Модуль білім берудегі интеграция. Инклюзивті білім берудің дамуы


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет6/21
Дата25.11.2023
өлшемі108,06 Kb.
#125965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Дәріс (1)

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы қазақстандық және халықаралық нормативтік құжаттарды атаңыз.
2. Халықаралық құқықтық құжаттардағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еркіндігі мен бостандығы туралы негізгі ережелеріне сипаттама беріңіз.
3. «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» Заңындағы көрсетілген кепілдіктерге сипаттама жасаңыз.


Дәріс 4. Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтардың құзыреттілігіне сипаттама


1. Инклюзивті білім беру жағдайындағы арнайы педагогтың құзыреттілігі
2. Ерекше қажеттіліктері бар баланы жалпы білім беру жүйесінде оқытудағы мұғалімнің орны


Жалпы білім беру мекемелеріне біріктіріп оқыту үрдісін белсенді жүргізу үшін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілуі қажет: мұғалім-дефектолог, тәрбиешілер, психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, емдік дене шынықтыру бойынша мамандар, еңбектерапевт, дәрігерлер (психоневролог, оториноларинголог, офтальмолог, кинезитерапевт). Психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баламен жұмыс жасаудың маманы ретінде арнайы педагогқа педагогикалық қолдау көрсету жүйесінде негізгі рөл жүктеледі. Жалпы білім беру шартында арнайы педагог қызметінің негізгі міндеті:
а) жалпы білім беру мекемелеріндегі тәрбиеші, қосымша қызметкер, мұғалім, оқушылар жағынан мүмкіндігі шектеулі балаларға оңды көзқарас құру;
б) психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баланың өзгешеліктерін түсінуге, оларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда мамандарға көмек көрсету;
в) жалпы білім беру жүйесіне кіріктірілген балаларды үй жағдайындағы педагогикалық мәселені тиімді шешуде ата-аналарға және қамқоршыларға кеңес беру;
г) біріктіріп оқытуға мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық дайындығын қалыптастыру, оларға қажетті көмек көрсетуді анықтау, баланың дамуын модельдеу бағдарламасы мен оқытудың мониторниг нәтижесі, түзете-дамытушылық сабақтарын жүргізу және ұйымдастыру.
О.Газман педагогикалық қолдау көрсету – баланың психикалық және дене дамуына байланысты жеке проблеманы шешуде балаға қолма-қол көмек көрсетуге бағытталған мамандардың қызметі деген анықтама береді.
Жалпы білім беру шартында арнайы педагог қызметінің ерекшелігін сызба түрінде көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет