Мобильді технология ұялыбайланысүшінқолданылатын технология



бет84/92
Дата23.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37247
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   92
Дизайнер режимі
Дизайнер қолданба интерфейсін жасауға арналған. Бұл режим түрлі компоненттерді: батырмалар, мәтіндік өрістер, суреттер және т.б. орналастыру үшін қолданылады. App Inventor интерфейсі қарапайым және интуитивті. Ол мынадай негізгі элементтерден тұрады:
Палитра – қосымша компонентінің жиынтығы.
Көру – мобильді қосымшаның экраны.
Компоненттер – жобадағы компоненттер тізімі. Android құрылғысының түрлі датчиктеріне қосылуға арналған батырмалар, суреттер, мәтін, мәтінді енгізу өрістері, интерфейстер сияқты қолданбаның функционалдық элементтері: акселерометр, GPS (Global Positioning System), деректер қоры компоненттер деп аталады.
Акселерометр – ұшақ, ракета, кеме, автокөліктің және т.б. үдеу, баяулау шамасын көрсететін аспап.
Қасиеттер бөлімінде компоненттердің параметрлері мен қасиеттері көрсетіледі.
Медиа – пайдаланылатын медиафайлдар тізімі (суреттер, видео, аудиороликтер және т.б.)
Блоктар режимі
Блоктар мобильді қосымшаның логикасын және оның компоненттерін программалау үшін қолданылады, сендер таңдаған компоненттер пайдаланушының әртүрлі әрекеттеріне жауап береді.
Қосымшаларды жасау кезінде қолданылатын блоктардың негізгі топтары:

  1. Кірістірілген блоктар

Басқарутармақталу, цикл, бірнеше экранмен жұмыс істеу блоктары және т.б. блоктар.
Логика – қосымшадағы логикалық функцияларды пайдалану блоктары.
Математика – математикалық блоктар жиынтығы.
Мәтін – мәтіндік блоктар жиынтығы.
Массивтер – массивтермен, тізімдермен жұмыс істеуге арналған блоктар.
Түстер – түстермен жұмыс жасайтын блоктар.
Айнымалылар – глобальді және локальді айнымалылардың мәнін анықтауға және орнатуға мүмкіндік беретін блоктар.
Процедуралар – программа ішінде параметрлері бар немесе оларсыз рәсімдер мен функцияларды айқындауға мүмкіндік беретін блоктар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет