Мобильді технология ұялыбайланысүшінқолданылатын технология


Мобильді оқыту технологиясы



бет89/92
Дата23.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37247
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
Билет

Мобильді оқыту технологиясы

Мобилді оқытуды ұйымдастыру білім беруде жаңа технология ретінде қарастырылады. Мобилді оқытудың әдебиетте [3] келесі санаттары көрсетілген: 


 Технологиялық мобилді оқыту (Technology-driven mobile learning) - Кейбір нақты технологиялық инновациялар техникалық мүмкіншілік пен білім беру мүмкіндіктерін 
көрсету үшін академиялық ортада пайдаланылады. 
 Миниатюралық, бірақ тасымалданатын электрондық оқыту (Miniature but portable e-learning) – электрондық оқыту құралдарында пайдаланылатын мобилді сымсыз және портативті технологиялар бүгінде шешімдерді қабылдауда қолданылады. Мысалы, (VLE) сияқты виртуалды оқыту ортасына электрондық оқыту технологияларын көшіру, немесе жұмыс ортасының статикалық технологиясын мобилді технологияға алмастыру. 
 Аудиторияға байланысты оқыту (Connected classroom learning) - мұндай технологияны сыныпта бірлесіп оқытуды қолдау үшін басқа (интерактивті тақталар) 
технологияларды пайдалану. 
 Бейресми, жеке, ситуациялық мобилді оқыту (Informal, personalized, situated 
mobile learning) – бұл технология қосымша функциялармен күшейтілген, мысалы, білім беру 
қызметтеріне бағытталған бейнелерді жеткізу немесе жергілікті ақпараттандыру сияқты 
функциялар.
 Мобилді оқыту / тиімділікті қолдау (Mobile training/ performance support) – 
мобилді қызметкерлердің өнімділігі мен тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады, тікелей 
уақыт және олардың басымдықтары бойынша ақпарат беру және қолдау көрсетуді 
қамтамасыз ететін технология. 
 Қашықтық / ауылдық / даму үстіндегі мобилді оқыту (Remote/ rural/ development 
mobile learning) – дәстүрлі электронды оқыту технологиясы жұмыс істемейтін жерлердегі, 
білім беруге негізделген, қоршаған ортаны қорғау және инфрақұрылымдық проблемаларды 
шешу кезінде жиі қолданылады. 
Зерттеулері бойынша AppStore және Google play интернет дүкендеріне жүктелген қазақстандық мобилді қосымшалардың үздік 30 тізімі көрсетілген. Бұл тізім қосымшаларды құрылғыға ең көп жүктелгендігіне байланысты жасалды.Солардың ішінде жаңалықтар, хабарландырулар, банктер, көлік тасымалдарына арналған қолданбалар көп кездеседі. Мобилді оқытуға арналған қолданбалар өте аз яғни 0,6 пайызды 
құрайды.
Мобильді оқыту – дербес қалта құрылғыларын, смартфондар мен мобилді телефондарды оқыту материалдарымен қамтамасыздандыру мүмкіндігі болып табылады. Мобилді және портативті құрылғылардың қолжетімділігі және жаппай таралуының арқасында «алақандағы білім» идеясын жүзеге асыруға болады. Ұялы телефон білім беру материалдары бар ғаламтор сайттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді және қашықтан оқытуда да пайдаланылады. Ең көп таралған ғаламдық желіге қол жеткізу құралы ұялы телефон болып табылады. 
Электронды оқыту курстары, тесттер, практикалық жаттығулар мен қосымша оқу материалдары (сызбалар, фотосуреттер, аудио және бейне файлдар) бар арнайы сайттарға мобилді құрылғылар арқылы қолжетімділікті ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ білім берумақсатында электрондық поштамен алмасуға және ICQ, QIP жылдам хабар алмасу бағдарламаларының ұялы телефондарға арналған нұсқалары бар. Осылайша, мобилді оқытуда оқытудың барлық кезеңдерінде білім алушы үшін ақпараттық материалдармен алмасудың көптеген мүмкіндіктері қарастырылған, сонымен қатар, ол бүкіл оқу үдерісінде туындаған мәселелерді шешуге және бақылауға көмектеседі. 
Білім беру материалдары-бұл кез келген ақпарат түрлерінен тұратын және оларды дербес құрылғыда қол жетімді ететін цифрлық оқу материалдары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет