Модуль 2. Электрондық пошта
Жұмыс жасау принципі
Электрондық пошта (ағылшынша E-mail) компьютер арқылы
қатынасудың ең əәмбебап құралдарының бірі жəәне Интернеттің ең маңызды
ресурстарының бірі болып табылады. Интернеттің кез келген қолданушысы
желіде жеке поштасын құра алады.
Интернет желісі бойынша əәлемде күніне миллиондаған хаттар
жіберіліп, қабылданып жатады жəәне мұның барлығы біздер үшін күні-түні,
демалыссыз жұмыс жасауға дайын пошта қызметтерінің арқасында жүзеге
асады. Бірақ бұл жұмысты адамдар емес хаттарды немесе жай ақпарат
жіберуге жəәне қабылдауға арнайы бағдарламаланған компьютер орындайды.
Хат жіберу Интернетте тіркелген пошта жəәшіктерінің арқасында жүзеге
асады. Бұл қызмет түрін сіз де тегін қолдана аласыз.
Электронды пошта кəәдімгі конверттерге салынып алушының
мəәліметтері мен мекен-жайы көрсетіліп жіберілетін хат арқылы қатынасудың
баламасы болып табылады. Бірақ мұның ерекшелігі сол, бұл хат электронды
түрде болады жəәне компьютерден хаттарды алушыға бағыттайтын арнайы
компьютер – пошталық серверге жіберіледі де одан соң алушының пошта
жəәшігіне жеткізіледі. Барлық процедура, егер бəәрі дұрыс болса, ең көп
дегенде 3-5 минуттан артық уақыт алмайды.
Қолданушыларға электрондық хаттарды оқуға жəәне құруға мүмкіндік
беретін бағдарламалар қолданбалы агенттер деп аталады. Ондай
бағдарламалардың мысалдары:
• Microsoft Outlook
• The Bat!
• Mozilla Thunderbird
• Opera Mail
• Windows Mail
• Lotus Notes
• Apple Mail
• Evolution
• Mutt
• Claws Mail
• Sylpheed
• MailMan
• Email Viewer жəәне тағы басқалары.
Қолданушылық агент хаттарды құрады: оның мəәтінін жазуға, файлдар
қосуға, тақырыбы мен алушылардың адрестерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Электрондық поштамен браузерді ғана қолданып веб-интерфейс арқылы да
жұмыс жасауға болады.
Кез келген хатты жіберу үшін алушының адресін білу керек. «Ауылға.
Атама» деп жазуға болмайды. Бұл электрондық поштаға да қатысты.
Электрондық поштаның Internet-адресінің түрі келесідей:
«қолданушы@машина»
мұнда, айқұлақ белгісі @ қолданушы аты мен машина атын бөліп тұр.
Электронды пошта адресін толығырақ қарастырайық. Мұндағы
қолданушы аты — абоненттің идентификаторы, ал машина — доменді
білдіреді (домен туралы толығырақ 1-Модульде айтылды). Идентификатор
ретінде қолданушының атын, тегін немесе псевдонимін қолдануға болады.
Хаттың ішінде қарапайым конверттегідей, графикалық (суреттер,
кескіндер), аудио, видео жəәне басқа түрдегі тіркелген файлдар болуы мүмкін.
Қағаз хаттардағыдай, электронды хат алмасудың кейбір ерекшеліктері
бар. Ондай қатынасу əәдетте тұлғааралық немесе топтық болуы мүмкін, бірақ
кейде жаппай түрде (бір хатты көп адамға жіберген кезде) орын алуы
мүмкін. ƏӘрекеттесу түріне қарай монолог немесе диалог (егер хат алдыңғы
хатқа жауап ретінде жазылса) деп бөлуге болады. Формасы, қағаз
жағдайындағыдай, жазбаша болып келеді, бірақ егер қатынас хаттарға
тіркелген дыбыстық файлдар арқылы жүзеге асырылатын болса, ауызша деп
те айтуға болады. Сөйлесу стиліне ешқандай шектеу жоқ: мұнда іскерлік-
ресми, ауызекі сөйлесу немесе басқа да лексикаларда хат алмасуға болады.
Бұл жерде көп нəәрсе сөйлесушілер деңгейіне, олардың қарым-қатынасы мен
алға қойған мақсаттарына тəәуелді.
Электронды поштаның дəәстүрлі поштадан артықшылықтары:
• хат жазу жəәне оған жауап алу үшін елеусіз, аз уақыт жұмсалады;
• хат тасымалына қаржы жұмсалмайды;
• хаттың сəәтті жеткізілуі үшін талап етілетін шарттардың аздығы;
• басқа файл түрлерін ешқандай сақтау, тасымалдау құрылғыларына тіркемей-
ақ, хатпен бірге жіберу мүмкіндігі;
• қабылдауға жəәне есте сақтауға жеңіл адрестердің қолданылуы, адрестің түрі
қолданушы_аты @домен_аты
(мысалы:
somebody@example.com
);
• қарапайым мəәтінге қоса форматталған мəәтін жəәне кез келген файлды жіберу
мүмкіндігі;
• бір мезгілде бірнеше қолданушыға хат жіберу мүмкіндігі;
• хатты басқа қолданушыға қайта жіберу мүмкіндігі;
• хатты жеткізудің сенімділігі;
• қолданудың қарапайымдығы;
Кемшіліктері:
• Спам деп аталатын құбылыстың болуы (жаппай жарнама мен вирустық
жіберулер);
• Хаттың нақты жетуіне кепілдіктің болмауы;
• Хаттың жеткізілуінің бөгелу мүмкіндігі (бірнеше тəәулікке дейін);
• Жіберілетін хаттың көлеміне жəәне поштада сақталатын хаттардың жалпы
көлеміне шектеулердің болуы (əәр қолданушы үшін жеке белгіленуі мүмкін).
Электрондық пошта мен дəәстүрлі поштаның бір қағида бойынша
жұмыс жасауы олардың жұмысын салыстыруға мүмкіндік береді (1-сурет).
1-сурет
Кемшіліктеріне қарамастан электрондық пошта «қағаз» поштаға
қарағандай біршама қолайлы болып шықты. Электрондық хаттар көп
жағдайларда қарапайым хаттарға қарағанда тезірек жеткізіледі. Жəәне хатты
бірнеше адамға жіберу үшін оны көп данада қағазға шығарудың қажеті жоқ,
хат мəәтінін бір-ақ мəәрте компьютерде теру жеткілікті.
Электрондық пошта құру жəәне онымен веб-интерфейс арқылы
жұмыс жасау
Электрондық поштаны қолданып, Интернет желісінде хат алмасу үшін
əәркімнің жеке электрондық поштасы болуы керек. Бұл жеке пошта арнайы
пошталық сервер кеңістігінде орналасады. Электрондық пошта орналасатын
сервер əәдетте пошта иесінің қалауы бойынша немесе оның жұмыс орнына
байланысты анықталады. Жұмыс орнына байланысты мекеме домені
орналасқан сервер кеңістігінде бөлінген пошта «корпоративтік» немесе
«қызмет бабындағы пошта» деп аталса, көпшілікке арналған тегін немесе
ақылы серверлерде құрылған пошта «жеке пошта» деп аталады.
Корпоративтік пошта жұмыс бабында мекемеішілік, мекемеаралық хат
алмасуда, яғни жұмыс бабында қолданылатын болса, жеке пошта
достарыңызбен, жақындарыңызбен хат алмасуда, кейбір əәлеуметтік
желілерге тіркелуде немесе басқа да жеке басыңызға қатысты мақсаттарда
қолданылады.
Корпоративтік пошта құру əәдетте қарапайым қолданушының құзырына
кірмейді жəәне жұмыс орнында поштамен жұмыс жасау үшін арнайы
пошталық агенттік бағдарламалар қолданылады. Бірақ бүгінде мекемелердің
көпшілігі жұмыс бабындағы пошталармен веб-интерфейс арқылы да жұмыс
жасау мүмкіндігін жүзеге асырады.
Ал көпшілікке арналған пошталық қызметтердің барлығы дерлік осы
күндері өз серверлерінде құрылған пошта жəәшігімен веб-интерфейс арқылы
жұмыс жасау мүмкіндігін ұсынады. Яғни поштаңызбен жұмыс жасау үшін
арнайы бағдарламалық жабдық орнатудың қажеті жоқ: Интернетке қосылу
мүмкіндігіңіз бен браузеріңіз болса жеткілікті.
Енді көшілікке арналған тегін пошталық серверлерде пошта құру
мысалын қарастырайық. Тегін электрондық пошта қызметін əәдетте интернет-
порталдар немесе арнайы электрондық пошта қызметтері ұсынады.
Жеке пошта жəәшігін қайда құруға болады?
Бүгінде елімізде тегін пошталық қызмет ұсынатын сайттардың қатарына
Google ұсынатын gmail.com, ресейлік mail.ru, yandex.ru, rambler.ru жəәне тағы
басқалары кіреді.
Сонымен қатар отандық пошта қызметтері де жоқ емес. Енді солардың
біразына тоқталып, кейбіреулеріне сипаттама берейік:
1.
of.kz
,
forever.kz
қызметтері. Екі жобаның да авторы «Three Angles» болып
табылады. Бұл сервистер сіздің поштаңызға 100 мегабайт орын бөледі.
Қызмет иелері оларда спам-фильтр мен вирустардан қорғаныс бар деп
сендіреді.
2.
Topmail.kz
. Бұл қызмет поштаға бар болғаны 10 мб орын бөледі.
3.
Almanet.kz
. Бұл поштаны құрушы Қазақстандағы танымал кабельді
теледидар – Alma TV болып табылады. Ол жерде тіркелген пошта
жəәшіктеріне 10 мб орын бөлінеді.
4.
YK.KZ
. Поштаға қосылған кезде сізге 50 мб береді.
5.
3W.KZ
. Пошталық жəәшіктің көлемі 50 мб. Спамдар мен вирустардан
қорғаныс қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, хат келгендігі туралы SMS,
ICQ арқылы хабарлама ала аласыз.
6.
Destiny.kz
.
7.
Mail.kz
. Алматытелеком ұсынатын пошта қызметі.
8.
AIST.KZ
. Түрлі көңіл көтеретін сервистері бар жаңа пошта. Пошта тез
жеткізіледі.
Пошта құру
Барлық пошталық қызметтерде жаңа пошта құру барысы шамамен
бірдей болғандықтан оны бір пошталық қызметтің мысалында қарастыру
жеткілікті. Google-дің пошталық қызметінің негізінде жұмыс жасайтын
Қазақстандық Nur.kz сайтының мысалында, Internet Explorer браузерін
қолданып қарастырайық (кеңінен қолданылатын Windows басқару жүйесі
орнатылған компьютерлердің барлығында бар браузер). Өйткені ол бүгінде
Қазақстандық пошта қызметтерінің ішіндегі ең танымалы болып табылады
жəәне ең тиімді жағдайлар ұсынады.
1. Бұл сайтта пошта құру ешқандай қиындық тудырмайды. Ең алдымен, сіздің
құрылғыңыздағы браузердің адрес жолында пошталық қызмет адресін, яғни
mail.nur.kz адресін енгіземіз. Бұл жерде компьютер емес құрылғы сөзін
қолданатын себебіміз Интернетке қосыла алатын кез келген құрылғы арқылы
пошта жəәшігін құра аламыз. Сол кезде бізге сайттың терезесі ашылады жəәне
2-суреттен көріп отырғанымыздай поштаның сипаттамалары туралы ақпарат
шығады. «Қысқа жəәне əәдемі адрес» (Короткий и красивый адрес) жолының
астында мəәтін енгізетін ұяшыққа өзіңіздің болашақ логиніңізді, яғни жеке
идентификаторыңызды енгізіп, ұяшықтың оң жағында орналасқан
«Бостығын тексеру» (Проверить доступность) батырмасын басып оның
ешкімге тиесілі емес екендігін тексере аласыз. Ал егер ол логин бос болмай
шықса, басқасын таңдап, тағы тексересіз. Логинді енгізген кезде енгізу тіліне
назар аударыңыз, себебі жүйе тек қана латын əәріптерін қабылдайды. Логинді
тексерген соң тіркелуді бастай аласыз. Ол үшін терезенің (2-сурет) оң жақ
жоғарғы шетінде орналасқан «nur.kz-ке тіркелу» («зарегистрироваться на
nur.kz») жазуы бар сары жақтауды басасыз немесе терезенің төменгі
жағының орта тұсында орналасқан «Пошталық жəәшік құру» (создать
почтовый ящик) батырмасын басасыз (2-сурет).
1-сурет
Одан соң тіркелу терезесі ашылады (3-сурет). Ашылған терезеде
«@nur.kz қысқа пошта жəәшігін құру» ( зарегистрировать короткий почтовый
ящик @nur.kz) пунктін белгілейсіз де «Сіздің логин» (Ваш логин) жолына
пошталық жəәшігіңіз үшін таңдаған логинді енгізесіз (латын əәріптерімен
ғана). Одан соң жолдың төменгі жағында сізге пошта адресіңіздің қандай
болатындығы көрсетіледі. Ары қарай басқа ұяшықтарды толтырасыз. Сəәйкес
жолдарға атыңызды жəәне тегіңізді енгізесіз жəәне бұл жерлерде енгізу тілін
өзіңіз таңдайсыз. Жүйеге сіздің қандай ат немесе тек таңдағаныңыз маңызды
емес. «Жынысы» (пол) жолында сəәйкесінше «ƏӘйел» (женщина) немесе «Ер»
(мужчина)
белгілерін
таңдайсыз,
«Құпиясөз»
(Пароль)
жолында
құпиясөзіңізді тересіз. Бұл сөз жаттауға қиын сөз немесе заңдылығын өзіңіз
ғана түсіне алатын əәріптер, сандар, символдар жиыны болу керек.
«Құпиясөзді қайталау» (Повторить пароль) жолында құпиясөзді қайталап
енгізесіз. Егер басқа электронды поштаңыз болса, «Қосымша e-mail»
(Дополнительный e-mail) жолында көрсетсеңіз болады. Барлық жолдардағы
ұяшықтарды толтырып болған соң сізге робот емес, адам екендігіңізді растау
керек. Ол үшін суретте көрсетілген кодты немесе сөзді кескіннің оң
жағындағы ұяшыққа енгізу керек. Одан соң «Дайын» (готово) батырмасын
басасыз (3.1-сурет).
3-сурет
3.1-сурет
«Дайын» батырмасын басқаннан кейін жүйеде жаңа қолданушыны
қарсы алу терезесі ашылады. Бұл жерде сіз қолдану шарттары мен құпиялық
саясаты туралы оқуыңыз керек. Бұл процестердің барлығынан соң сіз
«Қабылдау жəәне жұмысты жалғастыру» (принять и продолжить работу)
батырмасын басасыз, бірақ бұған дейін растау кодын енгізуіңіз керек.
Мінеки, сіздің пошталық жəәшігіңіз де құрылды.
Поштамен веб-интерфейс арқылы жұмыс жасау
Жалпы айтқанда барлық пошталық қызметтердің жұмысы, кейбір ұсақ-
түйектерді ескермегенде, бірдей. Бірақ біз ұсақ-түйекке тоқталмай, керек
жəәне маңызды нəәрселерге тоқталамыз.
1. Жұмысты Nur.kz сайтында құрған поштамызға кіруден бастайық. Алдымен,
пошталық қызмет сайтын ашамыз, ол үшін ашық тұрған браузерде
www.nur.kz
сайтының адресін енгіземіз де пернетақтадан «Enter»
батырмасын басамыз. Сол кезде бізге сайттың бас терезесі ашылады (4-
сурет). Ашылған терезенің оң жақ жоғарғы бөлігінде логин мен құпиясөз
енгізетін ұяшықтарды көреміз. Сəәйкес ұяшықтарға өзіңіздің логиніңіз бен
құпиясөзіңізді енгізіңіз де «Кіру» (Войти) батырмасын басыңыз. Енгізу
кезінде логин мен құпиясөздің дұрыстығына жəәне регистр мен енгізу тіліне
назар аударыңыз.
4-сурет
Жүйеге кірген соң сізге сайттың бас терезесі ашылады. Одан кейін
терезенің оң жағының жоғары бөлігінде орналасқан сары жақтауға тінтуірді
апарсаңыз, жылжымалы мəәзір ашылады. Мəәзірден «Пошта» (почта) бөлімін
таңдаңыз.
4.1-сурет
Поштаңыздың терезесіне өтесіз, бірақ өтпестен бұрын пошта жəәшігі
біраз жүктелетін болғандықтан біршама уақыт күте тұруға тура келеді (5-
сурет). Бірнеше секундтан соң поштаның бас терезесі мен мəәзірі ашылады (6-
сурет), ал ол жердегі жағдай көбімізге таныс. Ол жерде «келген»,
«жіберілген», «белгіленген», «маңызды», «шимай» (жоба) жəәне тағы да
басқа хаттардың қапшықтары бар.
5-сурет
6-сурет
2. Nur.kz пошта қызметінің интерфейсін яғни терезесін қарастырайық.
Терезенің жоғарғы жағында бас мəәзір орналасады, бұл бас мəәзір арқылы
Nur.kz сайтының бас парағына немесе қызметтің басқа функцияларына өтуге
болады. Сонымен, сол жақта пошта жəәшігінің ең негізгі бөлігі орналасқан
(біз оларды кейінірек қарастырамыз). Ал оң жақ терезенің орта тұсында
хаттар тізімі орналасады. Поштаға кірген бойда ол жерде келген хаттар
тізімін көруге болады. Бірақ бұл тізім сіз таңдаған қапшыққа байланысты
өзгеріп отырады. Терезенің бұл аймағында біздің хаттарға қатысты орындай
алатын «жаңарту» (обновить), «белгілеу» (пометить) жəәне «тағы басқалары»
(еще) деген əәрекеттер тізімі орналасқан (7-сурет).
Айта кететін маңызды нəәрселердің бірі «баптаулар» (настройки), ол
хаттар тізімі аймағынан оң жақ жоғарғы бөлігінде орналасқан. Бұл жерде біз
поштаға қатысты күйге келтіру əәрекеттерін орындай аламыз жəәне пошта
интерфейсінің түрін таңдай аламыз: кең, қарапайым, шағын. Жəәне тізімнен
«Баптау» мəәзірін таңдау арқылы біз парақ тілі (язык страницы) (өкініштісі,
Қазақстандық сервис болса да таңдау тізімінде қазақ тілі жоқ), парақтың
максималды өлшемі (максимальный размер страницы), жедел батырмалар
(быстрые клавиши), сыртқы мазмұн (внешнее содержание), хаттар тізбегі
(цепочки писем), жұлдыздар (звёзды), жұмыс үстеліндегі хабарламалар
(уведомления на рабочем столе), батырмалар жарлығы (ярлыки кнопок),
менің суреттерім (моя картинка), контактілерді автотолтыру (автозаполнение
контактов), жарнамалар мен жазылуларды іріктеу шарттары (критерии
отбора объявлений и подпись) деген баптауларды күйге келтіре аласыз.
7-сурет
Поштамен жұмыс жасаған кезде «спам» деп аталатын құбылыс туралы
айтпауға болмайды. Спам – электронды поштаңызға сіздің келісіміңізсіз
қандай да бір тауарды немесе қызметті жарнамалау мақсатында жіберілетін
хаттар. Оны тұрғын үйлердің пошта жəәшіктеріне тегін таратылатын қағаз
жарнамалардың баламасы деп айтса да болады.
Енді келген хаттар қапшықтарының түрлерін жеке-жеке қарастырайық
(7-сурет):
• Келген хаттар қапшығы сізге жіберілген хаттардан тұрады (жоғарыда айтып
өткеніміздей, хаттарда кез келген ақпарат болуы мүмкін, хатта тіркелген
файлдың бар-жоғын хаттың оң жағында орналасқан «түйреуіш» белгісінен
біле аламыз.
• Жіберілген хаттар: бұл қапшықта сіз жіберген хаттар орналасады. Бұл
қапшықтағы хаттарда да тіркелген файлдар болуы мүмкін.
• Шимай хаттар: сіз əәлі жазып бітпеген немесе мазмұнын өзгерту үстіндегі
хаттар адресантқа (алушыға) жіберілмеген жағдайда сақталады.
• Спам-хаттар қапшығы: Бұл жерде сізге келген спам-жіберілімдер сақталады.
• Қоржын: ол жерде сіз өшірген хаттар сақталады. Бұл қапшықтың жұмысы
компьютердің «Қоржынына» өте ұқсас. Өшірілген хаттар қоржыннан
түбегейлі өшірмегенше жүйеде сақталады.
Сонымен қатар, кейбір пошталық қызметтерде келген хаттарды іздеу
үрдісін жеңілдету мақсатында хаттарды түрлі категорияларға жіктеу үшін
стандартты қапшықтардан басқа қосымша жарлықтар құруға болады. Бұл біз
қарастырып отырған nur.kz үшін де жүзеге асырылған. «Достар» қапшығын
құру керек болды дейік. Ол үшін стандартты қапшықтар тізімінің төменгі
жағында орналасқан «Жарлық құру» (Создать ярлык) сілтемесін басамыз.
Бізге «Жаңа жарлық» (новый ярлык) жылжымалы терезесі ашылады (8-
сурет):
8-сурет
Ашылған диалогтық терезеде «Жаңа жарлықтың атын енгізіңіз»
(введите название нового ярлыка) жолына құрғымыз келген қапшықтың атын
енгіземіз. Егер ол қапшықты қандай да бір қапшықтың ішіндегі қапшық етіп
құрғымыз келсе, «Жарлықтың астында орналастыру» (разместить под ярлык)
қанатбелгісін қойып, құлама тізімнен аналық қапшықты таңдаймыз (9-сурет).
Қажетті жолдарға енгізуді аяқтаған соң, жылжымалы терезенің төменгі
жағындағы «Құру» (создать) батырмасын басамыз.
9-сурет
Енді жаңадан құрылған қапшыққа жақын достарыңыздан келген
хаттарды сақтай беруге болады. Мысалы, Қазақбай Жомарттың тойға
шақыру хатын «Жақындар» категориясының ішіндегі «Достар» қапшығына
жөнелту үшін «Орналастыру» (переместить в)
белгісін басқан кезде
ашылатын мəәзірден «Жақындар/Достар» жолын таңдаймыз.
10-сурет
Хат құру, жіберу жəәне қабылдау
Хат құру жəәне жіберу
1. Электронды поштаңызға кіріңіз жəәне «Хат жазу» (написать) батырмасын
басыңыз (11-сурет);
2. Сізге хат құру терезесі ашылады (11.1-сурет);
3. «Кімге» (кому) жолында хатты алушының электронды поштасының адресін
енгізіңіз;
4. «Тақырыбы» (тема) жолында жіберілетін хатыңыздың мазмұнына қатысты
тақырыбын немесе мақсатын көрсетіңіз;
5. Қажет болған жағдайда хатқа файл тіркеуге болады;
6. Хат мəәтінін енгізіңіз;
7. «Жіберу» (отправить) батырмасын басыңыз.
11-сурет
11.1-сурет
Хаттарды қабылдау
Хаттар автоматты түрде қабылданады. Жазылған хаттар сіз
«жағымсыз» деп тапқан пошталық адрестер орналасқан «қара тізімдегі»
жіберушілерге ғана келмейді.
Келген хат «Келген хаттар» тізімінде орналасады жəәне 12-суретте
көрсетілгендей түрге ие болады. Яғни онда хатты жіберуші, тақырыбы,
жіберілген уақыты, егер хатқа файл тіркелген болса оң жақ шетте «түйреуіш»
белгісі көрсетіліп тұрады.
12-сурет
Оқылмаған хаттар «қою» қаріппен ерекшеленіп тұрады. Келген хатты
оқу үшін тізімде орналасқан хатты тінтуірдің сол жақ батырмасымен бір рет
шертсеңіз болғаны.
Сонда хаттың мазмұны ашылады. Хат мазмұнын ашқан кезде оның
тақырыбы, сіздің қай қапшығыңызда сақталғандығы, кімнің, кімдерге, қашан
жібергендігі, мазмұны, тіркелген файлдар тізімі көрініп тұрады. 13-суретте
келтірілген хат мысалында хатта ешқандай мəәтін жоқ, хатпен тек сурет
жіберілгендігін көре аламыз.
13-сурет
Жіберуші атының астында тұрған жебелікті бассаңыз хат жіберуші мен
алушылар туралы толық ақпаратты көре аласыз (14-сурет). Ашылған
жылжымалы терезені жапқыңыз келсе, жебелікті қайта бассаңыз болғаны.
14-сурет
Егер хатқа тіркелген файлды көшіріп алғыңыз келсе файл жанында
орналасқан «Жүктеу» (загрузить) сілтемесін басу керек. Сол кезде қолданып
отырған браузеріңіздің түріне байланысты файлды сақтау үшін диалогтық
терезе ашылады. Internet Explorer мысалында қарайтын болсақ, терезенің
төменгі жағында 3 батырма орналасқан жолақ пайда болады (15-сурет).
Басқан батырмаңызға сəәйкес суретке қатысты əәрекеттер орындалады.
15-сурет
Егер хат иесіне жауап бергіңіз келсе, хат мазмұнының терезесінің оң
жақ жоғарғы шетінде орналасқан «Жауап беру»
батырмасын немесе
хат мазмұнының астында орналасқан «Жауап беру» (Ответить) батырмасын
басыңыз (16-сурет).
16-сурет
Хаттарға файлдар тіркеу
Жіберілетін хаттарға түрлі файлдар тіркеуге болады. Қарапайым
мəәтіндік файлдар мен суреттерден бастап, аудио-видео, орындалатын
қосымшалық файлдарға дейін жіберуге болады. Бұл өте қарапайым жолмен
жүзеге асырылады. Сіз пошта мəәзіріндегі «Хат жазу» батырмасын басқан
соң, хат өңдеуге арналған терезе ашылады (11.1-сурет). Ашылған терезеде
«Файл тіркеу» (Прикрепить файл) сілтемесін бассаңыз, (17-сурет) файл
таңдау мүмкіндігін беретін диалогтық терезе ашылады (18-сурет).
17
-сурет
18-сурет
Ашылған диалогтық терезеде жібергіңіз келген файлды таңдап, «Ашу»
(открыть) батырмасын бассаңыз, файлыңыз жүйеге жүктеле бастайды (19-
сурет). Егер жүктелу əәрекетін болдырғыңыз келмесе «Болдымау» (Отмена)
батырмасын басыңыз.
19-сурет
Хатқа файлдарды қалауыңызша қосуға болады. Ол үшін тіркелген файл
атының астында орналасқан «Тағы да файл тірку» (Прикрепить еще один
файл) сілтемесін басасыз.
Жеке пошта жəәшігі – қолданушының алған жəәне жіберген хаттарын
сақтауға бөлінген пошта серверіндегі кеңістік.
Достарыңызбен бөлісу: |