Аванесов В.С. Тесты в социологическом исследовании. - М., 1982.
Аварьянов Л.Я. Искусство задавать вопросы. - М., 1987.
Андреенков В.Г., Маслова О.М. Методы сбора социологической информации: Методическое пособие. - М., 1985.
Белановский С.А. Фокусированное интервью. - М., 1994.
Бутенко И.А. Анкетный опрос как общение социолога с респондентом. - М., 1989.
Горшков М.К. и др. Как провести социологичекое исследование. - М., 1990.
Гречихин В.Г. Лекции по методике и технике социологических исследований.- М., 1988.
Гуревич Л.Я. Социологические и маркетинговые исследования: современные методики. – Алматы: Республиканский Издательский Комитет, 1997.
Гуров Ю.С. Методология и методика социологических исследований. - Чебоксары, 1995.
Давыдов А.А. Респондент как источник информации. - М., 1993.
Дмитриева Е.А. Метод фокус-группы. - М., 2000.
ДӘРІС. ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕРІ. ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ (СҰРАУ, БАҚЫЛАУ, ЭКСПЕРИМЕНТ, КОНТЕНТ-ТАЛДАУ, СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ) ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Мақсаты– студенттерді әлеуметтанулық зерттеудің сапалық және сандық әдістерімен таныстыру, әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасын құру талаптарын айқындау.
Сұрау
Сұрау сандық әрі сапалық әдістемелерде қолданылады. Оған қоса, сұрау - тек әлеуметтану әдісі ғана емес, ол психология, медицина, журналистика, тергеу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Бірақ, сұраудың әдістемелік мәселелері толық күйінде нақ әлеуметтануда жасалынған.
Әлеуметтану қоғамдастығынан тыс әдістердің ішінде сұрау, ең белгілісі болып табылады. Көптеген адамдардың ойынша, әлеуметтанушы - бұл қоғамдық пікірге сұрау жүргізетін адам.
Алайда мұның барлығы сұрау әдісінің белгілі шектеулігі бар екендігін естен шығармауға тиіс. Бұл жерде эмпирикалық әлеуметтанушылық және
маркетингтік мәліметтер алу үшін үш негізгі қайнар көз бар екенін назарға алу қажет. Олар мыналар:
деректік көздер;
адамдардың мінез-құлқындағы, анық әлеуметтік жағдайлардағы әлеуметтік процестердің сыртқы көріністері;
адамдардың өздері (олардың сөздері, пікірлері, бағалаулары).
Бірінші қайнар көзге құжаттар талдау әдісі сәйкес келеді, екіншісі бақылау әдісі арқылы жақсы “сезіледі”. Сұрау үшінші типтегі ақпарат алу үшін қолданылады. Сөйтіп, әлеуметтік шындық-тың зерттелетін аясы статистикалық және деректік ақпаратпен қамтамасыз етілуі неғұрлым әлсіз болып, зерттелетін құбылыстар тура бақылауға қолайсыз болған сайын, зерттеуде сұрау әдісінің рөлі мен маңызы соғұрлым арта түседі.
Сұраудың нәтижесінде алынатын әлеуметтану ақпараты мұқият және сын көзбен қарауды талап етеді. Сұраудың нәтижелері қоғамдық сананың дәл бейнесі ретінде қабылданған кез болған (және ол өте күрделі күйінде, 19- ғасырдың ортасынан бастап 20-ғасырдың 50-жылдарының басына дейін созылды). Тек 20-ғасырдың 50-жылдары ғана респонденттің, сұхбат алушы мен зерттеушінің психологиялық күйлерімен ақпарат бұрмалау факторларын есепке алып, азайтуға мүмкіндік берген арнайы зерттеулер жүргізілді.
Сұраудың мәліметтеріне, сондай-ақ саяси, экономикалық және моральдық ахуал, іріктеу сапасы, сұхбат алушының дайындық деңгейі және т.б. сөзсіз әсер етеді.