Бекман термометр құралы және оны орнату. Бекман термометрі тәжірбие кезінде температураны аса үлкен дәлдікпен (1–3 градус) өлшеу үшін қолданылады. Калориметрлік камераны термоизолацияланған қақпақпен 3 жабады.
Сурет 2.2 Метастатикалы Бекман термометрі.
1 – сынап үшін үлкен көлемді төменгі резервуар, 2 – капелляр және өлшеу шкаласы, 3 – қосымша жоғарғы резервуар, 4 – термометрді дөрекі дәлдеу үшін жоғарғы резервуар шкаласы.
Термометр жіңішке өлшеуіш капиллярымен байланысқан негізгі 1 және 3 қосымша сынап резервуарларынан тұрады. Термометр шкаласы 0,01 градус құндылықпен 5 градусқа бөлінген. Ұлғайтқыш көмегімен термометрде 0,002 градусқа дейінгі дәлдікпен жұмыс жасауға болады.
Термометрді орнату үшін оны тәжірибе температурасымен бірдей суға батырады. Термометрдің жоғарғы бөлігін төмен қарай аударады. Резервуардағы сынап капилляр бойымен үлкен резервуардан қосымшаға ағып, ондағы сынаппен қосылуы қажет. Термометрді калориметрдегі сұйықтық температурасынан 5–6 градусқа жоғары сулы моншаға орнықтырады. 2 – 3 минуттан кейін термометрді сулы моншадан шығарып, оң қолға алады. Сол қолдың үлкен саусағымен термометрдің жоғарғы бөлігін тез ұрып қалады. Сынап бағанасы қосымша резервуармен 4 капилляр жалғанған жерден үзілуі қажет.
Осыдан кейін Бекман термометрін калориметрге орнатады. Егер капиллярдағы сынап термометрдің 0 – 2 градус шкала аралығында болса, Бекман термометр дұрыс орнатылған деп есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |