Модуль білім берудегі интеграция. Инклюзивті білім берудің дамуы


Инклюзивті білім беру жағдайындағы арнайы педагогтың құзыреттілігі



бет10/21
Дата25.11.2023
өлшемі108,06 Kb.
#125965
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Дәріс (1)

1. Инклюзивті білім беру жағдайындағы арнайы педагогтың құзыреттілігі
2. Ерекше қажеттілігі бар баланы жалпы білім беру жүйесінде оқытудағы мұғалімнің орны


Жалпы білім беру мекемелеріне біріктіріп оқыту үрдісін белсенді жүргізу үшін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілуі қажет: мұғалім-дефектолог, тәрбиешілер, психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, емдік дене шынықтыру бойынша мамандар, еңбектерапевт, дәрігерлер (психоневролог, оториноларинголог, офтальмолог, кинезитерапевт). Психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баламен жұмыс жасаудың маманы ретінде арнайы педагогқа педагогикалық қолдау көрсету жүйесінде негізгі рөл жүктеледі. Жалпы білім беру шартында арнайы педагог қызметінің негізгі міндеті:
а) жалпы білім беру мекемелеріндегі тәрбиеші, қосымша қызметкер, мұғалім, оқушылар жағынан мүмкіндігі шектеулі балаларға оңды көзқарас құру;
б) психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баланың өзгешеліктерін түсінуге, оларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда мамандарға көмек көрсету;
в) жалпы білім беру жүйесіне кіріктірілген балаларды үй жағдайындағы педагогикалық мәселені тиімді шешуде ата-аналарға және қамқоршыларға кеңес беру;
г) біріктіріп оқытуға ерекше қажеттілігі бар балаларды психологиялық дайындығын қалыптастыру, оларға қажетті көмек көрсетуді анықтау, баланың дамуын модельдеу бағдарламасы мен оқытудың мониторниг нәтижесі, түзете-дамытушылық сабақтарын жүргізу және ұйымдастыру.
О.Газман педагогикалық қолдау көрсету – баланың психикалық және дене дамуына байланысты жеке проблеманы шешуде балаға қолма-қол көмек көрсетуге бағытталған мамандардың қызметі деген анықтама береді.
Жалпы білім беру шартында арнайы педагог қызметінің ерекшелігін сызба түрінде көрсетуге болады.


Біріктіріп оқыту шартында арнайы педагог қызметінің бағыты



Арнайы педагог






Кеңес беру

Арнайы (түзете-дамытушылық) көмек көрсету

Жалпы мектепке кіріктірілген бала

Интеграциялық сыныптағы оқушылар

Ата-аналар және қамқоршылар

Қосымша мамандар

Мұғалім


Арнайы педагог жұмысының негізгі бағыттарының бірі – дамуында ауытқуы бар баланың ата-анасымен тығыз қарым-қатынаста болу. Баланы оңалту мен кіріктіру бағдарламасын жүзеге асыруда ата-ана мен отбасы серіктес ретінде қарастылуы қажет. Сондықтан да білім алуында ерекше қажеттілігі бар баланы кіріктірудегі кешенді бағдарламада отбасының әлеуметтік-интеграциялық шараларды жүйелі орындау қатынастарын қалыптастыру үшін міндетті түрде ата-аналармен арнайы дайындық жұмыстары қарастырылады. Отбасы бала бойындағы әлеуетін ашуға және көтеруге көмектесу қажет: оңалту және кіріктіру. Қалыпты деңгейде дамыған баланың ата-анасы мұндай отбасымен қарым-қатынас жасаудан аулақ болады.Сол себептен арнайы педагогпен қатар барлық білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер ұжымының негізгі міндеттерінің бірі – дамуында ауытқуы бар бала отбасының басқа да отбасылармен қарым-қатынас жасауын ұйымдастыру. Жоғарыдағы серіктестік қызметті жүзеге асыру үшін мектепте ата-аналар үшін арнайы клубтар, мектептік іс-шараларға қатыстыруға көмек көрсететін арнайы топтар ұйымдастырылуы мүмкін. Сонымен қатар ата-аналарға кеңес беретін арнайы психологтар жұмыс жасау қажет. Қалыпты деңгейдегі және ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналармен әңгемелесу, дөңгелек үстел және тренингтер, арнайы дәрістер ұйымдастыру.
Арнайы педагог сабақты жүргізумен қатар мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу үрдісіне белсенді қатысады. Тәрбие педагогикалық үрдістің бір бөлігі болып жеке тұлғаның даму ерешеліктерін, өмір стратегиясын анықтайды. Тәрбиенің экзистенциальды және әлеуметтік құндылығы жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру бойынша алуантүрлі қызметін қалыптастыруға ынталандыру мен ұйымдастыру үрдісін жүзеге асырады: білім, тәжірибелік білік пен дағды, әлеуметтік қатынасты жоғарлататын шығармашылық әрекет амалы. Сондықтан да дамуында ауытқуы бар баланы мектеп ішіндегі түрлі тәрбиелік үрдіспен қатар сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру қажет.
Р.П.Дименштейн, П.Ю.Кантор, И.В.Ларикованың көзқарасы бойынша мұғалімнің сыныпқа енгізілген психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баламен жұмыс жасап, түрлі категориядағы балаға оқу материалын түсіндіру мен туындаған проблеманы шешуге қабілетті болғанда ғана жоғары бағаланатынын айтқан. Сондықтан да түрлі деңгейдегі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің жемісті болуы мұғалімнің құзыреттілік деңгейімен байланысты. Бұл біріктіріп оқыту жүйесінде мұғалімнің жұмыс жасай алу қабілеттілігін жоғарлату үшін педагогикалық кадрлардың қайта даярлануы мен біліктілігін көтеру курстарынан өтуін талап етеді.
Ерекше қажеттілігі бар бала дамуының алуантүрлігін ескере отырып, жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерінің арнайы педагогика мен психология, коррекциялық педагогика, валеология бойынша білімдерінің болуы маңызды рөл атқарады. Жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің көбіне оқытудың көрнекілік және дамытушылық сипаттағы жеке және әр түрлі амалдардың дидактикалық үрдістерін талапқа сәйкес жүзеге асырудың түзете оқу-тәрбие жұмысының амалдарын меңгеруді және сабақты беру әдістемесінің негізгі ережелерін қайта қарастыру қажет. Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалімдерге арнайы педагогика мен психология саласында ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігінің нәтижелері көптеген зерттеу жұмыстарында дәлелденген. Зерттеушілердің жұмыстарында жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің психикалық дамуы тежелген және жеңіл деңгейдегі ақыл-ойы кем балалармен қатар мінез-құлқында ауытқушылығы бар қалыпты деңгейде дамыған баламен жұмыс жасауға дайын еместігін көрсеткен.
Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалімдерді қайта даярлау кезінде инклюзивті білім берудің әлеуметтік-психологиялық аспектісіне ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені дамуында ауытқуы бар баланың білім беру жүйесіне кіріктіруде сыныптың, топтың әлеуметтік және психологиялық қалпы өзгереді. Бұл оқыту барысында қарама-қайшылық пен конфликтінің, күйзелістің және психотравмалық жағдаяттардың туындауына жол бермеу үшін мұғалім алдын алу шараларын ұйымдастыру немесе дұрыс шешім қабылдай алуы қажет. Дегенмен, әр мұғалім дамуында ауытқуы бар баламен қандай қарым-қатынаста болуын дербес анықтап шешуі керек:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет