Кең мағынада модернизм - ішкі бостандық пен дүниеге деген айрықша көзқарасты бейнелеу тілінің жаңа кұралдары арқылы беру-жеткізубейнелеуді көздейтін "өзге, басқа, жаңа өнер" түрі. Философиялық мағынада модернизм - дәстүрлі қоғам идеологиясына қарсы тұратын құбылыс ретінде пайда болып, жанарулар мен өзгерістерге бағытталған идеологиялық ағым. Модернистік өнер XIX ғасырдағы романтизм мен XVIII ғ сентиментализмінің және XX ғасыр философиялық идеологиясының синтезінің нәтижесі болды. Модерн термині кең мағынада - сипаты ортақ түрлі тарихи дәуірлерді белгілеуге қолданылады.