Модуль білім берудегі интеграция. Инклюзивті білім берудің дамуы


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет8/21
Дата25.11.2023
өлшемі108,06 Kb.
#125965
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Дәріс (1)

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Инклюзивті білім беру жағдайындағы арнайы педагогтың құзыреттілігіне сипаттама беріңіз
2. Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалім мүмкіндігі шектеулі бала туралы не білуі қажет
Дәріс 5 . Ерекше білім алу қажеттілігін анықтау. Ерекше білім алуды қажет ететін балалар тобы.
Ерекше білім алуды қажет ету (ЕБҚ) – бұл мектептің баланың ерекше мінез-құлқына негізделіп білім алуындағы тосқауылға басты назар аударту емес, керісінше инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес жемісті білім алуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, сондықтан да көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған.
Қазақстанда ЕБҚ бар балаларға "денсаулыққа байланысты және арнайы жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындықтарды бар тұлғалар" жатады [5].
Экономикалық іскерлікті ұйымдастыру мен дамыту (ЭІҰД) елдерінде «ерекше білімді қажет ету» термині психикалық және дене дамуындағы ерекшелік, мінез-құлық пен қабылдауындағы ауытқушылық, үйде және емханада ұзақ мерзімде ем алатын, эмоционалдық проблемлары бар, толық отбасы емес, жетім, зорлық-зомбылық көрген, әскери конфликт аумағында болған балаларға қолданылады. Бұл термин сонымен қатар дарынды балаларға, яғни бала бойындағы дарындылығы мен жеке қасиеттерін таныту үшінде кеңінен қолданылады. [17].
Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады- бұл оқушылардың психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы, онсыз сапалы білім алу мүмкін емес. Ерекше білімді қажет ететін балалар топтары төмендегідей бөліп көрсетіледі:
1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі ауытқушылығы бар балалар: көру, есту, сөйлеуде ауытқушылығы, ақыл-ойы кем, тірек-қимыл аппараты зақымдалған, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар.
2-топ. Оқытудағы ерекше қиындықтары, мінез-құлық және эмоциялық проблемалары бар балалар.
Ерекше қиындықтар ақыл-ойы қалыпты балалар және жеке оқу дағдыларын меңгеруден байқалады: оқу, жазу және санау (дисграфия, дислексия, дискалькулия және т.б.).Бұл қиындықтар уақытша сипатқа ие және балаларға сол сәтте мамандардың көмек көрсетумен жоюға болады. Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар жағымсыз психологиялық факторлар (отбасында тәрбиенің бұзылуы, ата-ана мен баланың және отбасы ішілік қатынастың бұзылуы), сонымен қатар дамуындағы ерекше проблемалардың болуынан (гипербелсенділік және толыққанды көңіл бөлмеуден, аутистикалық бұзылыстар спекторы және т.б.) құрадстарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасауда әртүрлі қиындықтарға (енжарлық, тұйықтық немесе жанжалдық, тіл алмаушылық, агрессивтілік) әкеледі.
3-топ. Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, тілдік, мәдени ерекшеліктерінен туындайтын ерекше білім алуды қажет ететін балалар. Бұл топтқа микроәлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалған балалар (ішімдік, нашақорлыққа жақын ата-аналар), толыққанды емес отбасында тәрбиеленетін балалар кіріктіріледі.
ЕБҚ бар балалардың мұндай топтарын бөлу мектепте білім алуына кедергі келтіретін және қиындық тудыратын бірде-бір оқушыны қараусыз қалдыруға жол бермейды.
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру принциптерін енгізетін ҚР жалпы білім беру педагогтары үшін ерекше білім беру қажеттілік тек баланың психикалық және дене дамуы бұзылған (мүмкіндігі шектеулі) бала ғана емес, сонымен қатар оқытуда қиындықтарға тап болған кез келген бала екенін түсіну маңызды. Психикалық және дене даму бұзылыстары жоқ екінші және үшінші топтағы балалар көбінесе психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беруде анықталмайды және жүгінбейді. Сәйкесінше, жалпы білім беретін мектеп балалардың бұл топтарын да өз назарынан қалдырмай және оны уақытында анықтап, оларға көмек көрсетуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет