2-есеп
Ісіну дәрежесі 250% тең 5 кг каучук қанша еріткішті сіңіреді?
Шешуі:
Сіңірілген еріткіштің мөлшері m - m0 тең.
сәйкес m - m0 табамыз:
Тапсырма 9
Берілген ісіну дәрежелерінде көрсетілген жоғары молекулалық қосылыстар қанша мөлшерде еріткішті сіңіретінін есептеңдер.
Кесте 8 - Берілген ісіну дәрежелері
№ п/п
|
Жоғары молекулалық заттар
|
Еріткіш
|
Ісіну дәрежесі α, %
|
9.1
|
0,1 кг желатин
|
Су
|
120
|
9.2
|
0,2 кг резеңке
|
Бензол
|
150
|
9.3
|
0,3 кг каучук
|
Бензол
|
180
|
9.4
|
0,4 кг полистирол
|
Бензол
|
30
|
9.5
|
0,5 кг метилметакрилат
|
Хлороформ
|
50
|
9.6
|
0,6 кг бұршақ
|
Су
|
110
|
9.7
|
0,7 кг бұршақтар (бобов)
|
Су
|
210
|
9.8
|
0,8 кг соя
|
Су
|
130
|
9.9
|
0,9 кг үрмебұршақ
|
Су
|
140
|
9.10
|
1,0 кг жасымық
|
Су
|
90
|
9.11
|
1,1 кг кеспелер
|
Су
|
170
|
9.12
|
1,2 кг бидай
|
Су
|
180
|
Егер құрғақ полимердің массасы m0 мен ісінген полимердің массасы m белгілі болса, ісіну дәрежесін есептеңдер.
Кесте 9 - Есептеу мәндері
№ п/п
|
m0, кг
|
m, кг
|
Жоғары молекулалық заттар
|
9.13
|
0,05
|
0,12
|
Каучук
|
9.14
|
0,10
|
0,30
|
Резеңке
|
9.15
|
0,15
|
0,45
|
Желатин
|
9.16
|
0,20
|
0,30
|
Полистирол
|
9.17
|
0,25
|
0,40
|
Полиметилакрилат
|
9.18
|
0,30
|
0,50
|
Бұршақ
|
9.19
|
0,35
|
0,80
|
Үрмебұршақ
|
9.20
|
0,40
|
0,80
|
Соя
|
9.21
|
0,45
|
0,95
|
Желатин
|
9.22
|
0,50
|
1,20
|
Бұршақтар (Бобы)
|
9.23
|
0,55
|
1,30
|
Кеспе
|
9.24
|
0,60
|
1,70
|
Резеңке
|
9.25
|
0,65
|
1,80
|
Каучук
|
Тапсырма 10
10.1. Адсорбция деген не? Ол қалай түсіндіріледі және қандай теңдеумен өрнектеледі?
10.2. БАЗ мен БИЗ молекуласы құрылысының және олардың адсорбциясының ерекшелігі неде?
10.3. Физикалық адсорбцияның хемосорбциядан айырмашылығы қандай?
10.4. Иондық адсорбцияның ерекшеліктері. Оның ион заряды мен өлшеміне тәуелділігі қандай?
10.5. Дисперсті жүйелерді алудың қандай әдістерін білесіңдер?
10.6. Дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемін анықтау үшін қандай оптикалық әдістер қолданылады?
10.7.Электрокинетикалық деп қандай құбылысты айтады? Жүретін процестердің табиғатын түсіндіре отырып, оларды ата.
10.8.Шын ерітінділер мен коллоидтық ерітінділердің молекулалы-кинетикалық қасиеттерінің арасында қандай айырмашылық бар?
10.9. Зольдердің электролиттермен коагуляциясы ережесінің тұжырымдамасы?
10.10.ЖМҚ-дың қорғаныштық әсері мен коллоидтардың сенсибилизациясы қалай түсіндіріледі?
10.11. Қандай қасиеттерді тиксотропия және синерезис деп атайды?
10.12.Төменгі молекулалық және коллоидтық БАЗ-дың ұқсастықтары мен айырмашылығы қандай?
10.13. Шығу тегіне қарай және молекуланың құрылысына қарай ЖМҚ қалай жіктеледі?
10.14. Ақуыз молекуласының құрылысы қандай?
10.15. «Сірне» және «синерезис құбылысы» деген не?
10.16.Суспензияларда құрылым түзілу мүмкіндігі қалай анықталады? Құрылым түзуге қандай факторлар әсер етеді?
10.17. Суспензиялардың тамақ өндірісінде қолданылуы.
10.18. Қандай жүйелерді эмульсиялар деп атайды? Олар қалай жіктеледі және қайда қолданылады?
10.19.Көбіктердің қандай тұрақтылық факторларын білесіңдер? Технологиялық процестерде көбік түзілуін қалай жүзеге асыруға болады?
10.20. Аэрозольдерді қандай әдістермен бұзуға болады?
10.21. «Ұнтақ (порошок)» деген не? Қалай алынады және қалай жіктеледі?
10.22.Қандай жүйелерді қалыпты тұтқыр деп атайды? Тұтқырлықтың қосымша қысымға тәуелділігі.
10.23.Изоэлектрлік нүкте дегеніміз не және ооның көптеген ақуызды заттар үшін маңызы?
10.24. Эластикалық сірненің жұқа гельден айырмашылығы? «Тиксотропия» деген не?
10.25. Тұтқырлық қосымша қысымға тәуелді ме? Құрылымдық жүйелер үшін тұтқырлықтың қысымға тәуелді қисығын тұрғызыңдар.
ҚОСЫМША
Қосымша 1. Бірліктердің халықаралық жүйесі (СИ)
Шамалар
|
Өлшем бірлігі
|
Қысқаша белгіленуі
|
Айналдыру коэффициенті
|
Ұзындық
|
Метр
|
м
|
1 см = 10-2 м
|
Аудан
|
Метр квадрат
|
м2
|
1 см2 = 10-4 м2
|
Көлем
|
Метр куб
|
м3
|
1 л = 10-3 м3
|
Уақыт
|
Секунд
|
сек
|
-
|
Жылдамдық
|
Метр секунд
|
м/сек
|
1 см/сек = 10-2 м/сек
|
Масса
|
Килограмм
|
кг
|
1 г = 10-3 кг
|
Химиялық масса
|
Киломоль килограмм-эквивалент
|
кмоль
кг-экв
|
1 моль = 10-3 кмоль
1 кг-экв = 10-3 г-экв
|
Тығыздық
|
Килограммның метр кубқа
|
кг/м3
|
1 г/см3 = 10-3 кг/м3
|
Күш
|
Ньютон
|
Н
|
1 дина = 10-3 Н
1 кГ = 9,8 Н
|
Қысым
|
Ньютонның м2-қа
|
Н/м2=Па
|
1 атм = 1,013∙102 Н/м2 = 1013 гПа
1 мм сын.бағ = 1,333∙102 Н/м2
1 атм = 9,8∙102 Н/м2
|
Жұмыс, энергия
|
Джоуль
|
Дж
|
1 л атм =1,013∙103Дж
1 эрг = 10-7
1 кгм = 9,81 Дж
|
Жылу, ішкі энергия
|
Джоуль
|
Дж
|
1 кал = 4,19 Дж
1 ккал = 4,19·103 Дж
|
Молярлық жылу (жану, түзілу)
|
Джоульдің киломольге
|
Дж/кмоль
|
1 кал/моль =4,19·103 Дж/кмоль
|
Молярлық жылусыйымдылық
|
Джоульдің киломоль-градусқа
|
Дж/кмоль·град
|
1 кал/моль·град =4,19·103 Дж/кмоль·град
|
Электр кернеуі
|
Вольт
|
В
|
-
|
Электрлік кедергі
|
Ом
|
Ом
|
-
|
Электр мөлшері
|
Кулон
|
к
|
-
|
Меншікті электрөткізгіштік
|
Мм-1м-1
|
1/ом·м
|
1 1/Ом·м = 103 1/Ом·см
|
Эквиваленттік электрөткізгіштік
|
Сименстің метрге
|
м2/Ом·кг-экв
|
1 см2/Ом·г-экв = 102 м2/Ом·кг-экв
|
Иондар қозғалғыштығы
|
|
м2/Ом·кг-экв
|
1 см2/Ом·г-экв = 10-1 м2/Ом·кг-экв
|
Молярлық
|
|
кмоль/м3
|
1 моль/л =
1 кмоль/м3
|
Нормальдық
|
|
кг-экв/м3
|
1 г-экв/г =
1 кг-экв/м2
|
Қосымша 1 жалғасы.
Сұйылту
|
|
м3/кг-экв
|
л/г-экв=м3/кг-экв
|
Беттік керілу
|
Ньютонның метрге
|
Дж/м2=Н/м
|
1 эрг/см2=1дин/см=10-2 Н/м
|
Тұтқырлық
|
|
Н·сек/м2
|
1пуаз=0,1 Н·сек/м2
|
Қосымша 2. Кейбір физикалық тұрақтылар
Шамалар
|
Өлшем бірліктердің қысқаша белгіленуі
|
Айналдыру коэффициенті
|
Универсал газ тұрақтысы
|
Дж/кмоль·град
|
0,082 л·атм/моль·град, 1,98 кал/моль·град,
8,3·103 эрг/моль·град, 8,3 Дж/моль·град = 8,3·103 Дж/кмоль·град
|
Авогадро саны
|
1/кмоль
|
6,02·1023 моль-1 = 6,02·1026 кмоль-1
|
Фарадей саны
|
к/кг-экв
|
9,65·107 к/г-экв = 9,65·107 к/кг·экв
|
Бір кмоль идеал газдың көлемі
|
м3/кмоль
|
22,3 л/кмоль = 22,4 м3/моль
|
7. Оқу жетістіктерін бағалау мен бақылауға арналған материалдар.
Тест тапсырмалары
Химиялық термодинамика тақырыбы бойынша
Келесі анықтамалардың қайсысы жабық жүйеге сәйкес келеді? Жабық жүйе дегеніміз:
а) қоршаған ортамен зат алмасуы жоқ, бірақ энергия және жұмыспен алмасуы мүмкін жүйе;
б) сыртқы ортамен зат алмасуы мүмкін;
в) сыртқы ортамен энергия алмасуы жоқ жүйе;
г) сыртқы ортамен зат алмасуы мүмкін, бірақ энергиямен алмасуы жоқ жүйе.
Күй параметрлері қандай өлшемдермен сипатталады?
а) Т, Р, ρ, концентрация; б) ΔS, ΔН, Т, р;
в) ΔΗ, Т, р, концентрация; г) ΔΗ, Т, V, ρ.
Келтірілген теңдеулердің қайсысы термодинамиканың 1-ші заңын сипаттайды?
а) Q=ΔU +A в) dQ=H2–H1
б) Н=рV–U г) Q=U2–U1
4. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың 1-ші заңының теңдеуін көрсетіңіз?
a) Q=ΔH+A в) QV=pdV б) QV=ΔU г) Q = ТΔS/ΔV
5. Төмендегі анықтамалардың қайсысы Гесс заңын сипаттайды? Химиялық реакциялардың жылу эффектісі:
а) жүру жолынан тәуелсіз, тек бастапқы және соңғы заттардың күйімен анықталады;
б) аралық реакциялардан тәуелді;
в) реакция кезінде бөлінген жылу мөлшерінен тәуелді;
г) әрекеттесуші заттардың концентрациясынан тәуелді.
6. Стандартты түзілу жылу деп, төменде келтірілген жағдайда 1 моль заттың жай заттардан түзілу реакциясының жылу эффектісін айтамыз:
а) р=1,013105 Па, Т=298K.
б) Т = const
в) р=const, V=const
г) Т, р = const
7. Стандартты жану жылуы деп, заттың оттек атмосферасында оксидтерге дейін жанғанда бөлінген жылу мөлшерін айтамыз:
а) 1 моль заттың 1,013105 Па қысымда;
б) 10 моль заттың;
в) 1 моль заттың қалыпты жағдайда;
г) 10 моль заттың 298 К температурда.
8. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі қандай факторлардан тәуелсіз?
а) әрекеттесуші заттардың табиғатынан;
б) температурадан;
в) заттардың агрегаттық күйінен;
г) бастапқы заттардың концентрациясынан.
9. Энтальпия мен ішкі энергияның өзара байланысын көрсететін теңдеу қайсысы?
а) H=U–pV б) H=U+pV в) H=U2–U1 г) H=Q/T
10. Суттектің жану реакциясы сұйық су түзілумен оқшауланған жүйеде өтсе, жүйенің ішкі энергиясымен энтальпиясы өзгере ме?
а) ішкі энергия өзгереді;
б) энтальпия өзгереді;
в) ішкі энергия да, энтальпия да өзгермейді;
г) ішкі энергия өзгермейді.
11. Идеалды газдар үшін СР және СV қатынастары қандай?
а) CP=CV б) СP=CV +R в) СP>CV г) CPV
12. Келтірілген термодинамикалық функциялардың қайсысы ішкі энергияны сипаттады?
а) ΔН б) ΔU в) ΔG г)ΔF
13. Термодинамиканың 2-ші заңының аналитикалық сипаттамасын көрсетіңіз:
а) dS = dQ – dA; б) dS = S2 – S1; в) dS ≥ dQ/T; г) dS = Q.
14. Қандай термодинамикалық параметр тұрақты жағдайда ΔU процесс бағытын анықтайды?
а) р, Т; б) V, Т; в) р, S; г) V, S.
15. Т = сonst; р = сonst жағдайда қандай термодинамикалық потенциал өздігінен өтетін процесс бағытын анықтайды:
а) изобара-изотермиялық потенциал;
б) изохора-изотермиялық потенциал;
в) энтропия;
г) ішкі энергия.
16. Оқшауланған жүйеде қайтымсыз кристалданған зат үшін энтропия қалай өзгереді?
а) артады;
б) кемиді;
в) өзгермейді;
г) қортынды айтуға болмайды.
17. Өздігінен өтетін процестер үшін р = сonst; Т = сonst жағдайда Гиббс энергия (изобаралы-изотермиялық потенциал) мәні қалай өзгереді:
а) ΔG>0; б) ΔG < 0; в) Δ G = 0; г) өзгермейді.
18. Оқшауланған жүйеде химиялық реакция өздігінен өнім түзілу бағытына жүреді. Бұндай жүйенің энтропиясы қалай өзгереді?
а) ΔS > 0; б) ΔS < 0; в) ΔS = 0; г) өзгермейді.
19. Суда еру процессі кезінде Гельмгольц энергия мәні қалай өзгереді?
а) артады; б) кемиді; в) өзгермейді; г) ΔF = 0.
20. Ашық жүйелер үшін қандай күй функциясы процесс бағытын анықтайды?
а) энтропия; б) энтальпия; в) Гиббс энергия; г) химиялық потенциал.
Химиялық тепе теңдік тақырыбы бойынша
1. А+ВС+Д химиялық реакциясы үшін КР және КС тепе – теңдік константалары арасындағы байланыс қандай, егер барлық заттар идеалды газтәріздес күйде болса?
а) КР > КС в) КР < КС
б) КР = КС г) КР КС
2. Тепе – теңдікті солға ығыстыру үшін жүйеге қалай әсер ету керек?
4НСl(г) + О2(г) 2Cl2(г) + 2Н2O(г)
а) О2 концентарциясын артыру;
б) Cl2 концентрациясын артыру;
в) температураны жоғарлату;
г) температураны төмендету керек.
3. N2 + 3Н2 2NH3, ΔН =-92 кДж реакциясы үшін температураны төмендетсе, тепе – теңдік қай бағытқа ығыстырады?
а) оңға в) ығыспайды
б) солға г) кері реакция бағытына
4. PCl5РС13 + Cl2 реакция үшін қысымды артыру тепе – теңдікті қай бағытқа ығыстырады?
а) оңға в) ығыспайды
б) солға г) тура бағытта
5. 2SО2+О2 2SО3 ΔН°= -176кДж реакциясы үшін қандай факторларды өзгерту арқылы тепе – теңдікті оңға ығыстыруға болады?
а) Т0 жоғарлату; в) қысымды кеміту;
б) Т0 төмендету; г) катализатор қосу;
6. Газ фазасында өтетін СО + Н2О СО2+Н2 реакция үшін 298К - де ΔН° = - 41,2 кДж. Температураны төмендеткенде, қандай өнімдердің тепе – теңдіктегі құрамы артады?
а) СО және СО2 в) СО және Н2
б) Н2О және Н2 г) СО2 және Н2
7. Кейбір реакция үшін ΔG<О болса, келтірілген жағдайлардың қайсысы дұрыс:
а) КР > 1
б) КР < 1
в) тепе – теңдік қоспасында бастапқы заттар басым;
г) тепе – теңдік қоспасында реакция өнімі басым.
8. Өздігінен өтетін реакция үшін ΔS0<0. Температура өсуімен КР қалай өзгереді?
а) артады; в) кемиді;
б) анықтауға болмайды; г) өзгермейді.
9. Егер реакция жылу сіңіре ΔН>0 жүрсе, температураның өсуімен КР қалай өзгередіі?
а) кемиді в) өзгермейді
б) артады г) қорытынды жасауға болмайды.
10. Химиялық реакция үшін ΔН=0, КР температурадан қалай тәуелді?
а) артады б) тәуелсіз
в) кемиді г) КР =0
11. Төмендегі қандай жағдайда химиялық реакцияның изотерма теңдеуі тепе – теңдік күйге жетеді?
а) КР < ПР ΔG>0 в) КР =ПР ΔG=0
б) КР >ПР, ΔG<0 г) КР < ПР ΔG<0
12. Қандай функцияның стандартты мәні химиялық ынтықтылықты сипаттайды?
а) Гиббс энергиясы в) энтальпия
б) химиялық потенциал г)энтропия
Фазалық тепе-теңдіктің термодинамикасы және ертінділер тақырыбы бойынша
Зат химиялық құрамын өзгертпей бір агрегаттық күйден екіншісіне өтетін процес:
Фазалық ауысу
Ішкі ауысу
Критикалық ауысу
Адсорбциялық тепе-теңдік
Заттың сұйық күйден буға фазалық ауысуы
А. балқу
В. кристаллизация
C . конденсация
бу түзу (булану)
Заттың сұйық фаза түзбей қатты күйден буға фазалық ауысуы:
балқу
кристаллизация
конденсация
сублимация
4. Барлық бөлігі, яғни барлық көлемі бірдей қасиетке ие болатын термодинамикалық жүйе:
ашық
жабық
изоляцияланған
гомогенді
5.Жүйенің басқа бөлігінен беттік бөлігі арқылы ажыратылатын, физикалық және химиялық қасиеттері, құрамы бірдей жүйенің біртекті бөлігі:
тұнба
ерітінді
фаза
параметр
6. Бірнеше фазалардан тұратын термодинамикалық жүйе
тұнба
ерітінді
фаза
параметр
7. Гетерогенді жүйенің фазалар арасында орналасқан тепе-теңдіктің атауы:
қос электрлік қабат
фазалық тепе-теңдік
кеңею жұмысы
адсорбциялық тепе-теңдік
8. Әрбір жүйеде болатын, жүйеден бөліп алуға болатын және жүйеден тыс бола алатын химиялық жеке зат:
еріткіш
ерітінді
фаза
компонент
9. Сулы ерітіндіде натрий хлориді : NaCl ↔ Na+ + Cl- схемасы бойынша диссоциацияланады. Бұл жүйенің компоненттері:
Na+ және Cl- иондары
NaCl тұзы
NaCl, Na+ және Cl-
Н2О және NaCl
10.Егер гетерогенді жүйенің заттарының арасында химиялық реакция болса, онда мұндай жүйе компоненттерінің саны келесі мәнге тең болғанда түзіледі:
Реакцияға қатысатын заттардың санына
Реакцияға қатысатын заттардың санына, теріс бірлік
Реакцияға қатысатын заттардың санына, оң бірлік
Реакцияға қатысатын заттардың санына, оң фазалар саны
11. Гиббстің фазалар ережесі С = К - Ф + 2 еркіндік дәреже саны компонент санының өсуімен және
фазалар санының өсуімен өседі
фазалар санының өсуімен азаяды
фазалар санының азаюымен азаяды
қысымның төмендеуімен азаяды
12.Еркіндік дәреже саны сипаттайды:
жүйенің гибридизациясын
реакцияның молекулалығын
жүйенің қалыптылығын
жүйенің варианттылығын
13. Күшті электролиттердің ерітінділерінде электролиттік диссоциациялану дәрежесі
30%-дан аз
30%-дан көп
3%-тен аз
30 -дан 90% -ға дейін
14. Рауль заңының екінші салдары: бейэлектролиттің сұйылтылған ерітіндісінің қату температурасы (ΔТқ) ерітіндінің мояльдік концентрациясына m (Х) тура пропорционал, оның математикалық жазуы:
ΔG = ΔH - S·ΔT
Тқ = К·m(x)
Тқ = Тқ(ерітінді) – Тқ(еріткіш)
Т = ТК(ерітінді) – ТК(ерітінді)
15. Егер 1кг ерiткiште 1моль затты ерiтсе ерiтiндiнiң қату температурасы неше градусқа төмендейтiнiн көрсетедi
криометриялық константа
эбулиометриялық константа
изотоникалық коэффициент
газды тұрақты
8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
Сабақ кезеңдері
|
Сабақ кезеңінің негізгі мақсаттары
|
Қолдануға тиімді тәсіл-дер
|
Проблеманы айқындау
|
Оқытушы:
- Білім алушыны жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіреді.
Білім алушы:
-Тақырып бойынша өз мақсаттарын айқындайды.
- Тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындайды.
- Проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін есіне түсіреді, оларды салыстырады, байланыстырады.
- «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» секілді сұрақтарға жауап іздейді.
|
Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу
|
Проблеманы шешу
|
Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі. Мұнда проблеманы шешу жолдары қарастырылады.
Оқытушы:
- білім алушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынады;
- білім алушылардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне қажетті жағдайлар жасайды.
Білім алушы:
- жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысады;
- мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады, талқыға салады;
- жаңа ақпарат туралы өзіндік пікір қалыптастырады;
- «Қалайша жаңа білімге үйренемін/ оны түсінемін/ игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым/түсінігім/қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
|
Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Еркін жазу, Кең ауқымды лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Бірін-бірі оқыту, Қос жазба күнделігі, Білемін, білгім келеді, білдім, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Үш қадамды сұх-бат, Топтық зерттеу
|
Проблеманың шешімін қолдану
|
Үйренгенді айқындау және бағалау, проблема бойынша шешім қабылдау кезеңі.
Оқытушы:
- білім алушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылау жұмысын ұйымдастырады.
Білім алушы:
- осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды;
- олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі;
- өзінің жаңа біліміне баға береді;
- жаңа білімді нақты бір проблема шешуде қолданады;
- «Не білдім/үйрендім?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімнің қолданысы қандай?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді;
- сабақта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді.
|
Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақ-тар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Пікірталас, Топ-тық зерттеу, Эссе, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Аквариум, Жеңілдетілген анықтама/түсіндірме.
|
Реферат орындауда білім алушы белгілі бір мәселелер бойынша ғылыми және арнайы әдебиеттерден алынған қысқаша тұжырымдамалар немесе түрлі әдебиеттер көздерін талдау арқылы арнайы әдебиеттерді пайдалана білуі, статистикалық мәліметтерді қарастырылатын тақырып бойынша сын көзбен талдау және алынған мәліметтерді жазбаша түрде нақты және логикалық тұрғыдан дұрыс жеткізе білуі керек.
Баяндама жасауда - білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша зерттеушілік дағдыларын меңгеруі, білім алушыны қызықтыратын сұрақтар бойынша мәліметтерді жинақы, түсінікті түрде көрсетуі керек.
Эссе – тақырыптары оқылатын пәннің нақты сұрақтары бойынша орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы. Эссе - білім алушының белгілі бір тақырып бойынша қысқаша ойламы, тұжырымдамасы. Эссенің ерекшелігі - оқытушы берген тақырып бойынша білім алушы өзінің жеке пікірін, ойын, шығармашылық түрде талдайды.
Глоссарий - белгілі тақырып бойынша қазақ, орыс, шет ел тілдерінде терминдердің қысқаша түсіндірмелері.
Семестрлік (бақылау) жұмыстары пәннің үлкен тараулары мен тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстардың материалдарын қайта өңдеу, оқу мақсатында жүргізіледі.
Топтық презентация - 3-5 адамнан тұратын білім алушылардың белгілі тақырып бойынша топтық өзіндік зерттеулері мен есептеулері. Әрбір топ өз жобасын даярлап презентация өткізеді.
Жеке презентацияны – өз еріктерімен, жақсы даярланған білім алушылар орындайды. Жеке презентация - өзектілігі, жаңалығы, зерттеу сипаты бойынша ерекшеленетін, білім алушының ғылыми конференцияда баяндала алатын жұмысы.
Қолданылған әдебиет тізімі
Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. – Алматы: «Жедел басу баспаханасы», 2009. – 328 б.
Педагогические мастерские. Франция - Россия./ Под ред. Э. С. Соколовой. – М: Новая школа, 1997. - 128 С.
Пиаже Ж. Речь и мышление ребенка/ Пер. С фр. и англ. – М.: Педагогика-Пресс, 1999. – 528 с.
Стилл Дж., Мередит К, Темпл Ч., Вальтер С. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту құрылымының оқу жоспары. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарлама жобасы
ОҚУ САБАҚТАРЫН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.Оспанов, Х.Қ.
Физикалық химия [Электронды ресурс] / Х.Қ. Оспанов.- Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 1997.- 576б.
Жүйелік талаптар: ПК Pentium 4 1800МГц; 256 Мб ОЗУ; MS Windows 98/XP/2000; CD-ROM;
ISBN 5-7667-4820-5
2.Дәрмағамбет, К.Х.
Химия пәні бойынша оқу құралы [Электронды ресурс] / К.Х. Дәрмағамбет, Г.Т. Балықбаева.-
DjVu.
3, 71 мВ.- Қызылорда, 2009.
3.Дәрмағамбетова, К.Х.
Коллоидты химия практикумы [Электронды ресурс] / К.Х. Дәрмағамбетова, Г.Ө. Төлегенова,
Г.Т.Балықбаева.-DjVu.1.86мВ.-Қызылорда, 2007.
4.Дәрмағамбетова, К.Х.
Физикалық химия практикумы [Электронды ресурс]/К.Х.Дәрмағамбетова.-DjVu..86 мВ.-
Қызылорда, 2007.
|
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМАСЫ
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді. Қазіргі таңдағы ғылыми ақпарат ағымының жылдам артуы жас маманның алдына өз білімін үнемі толықтырып отыру қажеттілігін қояды.
Яғни студентке қойылатын негізгі талаптар төмендегідей жіктелініп көрсетіледі:
- студенттің шығармашылық потенциалын белсендіру: студент оқу тапсырмасын өз бетінше орындау барысында ғылыми әдебиеттермен, әдістемелерді талдаумен танысу және шығармашылық технологиясын меңгеуді жүзеге асырады.
- өз бетінше білім алу және өзіндік дамуға ынтасын тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында шығармашылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру т.б.
- оқу іс-әрекетке деген мотивациясын жоғарылату: білім беру процесінде тұлғаның позициясын белсендіру, субъективті жаңа білімдердің негізгі қатынасы, яғни білімді өз бетінше алу функциясы, нақты студент үшін жаңа және тұлғалық маңыздылығы.
- танымдық белсенділікті дамыту: өз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе мәселені шешуде өзіндік бағытты табу, өз бетінше білім алуға тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан қалыптастыру, оқу процесіндегі оқу-танымдық процесс белсенділігінде студенттердің оқыту әдісінің белсенділігі жанама қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асады.
Өзіндік жұмыстың мазмұны академиялық кезеңдегі өзіндік жұмыстың көлемін, тапсырмалардың саны мен сипатын, олардың еңбек сыйымдылығы мен орындалу мерзімдерін, ағымдағы және аралық бақылау түрлерін көрсету арқылы оқу-әдістемелік кешенде, силлабуста анықталады.
БӨЖ тапсырмаларын рәсімдеу талаптары:
пәнді оқудың толық кезеңіне арналған БӨЖ кестесі;
пәннің негізгі бөлімдеріне сәйкес тапсырмалар жүйесі;
рефераттар, баяндамалар, эссе, есептер және т.б. тақырыптары;
БӨЖ тапсырмаларының мазмұнына, көлеміне және рәсімделуіне қойылатын талаптар;
негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;
кеңестік жәрдем түрлері;
бағалау критерийлері;
жұмыстың тапсырылу мерзімі.
Өзіндік жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптар:
тапсырманы немесе ұжымдық жұмыстың бір бөлігін студент жеке өз бетімен орындау керек;
белгілі тақырып немесе оның бір бөлігі бойынша өзекте мәселелер талқыланып шешімі шығарылатын толығымен аяқталған жұмыс (немесе бір сатысы) болып табылу керек;
қарастырылып отырған мәселені шешудегі автордың құзыреттілігін көрсете білу
керек;
оқу, ғылыми және/немесе практикалық бағдар мен маңыздылыққа ие болу керек;
белгілі бір ғылыми жаңалық элементтері (егер де ол ғылыми-зерттеу еңбек болса) болу керек.
Білім алушының өзіндік жұмысын қабылдап бағалау кезінде қойылатын шарттарды міндетті түрде көрсету керек, яғни:
қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес тақырыбы көрсетілген жұмыс мазмұнының толықтығы мен тереңдігі бағаланады;
әдеби дерек көздерге шолу жасау дәрежесі бағаланады;
жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі бағаланады;
материалды нақтылығы мен сауаттылығы бағаланады;
жұмыстың қорытындысы мен талдау дәрежесі бағаланады;
пәннің теориялық мәселелерін қорытындылау қабілеті бағаланады;
тапсырманы рәсімдеудегі техникалық талаптардың сақталуы бағаланады;
қорғау кезіндегі жауаптың толықтығы бағаланады;
-қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады;
өз көзқарасын дәйектей алуы бағаланады; және т.б.
Пәнді оқытудағы бір семестрдегі БӨЖ тапсырмалар кестеге сай және мумкін болғанша білім алушының туындаған сұрақтарына сай тақырыптарда өткізіледі.
Әр БӨЖ тапсырмасы силлабустағы оқытушының белгілеген балы бойынша бағаланады.
білім алушының өзіндік жұмысын келесідеей болады:
- дәріс, практикалық және зертханалық сабақтарға дайындық, рефераттар мен баяндамалар жазуы, презентация дайындау, есеп шығару, басқа да үй тапсырмаларын орындау;
үй жұмысына дайындалумен қатар, сабақ кезіндегі жұмыс – тренинг, диспут, іскерлік ойындар, презентациялар, логикалық есептер, кейстер және т.б..
БӨЖ-дің орындалуы мен ұйымдастырылуын бақылау БАОӨЖ кестесіне сайс жүзеге асырылады.
БӨЖ-ді орындау мен ұйымдастырудың барлық түрі кеңес беру, аралық бақылау есептері, оқытушының БӨЖ тапсырмаларын қабылдау және т.б.
ОБӨЖ барысында үй жұмысын, курстық, семестрлік және бақылау жұмыстарын, есептер мен басқа да тапсырмаларды орындау бойынша (он лайн/оф лайн) кеңес беріліп, ағымдағы және аралық бақылау жүргізіледі.
Егер БӨЖ тапсырмасының орындалуы қиындық тудырмаса, білім алушы кестеге сәйкес ОБӨЖ сабағына қатыспауына болады.
СӨЖ – оқытушының тапсырмасы бойынша аудиториядан тыс уақытта (аудиторияда) орындалатын студенттердің жоспарланған оқу, оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары. Өзіндік жұмыс оқу сабақтарының бір түрін құрайды. Сондықтан шығармашылық іс-әрекеттің бір түрі ретінде өзіндік жұмыстың рөлі сапалық оқу үрдісін көтеру жолында өте жоғары болып табылады.
СӨЖ мақсаты – болашақ мамандық бойынша іргелі білімді, кәсіби шеберлікті және дағдыларды, шығармашылық, зерттеу тәжірибесін игеру, дербестікті, жауапкершілікті және ұйымшылдықты, оқу және кәсіби деңгейдегі мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту.
СӨЖ міндеттері:
- студенттердің алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін жүйелеу және бекіту;
- теориялық дайындықты тереңдету және кеңейту;
- нормативтік, құқықтық, анықтамалық құжаттарды және арнайы әдебиеттерді қолдана білуді қалыптастыру;
- студенттердің танымдық қабілеттері мен белсенділігін дамыту: шығармашылық, дербестік, жауапкершілік және ұйымдастырушылық;
- ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру;
- зерттеу дағдыларын дамыту;
- тәжірибелік сабақтарда, курстық және бітіру біліктілік жұмыстарын жазу кезінде, қорытынды сынақтар мен емтихандарға тиімді дайындалу үшін өзіндік сабақтар барысында жиналған және алынған материалдарды қолдану.
СӨЖ функциялары:
- дамытушы (ақыл-ой еңбегінің мәдениетін арттыру, шығармашылық қызмет түрлеріне баулу, студенттердің зияткерлік қабілеттерін байыту);
- бағдарлаушы және ынталандырушы;
- тәрбиелеу (маман мен азаматтың кәсіби қасиеттері қалыптасады және дамиды);
- зерттеу (кәсіби-шығармашылық ойлаудың жаңа деңгейі).
СӨЖ негізінде келесі принциптер жатыр:
- шығармашылық қызметті дамыту;
- нысаналы жоспарлау;
- тұлғалық-іс-әрекеттік тәсіл.
СӨЖ-ден күтілетін нәтижелер:
болашақ маманның білімін меңгеру, кәсіби біліктерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру;
теориялық материалды практикалық жолмен бекіту;
өзін-өзі дамытуда тәрбиенің де қажеттілігі;
тұлғаның танымдық және шығармашылық қабілеттерін барынша дамыту;
ғылыми-зерттеу жұмысына ынталандыру және білім беру процесінің сапасын және қарқындылығын арттыру;
таңдаған мамандығына қызығушылықты қалыптастыру және оның ерекшеліктерін меңгеру;
өз ұстанымын, теориясын, моделін қалыптастыру үшін, кез-келген жағдайға анализ жасау және дұрыс шешім қабылдау үшін алған білімі мен тәжірибелік дағдыларды қолдану.
СӨЖ әр оқу пәні бойынша СӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырмалары оқу жоспары бойынша анықталады.
Негізгі СӨЖ-дің формалары:
- дәріс материалдарын терең қарастыру;
- дәрістер мен әдебиеттерді конспектілеу;
- тақырыпқа байланысты әдебиеттер мен электронды ақпарат көздерін іздеу (таңдау) және шолу;
- практикалық сабақтарда берілетін үй тапсырмасын орындау;
- өз бетінше материалды зерттеу;
- практикалық сабақтарға дайындық;
- бақылау жұмысына дайындық;
- сынаққа, аттестацияға дайындық;
- тақырыпқа байланысты реферат (эссе) жазу.
Қосымша СӨЖ студенттің білімін тереңдету және бекітуге, оқу пәнінің мәселелері бойынша аналитикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Оған жататындар:
- емтиханға дайындық;
- курстық жұмысты немесе жобаны орындау;
- зерттеу жұмысымен айналысу және ғылыми студенттік конференцияларға, семинарларға және олимпиадаларға қатысу;
- оқытушымен алдын ала анықталған тақырып бойынша ғылыми жарияланымды (мақала) талдау;
- берілген тақырып бойынша статистикалық және нақты материалдарды талдау, есептерді жүргізу, статистикалық материалдар негізінде схемалар мен модельдерді құру және т. б.
Жоғары оқу орнының оқу процесінле өзіндік жұмыстың екі түрі бар: аудиториялық және аудиториядан тыс.
Пән бойынша аудиториялық өзіндік жұмыс оқу сабақтарында оқытушының тікелей басшылығымен және оның тапсырмалары бойынша орындалады. Оқытушының қатысуымен қабылданатын СӨЖ-дің негізгі түрлері:
- кеңестер;
- коллоквиум – пәннің теориялық мазмұнын меңгеруді бақылау түрі ретінде;
- үй тапсырмаларын қабылдау және талдау (практикалық сабақтар сағаттарында);
- пән аясында курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау;
- бітіру біліктілік жұмыстарын (диплом, диссертация) орындау және т. б.
Аудиториядан тыс өзіндік жұмыс оқытушының тапсырмасы бойынша, бірақ оның тікелей қатысуынсыз орындалады. Оның негізгі түрлеріне мыналар жатады:
- дәріскер ұсынған оқу әдебиеті негізінде, ақпараттық білім беру ресурстарын (электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар және т. б.) қоса алғанда, дәрістер конспектісінің мазмұнын түсіну және өз бетінше қосымша іздену;
- реферат эссе жазу;
- практикалық сабақтарға дайындық (хабарламалар, баяндамалар);
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді тереңдетіп талдау (рецензиялар, мақалаға аннотациялар дайындау, оқу құралы және т.б.);
- рефераттар, курстық және біліктілік жұмыстарын жазу үшін қолданылатын материалдарды таңдау;
- презентацияларды дайындау;
- нақты тақырып бойынша глоссарий, кроссворд құрастыру;
- сабақты оқытудың белсенді түрлерін (дөңгелек үстелдер, диспуттар, іскерлік ойындар) пайдалана отырып өткізу;
- іскерлік жағдайларды талдау (мини-кейстер).
Студенттердің өзіндік жұмысының әдіс-тәсілдері
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс
Кітаппен жұмыс істеу кезінде әдебиетті таңдап, оны дұрыс оқып, жазба жүргізуді үйрену қажет. Кітапханада әдебиеттерді таңдау үшін алфавиттік және жүйелі каталогтар қолданылады. Кітаппен жұмыс істеудің тиімді дағдылары уақытты үнемдеуге және өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін есте сақтау керек.
Қандай оқулықтарды таңдау керектігін дәріскер ұсынады. Қажетті әдебиеттер осы курс бойынша әдістемелік нұсқауларда да көрсетілуі мүмкін.
Оқулықтармен және кітаптармен өз бетінше жұмыс істеу (сонымен қатар дәрістерде көтерілген мәселелерді өз бетінше теориялық зерттеу) – танымның ғылыми тәсілін қалыптастырудың маңызды шарты.
Әдебиеттермен жұмыс істеу тәсілдері:
-танысу керек әдебиеттердің тізімін құру және ол туралы оқытушымен ақылдасу;
-тізім жүйеленген болуы қажет (қайсысы семинарға, қайсысы емтиханға, қайсысы курстық, дипломдық жұмыстарға т.б. қажет екендігін анықтап алу);
-қандай кітаптарды мұқият оқып, ал қандай кітаптарды тек қарап шығу керек екенін анықтау керек;
-оқыған кітаптардағы маңызды ақпараттарды конспектілеу т.б.
Реферат жазуБұл студенттің өзіндік жұмысының басқа түрлеріне қарағанда көлемді, аудиториялық сабақтарда оқылатын негізгі тақырыпты толықтыратын және дамытатын ақпаратты қамтитын жұмыс болып табылады.
"Реферат "сөзі (латын тілінен – referre – баяндау, хабарлау) ақпаратты сыни шолу негізінде қандай да бір мәселенің немесе тақырыптың мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде қысқаша баяндауды білдіреді. Рефератты дайындау барысында мына ережелер басшылыққа алынуы тиіс:
реферат идеясы мен міндетін анықтау;
тақырыпты немесе мәселені анық және нақты тұжырымдау. Ол тым жалпылама болмауы керек;
таңдалған тақырып бойынша қажетті әдебиеттерді табу. Міндетті түрде оқылуы тиіс әдебиеттер тізімін құру;
рефератты кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі деп бөлімдерге бөлу қажет.
Рефераттарды жазудың мақсаты: студенттердің әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оларды талдау және сараптай алуы.
Конспект жазу
Конспектілеу ақпараттарға қысқаша шолу жасау бойынша студенттің аудиториядан тыс орындайтын өзіндік жұмысының түрі болып табылады. Конспект дереккөздің деректемелерін (автордың аты-жөні, жұмыстың толық атауы, шығарылған орны мен жылы) көрсетумен басталуы тиіс. Жұмыс жазбаша түрде орындалады. Студенттің міндеттері:
-конспект жазатын материалды оқып шығу;
-негізгі керекті жерлерін жазып алу;
-кілттік сөздер мен ұғымдарды түртіп алу;
-мәтіннің қысқаша мазмұнын дұрыс жаза білу және т.б.
Эссе жазу
Эссенің тақырыбы пәнді оқыту саласының заманауи мәселелерін қозғаушы, өзекті тақырып болуы тиіс. Студент мәселенің мәнін ашып, өзге көзқарастарды көрсетіп қана қоймай, оған өз көзқарасын да білдіруі керек. Жұмыстың бұл түрі студенттен өз ойын жазбаша түрде, сондай-ақ логикалық пайымдаулар арқылы анық білдіруді, өз көзқарасын анық білдіруді талап етеді. Студенттің міндеттері:
-тапсырманы мұқият оқып, тақырыптың өзектілігін ғана емес, мазмұны бойынша ерекше және қызықты жақтарын көрсету;
-тақырып бойынша ақпарат көздерін таңдау және зерттеу;
-негізгі және қосымша әдебиеттерді бөлу;
-эссенің жоспарын құру;
-мәселенің мазмұнын және оны шешу жолдарын қысқа, бірақ толық ашу;
-эссені белгіленген уақытта тапсыру.
Аннотация жазу
Бұл кітаптың, мақаланың, қолжазбаның қысқаша сипаттамасын жазу бойынша студенттердің аудиториядан тыс орындалатын өзіндік жұмысының түрі. Онда сол кітаптың негізгі мазмұны баяндалады, кітаптың оқырмандардың қай тобына арналғаны туралы мәліметтер беріледі. Аннотация бойынша жұмыс бір тақырыптағы бірқатар дереккөздерге, сонымен қатар әдебиетке шолу жасауға көмектеседі. Студент автор қозғаған негізгі ойларды, мәселелерді, оның қорытындыларын, ұсыныстарын атап, мәтіннің маңыздылығын анықтау керек. Студенттің міндеттері:
-ақпаратты мұқият зерттеу;
-аннотация жоспарын құру;
-аннотацияланатын ақпараттың негізгі мазмұнын қысқаша көрсету;
-аннотацияны белгіленген мерзімде тапсыру.
Достарыңызбен бөлісу: |