Модернизмнің әлем мәдениетіне қосқан үлесі



Дата09.05.2022
өлшемі16,37 Kb.
#33083

Модернизмнің әлем мәдениетіне қосқан үлесі

Модернизм – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды.

Модернизмнің негізгі бастауы ретінде : А.Бергсонның - интуитивизмі,Э.Гуссерльдің - феноменологиясы,З.Фрейдтің психоталдауы,С.Кьеркегор, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Н.Бердяев, т.б. - экзистенциализмі танылды.

Модернизм жеке тұлға санасынрухани ауытқулар мен байланыстақарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінед ідеген пікірлерді алға тартты. Мысалы, Г.Марсель мен Ж.П.Сартрдың қоршаған әлемді қатыгез, қарама-қайшылыққа толы дейтін пікірлері. Э.Хемингуэй, У.Фолкнер, Г.Грин, Ф.Мориак, А.Миллерге модернизм әсеретсе, М.Пруст, Д.Джойс, Ф.Кафка, Р.Музиль, А.Белый, П.Валери, Ж.Жироду, Ж.Кокто, Ж.Ануй секілді суреткерлер осы ағымдарды ұстанды. Жалғыздық қасіреті, қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің Модернизм шығармаларында айрықша көрініс тапты. Алайда модернистік шығармаларда дағдарыс себептеріайқындалмады.

Модернизм өнердегі мифологиялық тәсілді жандандыруды көздеді. Мифтік ойлау арқылы қоршаған орта болмысын тану П.Валери, Т.С.Элиот, В.Иванов, В.Хлебников, У.Б.Йитс, А.Белый, т.б. шығармаларынан байқалды. Олардың туындыларын дамистикалық жүйе қалыптасып, кейіпкерлерін атты тарихи уақытта емес, өткен, келер шақтар түйісіп жататын мифологиялық уақытта өмір сүрді. Оқиға шартты түрде бірнеше сағаттарда немесе бір күнде өтті.

Модернизм ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалды. Онда адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы, қатыгездігі жайлы ойлар айтылды. М.Әуезов әңгімелерінде, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов шығармаларында трагедиялық бейнелер бой көрсетті. Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960 – 1980 жылдары қазақ әдебиетінде көбірек кездесті. Мысалы, Ә.Кекілбаевтың “Шыңырау”, “Аңыздыңақыры”, Д.Исабековтың “Сүйекші”, “Тіршілік”, О.Бөкейдің “Мұзтау”, “Жетімботасы”, т.б. шығармалар.



ПОСТМОДЕРНИЗМ – дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. «Қазіргі заман» ұғымының нақты бірқатаң анықтамасыжоқ. П. термині 1917 ж. бастап қолданысқа енген мен, оның кең таралуы мен терең түсінілуі 1960 ж. басталды. XX ғ. архитектурадағы стиль атауы ретінде пайда болып, ол кейін әдебиет пен өнердегі өзгерістерді, сол сияқты әлеумет.-экономикалық, технологиялық және саяси аймақтағы өзгерістерді сипаттау мақсатында қолданылды. Франц. философ, П.Ж. Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің негізінде П. термин-ұғым статусына ие болды. Ол П. туралыпікір-таласты философия мен мәдениет аймағына да таратты. Ол белгілі бір парадигманың үстемдігін жоққа шығарып, орталықсыздандыру принципін орнықтырды. Философияда П. онтология мүмкіндіктерінің сарқылғандығын түсінуретінде қалыптасады. П-тік эстетиканың принциптері лабиринт пен ризома болып табылады. П. – Батыста индустриалдық қоғамның орнына келген жаңа постиндустриалдық қоғамның серігіне айналды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет