Мобильді технология ұялыбайланысүшінқолданылатын технология


Билет №16 1. App Inventor-дағы блок түрлері



бет42/92
Дата23.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37247
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
Билет №16
1. App Inventor-дағы блок түрлері

App Inventor-да бағдарламалау үдерісі Scratch-қа ұқсас. Блоктарды бір-бірімен қосу үшін дөңестер (кілт, шығыс) мен ойықтар (құлып, кіріс) қолданылады.



2.1-сурет. Блок қосылатын жерлер
Блоктарды көлденеңінен қосу
Блоктың оң және сол жағындағы кірістер мен шығыстар оларды дерек алмасу мақсатында қосу үшін қолданылады. Блоктағы кірістердің санына қарап оның неше параметр қабылдай алатынын (қосылатын блок санын) көре аламыз, ал шығыс саны оның басқа блокқа неше параметр бере алатынын көрсетеді. 2.2-суреттегі ортадағы блок екі параметр қабылдап, бір параметр береді.

2.2-сурет. Блоктар арасында дерек жіберу

Егер блоктың сол жақ жоғарғы бұрышында тегершік (шестеренка) белгісі тұрса (2-суреттегі ортадағы блок), кіріс параметрлер санын өзгертуге болады дегенді білдіреді. Белгіні басып панельді ашып, онда опция блоктарын нысаналы блокқа көшіруге немесе одан шығаруға болады. Көлденең кірістер мен шығыстардың болу/болмауына қарай блоктарды мынадай түрлерге ажыратады:



  1. Бітеу (кірісі де, шығысы да жоқ);

  2. Тек оқуға арналған (тек шығысы бар) – ондағы деректерді тек оқуға болатын блок;

  3. Тек жазуға арналған (тек кірісі бар) – деректерді жазуға ғана болатын блок;

  4. Оқу мен жазуға арналған (кірісі де, шығысы да бар) – деректерді оқуға және жазуға болады. Бұл блоктардың кейбіреулері адаптерлер немесе түрлендіргіш бола алады. Олар деректі қабылдап, олармен белгілі бір әрекет жасап, сосын әрі қарай жібереді.




2.3-сурет. Деректермен жұмыс істеу мүмкіндіктеріне қарай блок түрлері
Кей кездері болмаса, блоктар арасындағы деректер алмасу көбіне оңнан солға қарай жүзеге асады: сол жақтағы блок оған сол жақтан келіп қосылатын блоктар деректерді қабылдайды. Бұл үлгінің бір нәзік тұсы бар. Суретте екі параметрді қабылдайтын additemstolist блогы көрсетілген– list (тізім) және item (опция). Бұл блок опция мәтінін қабылдап алады және оны тізімге қосады. Шығысты, оған тізімді біріктіру үшін қосқан ақылға қонымдырақ болар еді, алайда ол жоқ, сол себепті мұндай блоктар жұмысын келесідей қабылдаған жөн: олар шығыс деректерін алады, ал деректер алмасу бойынша әрекеттер солардың ішінде жүзеге асады.
Блоктарды дұрыстар жалғастыру үшін блок күтетін параметр түрінің оған берілетін параметр түрімен (аргумент) сәйкес келуі қажет. Егер блок санды алуды күтетін болса, ал оған жолды қайтаратын блокты жалғаса, онда қосылыс жүзеге аспайды. Бір жағдайларда түрлердің түрленуі автоматты түрде жүргізіледі, ал басқа жағдайларда оны нақты блок-адаптер көмегімен орындау керек. Мысалы, түрдің автоматты түрленуі тізім блогына index кірісіне қарай саннан басталатын мәтіннің блогын қосу кезінде жүзеге асырылады. Осының арқасында, мысалы, бір сөзбен бөлгішті пайдаланбай –ақ бірден екі параметрді беруге болады, мысалы, осылай:12Бұл жол
Мұндай жазба 12 индексімен тізім элементіне «Бұл жол» мәтінін беру қажеттігін нұсқауы мүмкін. Мәтінді индекстен бөлу үшін сан болып табылмайтын жолдың басынан белгі нөмірін табу керек, ал содан кейін осы позициядан жол соңына дейін жолды таңдау қажет.
Компонент блогын тікелей пайда болатын хабарламаның суреті блогына қосу мүмкін емес, себебі біріншісі объектіні қайтарады, ал екіншісі жолды қабылдайды. Яғни, объектіні жолдық түрге келтіру қажет. Бұл үшін компонент блогы хабарламаға объектінің жолдық көрінісін беретін тізім жасау блогымен қосылады (2.4-сур.).

2.4-сур. “Объект” түрінің “жол” түріне түрленуі
Бұл жағдайда тізім блогы тізім жасау үшін емес, түрді түрлендіргіш ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет