Байланысты: Модернизмнің әлем мәдениетіне қосқан үлесі
Бұл мағынада "модерн" - мәдениетті дамытудың өзіндік дүниетанымдық жобасы ретінде қарастырылады. Оның басты мазмұны - ойлау мен әлеуметтік ұйымдастырудың рационалды тәсілдеріне - миф, дін, ескі түсініктер мен биліктің үстемдігінен азат ететін бірден-бір жол ретінде сеніп, оларды барынша дамыту .
Ағартушылық дәуірі адам ақыл-ойының шексіз мүмкіндіктері туралы толық сенімде болатын. Және мұндай мүмкіндік саясатта (озық білімді абсолютті монархия идеясы), философияда (И. Кант пікірінше, философ — бұл "адам ақыл-ой қызметінің ережелерін көрсетіп беретін заңгер"), өнерде (классицизм), табиғатынан парасатты ойға ие тіршілік иесі ретіндегі адам концепциясында іске асуға тиіс еді.
Яғни, болмысты акылға сүйене отырып рационалды түрде тәртіпке, ретке келтіруге ұмтылыс - жаңаевропалық дүние туралы картинада мәдениеттің өзіндік санасының өзегі ретіндел көрінді.
Модернизмнің кредосы оның өз атауымен беріліп тұр ("модерн" - "жаңа"), ол —жаңаны жасау.Осылайша, "модерн" деп, біріншіден, ХҮІІ-ХУШ ғасырларда қалыптасып, ХІХғ мен ХХғасырдың бірінші жартысында дамыған индустриалды қоғам мен мәдениеттің типін; екіншіден, осы кезеңге тән мәдениеттегі өзіндік таным тәсілін айтады.