
- жаңа технологиялық құрылғылар: смартфондар мен заманауи гаджеттер оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады.
Неліктен «мобильді оқытуды» енгізу білім беру үшін тиімді:
- «мобильді оқыту» – жеке тұлғаға бағытталған. Оқушылар өздерінің қойған мақсаттарына сәйкес, қажеттілігін қанағаттандыратын білім мазмұнын таңдау мүмкіндігіне ие болады;
- білімді меңгеруге икемді құрал арқылы, жылдам қол жеткізу оқушының еңбегін өнімді етеді;
- өзінің сұранысын қанағаттандыратын контентке жылдам қол жеткізу. Оқушылар сабақтан тыс уақыттардарын тиімді пайдаланады, мобильді құралдары арқылы алыстан бірлесіп білім алуға мүмкіндік бар.
Мобильді құрылғылар пайдаланушыларға арналып жасалған арнайы бағдарламалар арқылы Word, Power point, Excel – Office файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастырушы жайлы интерфейсті платформалар қосымшалары сұранысқа ие. Білім алуға арналған шет тілдерін үйрену бағдарламалары көптеген аудио- және бейне- курстар мен электронды кітаптармен жабдықталған.
Мысалы, Япония және Қытайдың бірқатар университеттері осы бағытта табысты білім беру әдіс-тәсілдерін қолданады. Қоғамды ақпараттануға бағыттайтын оқушы үшін білім алу траекториясын өзі басқаратындай орта жасап шығарған осындай жобалар болашағы зор деп бағалануда. Nokia фирмасының Қытайда ұйымдастырған Mobiledu жобасы ағылшын тілінде түрлі пәндерді оқыту үшін сапалы контенттерімен жасақталып, мобильді нұсқасы 20 млн. астам оқушыларға ұсынылды және олардың білім алуын қамтамасыз етуде.
Мобильді құрылғыларға бейімделіп әртүрлі пәндерден электронды оқулықтар құрастырылған және оларды арнайы Java-қосымшалары арқылы жүктеп алуға болады. Заманауи технологияларды қолдану арқылы жылдам және сапалы ойын бейнесінде бағдарланған электронды оқу құралдары қазір оқушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Білімді тексеру үшін түрлі тестілеу бағдарламалары да пайдаланушылардың сұранысына ие. Электронды ағылшын тілінің сөздігі, калькуляторлар, түрлі пәндерге қосымша шпаргалка бағдарламалары бүгінде әрбір оқушының мобильді құрылғысына жүктелген. ҰБТ-ге дайындалу бағдарламаларын да осы топқа жатқызуға болады.
Айтест . былым ленд . жоо кз фотомаз
Достарыңызбен бөлісу: |