Коллоидты системалар дисперсті фаза мен дисперстік орта арасындағы өзара әрекеттесудің әлсіз болатындығымен, тұрақсыздығымен, уақыт өткен сайын өзінің дисперстілігін кемітуге бейімділігімен сипатталады. Коллоидты ерітінділердің термодинамикалық тепе-теңдсіздігі мен олардың бұзылу жылдамдықтарының арасында белгілі бір тәуелділік жоқ. Мұндай өзгерістерді тек жекеленген коллоидты системадағы бөлшектердің ірілену механизмін нақтылы зерттеп қана сипатауға болады.
Коллоидты ерітінділердің дисперстілігін азайтудың екі тәсілі бар. олардың бірі қайта кристалдану кезінде кездесетін ұсақ бөлшектердің ірілерге келіп енуімен жүзеге асады. Келесісі дисперсті фазадағы бөлшектердің бір-біріне жбысуы. Екінші тәсілі жиі кездесетін және оны коагуляция, яғни коллоидты ерітіндінің ұюы деп атйды. Коагуляция процесі кезіндегі дисперстіліктің өзгерісін система лайлығының көбеюіненбайқауға болады. Ал жоғары дисперсті металл золіндегі ұю құбылысы бояу түрінің өзгеруі арқылы, мысалы, алтын золі ұйығында, оның реңі қызыл түстен көгілдірге түрленеді. Ұю процесінің бірді жылдам, бірде баяу жүруінің мәні қолданбалы жағдайлар үшін өте қажетті болғандықтан, оны зерттеудің орны ерекше. Ендеше коллоидты ерітінділерді ұйыту құбылыстарының бірден-бір көп таралған түрлерін қарастырайық.