Электролиттер арқылы ұйытқандағы негізгі заңдылықтар. Коллоидты системаларды алғаш зерттеген ғалымдарға электролит мөлшерінің өзгерісіне сәйкес зольдер тұрқтылығының да өзгеретіні сол кездің өзінде-ақ белгіл болған (Ф.Сельми, Т.Грэм, М.Фарадей, Н.Борщов). Бертін келе нқтылы мәліметтер жинақталып, негізгі теориялық қорытындылар жасалды. Бұл ретте, әсресе электролит арқылы коллоидты ерітінділердің ұю теориясына әйгілі совет ғалымдары Б.В.Дерягин шәкірттерімен, Г.А.Ребиндер және оның ғлыим мектебі, Ю.М.Глазмен және бақалар үлкен үлес қосты. Сонымен тәжірибе кезіндегі мәліметтер мен теориялық ерітінділерді электролит көмегімен ұйыту заңдылықтарын ұю ережелері деген атпен былай топтастыруға болады: 1) ұюды (коагуляцияны) кез келген электролит тудырады, бірақ оның жылдамдығы элетролит концентрация белгілі мәнге жеткенде ғана байқалады; осы мәннен асқанда ғана коллоидты ерітіндінің ұюы байқалатын ең кіші концентрацияны «ұю табалдырығы» дейді; 2) коллоидты бөлшек зарядына, тек электролиттегі кері зарядталған ионның ғана ұйыту қабілеті байқалады және мұндай электролиттің валенттілігі көбейген сайын оның ұйыту қабілеті де артады; мұның күкіртті мышьяк гидрозолінің ұюын зерттегенде 1882 жылы Шульц және 1900 жылы Гарди бірінші болып анықтағандықтан, Шульц-Гарди ережесі деп те атайды; 3) органикалық қатардағы иондардың ұйыту әсері, олардың адсорбциялық қабілетіне орай өседі; 4) бейорганикалық иондар қатарында, олардың гидротациялану активтілігі валенттілік төмендеген сайын ұйытушылығы артады; мысалы, бір валентті катиондар мен аниондар тарындағы олардың гидротациялану және ұйыту активтіліктері келесі жүйе бойынша өзгереді:
Мұндай бір валенттіліктегі гидратация дәоежесінің кему ретіне орай орналасқан қатарларды лиотрапты немесе Гофмейстер қатры деп атайды; 5) көбінесе ұю процесі басталған сәтте дзета-потенциал төмендеп, өз шегіне (шамамен 0,036) жетеді; 6) электролит қосып ұйытылған коллоидты ерітіндідегі тұнбаға ұйып түскен шөгіндіде, әрқашан оны осы күйге жеткізген иондар бірге болады; мысалы, барий хлоридінің көмегімен күкіртті мышьяктің золін ұйытанда тұнбаға түскен теріс зарядталған бөлшектерден тұратын шөгіндімен бірге барий катионының едәуір саны кедеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |