Модернизм (лат. "mоdо"-"недавно"; "mоdегnus" - "қазіргі заманғы", француздың "mоdernе" - "современный", итальяндык "mоdеrnіsmо""қазіргі заманғы") - көркем творчестводағы тарихи тәжірибеден бас тартатын, өнер саласына дәстурлі емес жаңа бастамаларды ендіруге және қалыптастыруға, көркем формаларды үздіксіз жанартуға ұмтылатын, стильдің шарттылығымен сипатталатын, 19 ғасырдың екінші жартысы және 20ғ. басындағы өнер мен әдебиеттегі бағыт.
Тар мағынада модернизм - классикалық дәстүрді қайта саралаудың бастамасы болған авангардизмнің алғашқы басқышы ретінде қарастырылады.
Кең мағынада модернизм - ішкі бостандық пен дүниеге деген айрықша көзқарасты бейнелеу тілінің жаңа кұралдары арқылы беру-жеткізубейнелеуді көздейтін "өзге, басқа, жаңа өнер" түрі. Философиялық мағынада модернизм - дәстүрлі қоғам идеологиясына қарсы тұратын құбылыс ретінде пайда болып, жанарулар мен өзгерістерге бағытталған идеологиялық ағым. Модернистік өнер XIX ғасырдағы романтизм мен XVIII ғ сентиментализмінің және XX ғасыр философиялық идеологиясының синтезінің нәтижесі болды. Модерн термині кең мағынада - сипаты ортақ түрлі тарихи дәуірлерді белгілеуге қолданылады