Картаға арналған слоттар Бір уақытта телефонға орнатуға болатын SIM-карта саны.
«Көпкарталы» құрылым бір аппаратқа бірнеше телефон нөмірін, яғни жеке және жұмыс нөмірін, қоңыраулар мен Интернетке, т.б. арналған жеке пакеттерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай телефон түрлерінің ішіндегі ең танымалы – 2 SIM-карталы үлгілер. 3 слоты бар телефондар, тіпті 4 слоты бар «сим-карталар» бар, бірақ олар әлдеқайда сирек кездеседі, өйткені нөмірлердің мұндай саны онша сұранысқа ие емес.
SIM + SIM/microSD слоттарының жиынтығы бар үлгілер бір төбе. Онда екі слоттың біреуі SIM-карта үшін пайдаланылады, ал екіншісі SIM-карта және microSD жад картасы ретінде орнатылуы мүмкін. Осылайша, телефон иесі екі SIM-картаны немесе SIM-карта мен жад картасын бір мезгілде пайдалана алады. Бұл телефонмен жұмыс істеу мүмкіндігін төмендетеді, алайда оның құрылымын біршама жеңілдетіп, бағасын арзандатады.
Байланыс стандарттары Қазіргі заманда әртүрлі буынға қатысты бірнеше стандарт қолданылады: CDMA, GSM, 3G, 4G, 5G.
Олар сипаттамалары бойынша да, әртүрлі елдерге таралуы бойынша да ерекшеленеді. Қазіргі уақытта ең маңыздылары – 3G, 4G, 5G стандарттары.
Тапсырма
Экранды өндірудің негізгі технологияларын белгіле.