Модуль білім берудегі интеграция. Инклюзивті білім берудің дамуы


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет9/21
Дата25.11.2023
өлшемі108,06 Kb.
#125965
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Дәріс (1)

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Ерекше білім алу қажеттілігін анықтама беріңіз.
2. Ерекше білім алуды қажет ететін балалар тобына қысқаша сипаттама беріңіз.


Дәріс 7. Ерекше білім алуды қажет етудің түрлері
Ерекше білім алуды қажет етудің түрлері

  1. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту.

  2. Оқытудың нәтижесін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі).

  3. Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану.

  4. Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдар, жеке оқу материалдарын даярлау.

  5. Оқытудың формасын таңдау.

  6. Тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу.

  7. Компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық.

  8. Арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психолог, логопед, арнайы педагог (олигофренопедагога, сурдопедагога, тифлопедагога).

  9. Педагог-ассистентің көмегі.

  10. Әлеуметтік – педагогикалық көмек.

Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану.
Оқытудың арнайы және альтернативті әдістерін қолдану.
Бұл білім беру қажеттілігін анықтау, ең алдымен, мұғалімнің және мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандарымен жүзеге асырылады, бірақ баланы арнайы немесе баламалы әдістерді қолдану арқылы оқыту қажеттілігі ПМПК де ұсынылуы мүмкін.
Мұғалім арнайы және баламалы әдістерді ұштастыра отырып, барлық сынып үшін оқытудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы ЕБҚ бар балаларды оқытуды жүзеге асырады. Оны біз төменгі кестеден көре аламыз.
3-кесте. Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдері.




Оқу тапсырмаларын бейімдеу және оларды оқушыға ұсыну тәсілдерінің нұсқаулары

1

Уақыт аралығында тапсырмалар саны азаяды.

2

Оқу тапсырмалары қысқартылады

3

Оқу, жазу үшін мәтін қысқартылады



4.

Басқа оқушылар орындайтын тапсырмалардан ерекшеленетін жеке тапсырмалар ұсынылады.

5

Тапсырманы орындау үшін қысқартылған және кезеңі көрсетілген нұсқаулықтар ұсынылады

6

Жаттығуды қайталау және меңгергенді бекіту үшін көп уақыт бөлінеді

7

Ауызша түсіндіру ыммен, суретпен, картинкамен, заттармен жүргізіледі

8

Сабақта көбінесе оқушының әрекет түрі ауысады

9

Жаттауға берілетін ақпарат саны азаяды

10

Жазу барысында оқушыға дауыстап жазуға рұқсат беріледі

11

Сабақта меңгерілетін жаңа сабақтың мәнін ашу үшін оқушыға заттық-тәжірибелік қызмет ұсынылады

Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларды оқыту кезінде оқытудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі жиі туындайды. Арнайы оқыту әдістері арнайы педагогикамен әзірленген және әртүрлі санаттағы балаларға арналған арнайы мектептерде қолданылады: есту, көру, ақыл-ойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті бұзылған.
Жалпы сынып жағдайында мынандай арнайы әдістер қолдануға болады: «кіші қадамдар»; заттық қызмет пен көрнекі құралдарға; «сө йлеу тілін жандандыру»; заттық және ақыл-ойы әрекетіне «алдыға қарай жылжу», меңгергенді үзбей қайталау; меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б. бұл әдістер сыныптың басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін тигізеді. Оқытудағы баламалы (альтернативті) әдістер жеке психикалық қызметтердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылыстарына негізделген оқытуда ерекше қиындықтары бар балаларға жиі қолданылады. Оқытудың баламалы әдістеріне мына әдістер кіріктіріледі: глобальды оқыту, «Нумикон» әдісі арқылы санауға үйрету, Монтессори жүйесі және басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер. Оқытудың баламалы әдістерін Оқытудың баламалы әдістерін бірінші кезекте жеке-дамыту жұмысын жүргізетін мамандары білуі және пайдалануы тиіс: психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар.

9-дәріс. Психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет