Металл корпус
Металл смартфондарды өндіру кезінде қолданылатын қымбат материалға жатады.
Көбінесе смартфондарды жасау үшін алюминий, ал ішкі құрауыштары үшін болат немесе магний қолданылады.
Шыны корпус
Смартфон корпусын жабу үшін шыныны материал ретінде қолдану соңғы жылдары кеңінен таралуда. Әдетте, смартфондарды өндіру кезінде қыздырылған, алюмосили-катты шыны қолданылады. Смартфондарға арналған ең танымал шыныны өндіруші – Corning компаниясы. Осы брендтің мықты шынылары экрандарды қорғау үшін де, гаджеттердің артқы панельдері ретінде де қолданылады.
Экзотикалық материалдардан жасалған корпус
Кейбір брендтер өздерінің ерекше модельдері үшін кейде ағаш, былғары, бамбук, нейлон, т.б. сияқты көп таралған материалдарды қолданады. Әрине, мұндай материалдардың функционалдығы – екінші мәселе. Экзотика дегеніміз – бұл ең алдымен, дизайнерлік ойдың ұшқырлығы, эстетика және сыртқы түрдің тартымдылығы.
Пластик корпус
Бүгінгі таңда пластик – бағасы қолжетімді, мықты смартфондарды өндірген кезде қолданылатын номер бірінші мате риал. Түрлі қорытпалардың алуан түрін атап өтуге болады: классикалық ABS-пластиктен бастап көмір пластикке дейін бар. Алайда мобильді құрылғылардың корпустарын жасау кезінде көбіне поликарбонат қолданылады.
Өндірушілер смартфондардың корпусын дайындау үшін, негізінен, төрт түрлі материал қолданады:
• пластик;
• металл;
• шыны;
• экзотикалық материалдар.
Материалдардың әрқайсысына тоқталайық.
Қазақты дерек
Өз заманындағы ең танымал былғары смартфондардың бірі LGG4 болды. Гаджеттің корпусы қолдан өңделген табиғи былғарымен қапталған. Артқы панельдің ерекше жылтыры екі рет қайып тігілген тігіс түрінде болды. Алайда іс жүзінде былғары сызаттар мен тозуға төзімсіз, тез ескіретін болып шықты.
OnePlus компаниясы One деген үлгісіне бамбуктен жасалған қақпақ жасап, өз үлгілеріне айрықшалық беруді ұйғарды.
Runcible – табиғи ағаш қолданылған смартфонның тәжірибелік үлгісі. Корпусы экзотикалық материалдан жасалған гаджет дөңгелек пішінімен де ерекшеленді. 2015 жылы Moto Maxx атты эксперименттік көшбасшысын шығарған Motorola компаниясы смартфонның корпусын дайындау жағынан бәрінен озып кетті. Оның негізгі «ерекшелігі» баллистикалық нейлон корпусы болды. Мұндай арнайы тоқылған мата, әдетте, бронды кеудеше және дулыға өндірген кезде пайдаланылады екен. Ал смартфонға пайдаланылған кезде гаджеттің беріктігіне баса назар аударылыпты.
(Ақпараттық порталдың материалдары бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |