A=x/m
Адсорбция (А) мен меншікті адсорбция арасындағы байланыс былайша өрнектеледі:
A=Г*SО
Берілген адсорбент пен адсорбтив үшін адсорбцияның шамасы адсорбтив газ күйінде болса темпиратура (Т) мен қысымға (Р), ал ерітінді болса темпиратура(Т) мен концентрацияға (С) тәуелді.
Көптеген зерттеулерде көрсеткендей адсорбция қайтымды процесс. Адсорбция жүретін беткі қабаттарда оргаласқан молекулалар аса мықты бекітілмеген. Олардың кейбіреулері адсорбенттің тартылыс күші әсер ететін шектен шығып кетуі мүмкін, яғни адсорбенттің бетінен бөлініп, өзі қоршаған ортаға кетуі мүмкін. Мұны десорбция дейді.Бұл екі құбылыс белгілі бір жағдайларда адсорбциялық системада тепе теңдік жағдайын тудырады:
адсорбция ↔ десорбция
Мұндай тепе теңдік жағдайда белгілі мерзім аралығында адсорбент бетінен бөлініп, басқа жаққа кеткен, яғни десорбцияланған бөлешктер санысы уақыт аралығында екінші ортадан бөлініп, адсорбцияланған бөлшкетер санына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |