Модуль 03: «Физхимиялық талдау»


Тығындар және олармен жұмыс істеу



бет70/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126
Байланысты:
fkh grm,gd -19-1.2020 (1)-7

Тығындар және олармен жұмыс істеу

Заттарды буланудан және ластанудан қорғау үшін көптеген ыдыстарды шыны, резеңке және қабыршақты тығындармен жабады. Шыны тығындарды мүқият қарау керек болған заттарды жабуға арналған. Әрбір шыны тығын өзіне сәйкес шлифке кигізіледі, сондықтан шыны тығындарды шатастыруға болмайды. қабыршақты тығындар қүралды жинау үшін қолданылмайды. эртүрлі ыдыстардың герметизациясы үшін кедір-бүдыры жоқ жүмсақ тығындар тандау үсынылады.

Пайдалануға өте тиімді болатын резеңке тығындар кең тараған. Олар түрлі приборларды жинау кезінде, осы жағдайда саңылауға шыны түтікше, мүздаткыш немесе термометр кіргізу үшін бүрау керек.

Резеңке тығындарды бұзушылар ретінде көптеген органикалық еріткіштер, қышқылдар және күшті тотықтырғыштар болып табылады, қабыршақты тығындар сияқты бұлар да 150°С-ден жоғары температураға шыдамайды.

Силиконды каучуктен жасалынған тығындар жоғары иілімділік және ыстыққа төзімділікке ие, сондай-ақ резеңкені шыны өте қатты қажайды, сондықтан тығынға міндетті түрде глицерин және вазелин майын жағу керек. Сондай-ақ полиэтиленмен второпласттан жасалған тығындарда қолданылады. Тығында тесік жасау үшін жүзі өткір жезден немесе болаттан жасалған арнайы бұрғы қолданылады. Бүрғыланған кесік термометр мен түтікшеге қарағавда кішірек диаметрде болуы керек. Бұл соғыларының тығыз дамуын және беріктігін қамтамасыз етеді.

Шлангалар

Шлангалар зертханалық практикада газбен және сумен қамтамасыздандыратын прибордың майысқақ бөлігі ретінде кең қолданылады. Шлангалар резеңкеден, полиэтиленнен және силиконды каучуктен жасалынады. Диаметрі және жуандығы бойынша бір-бірінен ажыратылады. Органикалық еріткіштер, тотықтырғыштар, қышқылдар, күйдіргіш сілтілер және ыстық сұйықтықтармен жұмыс кезінде резеңке шлангаларды қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет