Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
Адам, индивид, тұлға. Тұлға құрылымы.
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі. Әлеуметтену процесіндегі макро және микро ортаның арақатынасы.
Тұлғаның қайта әлеуметтенуі түсінігі.
Әлеуметтенудің дұрыс жүрмеуі. Адамдардың девиантты мінез-құлығын анықтау мәселесі.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі әдебиет:
Абдикерова, Г.О. Қазіргі қоғамдағы тұлға. Алматы, Қазақ университеті, 2012, 124б.
Абдикерова, Г.О. Тұлғаның саяси әлеуметтенуі/Алматы: Қазақ ун-ті, 2002
Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы, Алматы, Қазақ университеті, 2012, 166б.
Биекенов К.Ү. Әлеуметтану тарихы, Алматы, 2010, 214б.
Нұрбекова Ж.А. Отандық әлеуметтану тарихы, Алматы, 2012, 112б.
Маулшариф М. Әлеуметтану, Алматы, 2010, 115б.
Қосымша әдебиет:
Горшков, М.К. Прикладная социология : Учеб. пособие для вузов / - М.: [ЦСП], 2003.- 309, [1] с.
Мельникова, И. В. Экономическая социология : (Учеб. пособие М-во образования и науки РК, Семипалат. гос. ун-т им. Шакарима.- Семипалатинск: Тенгри, 2001.- 62 с.
Нурбекова, Ж.А. Социология управления : Учеб.-метод. пособие для студентов гуманит. фак. вузов; КазНУ им. аль-Фараби.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2003.- 51, [3] с.
Добреньков В.И., Кравченко А.И. Фундаментальная социология М.,2003.
ДӘРІС. ЖАҢҒЫРУ МЕН УРБАНИЗАЦИЯ. ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЛАРЫ.
Мақсаты: Халық, кедейлік, өмір салты және экологияның нашарлауы арасындағы байланысты талдау.
Қазіргі кезде дүниежүзіндегі халық саны 7 миллиард шамасында. Көрсеткіш 200 миллон шамасында артық не кем болуы мүмкін. Бүл 1950 жылғы көрсеткіштен екі жарым еседей көп. Халық санының өсуіне екі себеп бар. Біріншіден, әрбір 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім корсет- кіші соңғы кезде едәуір азайған. Нәрестелердің шетінеп кетуі сиреді, ал ересектердің өмір жасы үзарды. Сонымен қатар әрбір 1000 әйелге шақ- қандағы фертильділік (бала тууга қабілеттілік) көрсеткіші өзгеріссіз қалды деуге болады. Түрғындар санына шаққандағы туу көрсеткіші де солай. Бір сөзбен айтқанда, туу көрсеткіші өлімнен әлдеқайда жоғары- лап, жыл сайын әлемде адам саны көбейді. Адам саны көбейген сайын миллиондаған халық кедейленіп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру қиынға соға бастады. Қоршаған орта ластанып, табиғи ре- сурстар сарқыла түсті. Осы мәселелердің салдарынан миграция пайда болды: адамдар бір географиялық орыннан екіншісіне ауысады. Тұрғындардың жайлы қоныс табу мақсатындағы ел ішіндегі көші
«ішкі миграция», ал мекен- жайын мемлекеттер арасында ауыстыруы
«иммиграция» терминімен белгіленеді. Миграция да біриеше әлеуметтік
мәселелерді туындатады. Бұл - жа- ңадан қоныстанушыларға қатысты мәселелер. Айталық, АҚШ сияқты кейбір мемлекеттер иммигранттарға азаматтық алу құқығын береді. Ал енді бір елдер иммигранттардың өздерін былай қойғанда, олардың балалары мен немерелеріне де азаматтық бермейді. Мысалға, түрік иммигранттарының балалары қанша жерден Германияда туып- өсіп, оқып-тәрбиеленсе де ол елдің азаматтығын ешқашан ала алмайды. Им- миграцияның осындай бірқатар салдары бар және бұл - халық өсімі мен экономикалық дамуға ғана ықпал етпейді, азаматтығы, үлты сияқгы мә- селелерден де түйткілдер шығарады.
Әлеуметтік рөлдердің туу көрсеткішіне әсері
Қазіргі өлім көрсеткіштеріне сәйкес туу коэффициенті орта есеппен әр әйелге 2,1 баладан келуі тиіс. Егер халық саны сақталуы қажет болса, онда ерлі-зайыптылардың орнын басатын екі бала және қай- гылы, оқыс оқигалардың орнын толтыру үшін бірнешеуін артық туу есепке алынады. Мүндай туу коэффициенті нөлдік халық осімі деп аталады. Егер туу коэффициенті одан томен болса келесі ұрпақ қазір- гіден аз болады. Қазіргі уақытта Италияда орта есеппен әр әйелге 1,4 баладан келеді. Бұл - мемлекет жаңа иммигранттарды қабылдамаса, италиялықтардың келесі буыны қазіргіден анагұрлым аз болады деген сөз. 14.2-кестеде көрсетілгендей, Еуропаның көптеген елдерінде жағдай дәл осындай. Қазіргі өлім-жітім көрсеткішімен халық өсімі нөлдік деңгейде тұр, ал түрақтылықты сақтау үшін бала туу коэффициент! әр әйелге 2,1-ден келуі керек. Италияда туу деңгейі неге сонша томен? Италиядағы жағдай Га- надағыға қарама-қарсы болып отыр. Көптеген италиялық эйелдер жоғары білімді, басым бөлігі жұмыс істеп, табыс табады. Эйелдер әлеуметтік түрғыда ерлермен деңгейлес. Демек, өмірлік мақсаты- на қол жеткізіп, қоғамнан өз орнын табу үшін эйелдер бала тууды екінші орынға қояды. Италиялықтар, негізінен, ауыл шаруашылыгы саласында жұмыс істемейді және балаларының барлығы мектепте оқиды, оларға отбасылық табысты арттыру үшін еңбек етудің қажеті жоқ. Италия үкіметі жұмысқа жарамсыздық жағдайында, денсаулық сақтау саласында сақтандыру, зейнетақы және т.б. түрінде қолдау- дың лайықты жүйесін қамтамасыз етеді. Яғни тұрғындар қартай- ғанда немесе ауырып қалғанда балаларының қамқорлығын көруге мүқтаж емес.
Достарыңызбен бөлісу: |