эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.
кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:
сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.);
сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).
кезең. Әлеуметтану мәліметтерін өңдеу және түсініктеме беру:
алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу);
- сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;
кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.);
мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);
зерттеудің соңғы есебін дайындау;
талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу; Оқулықтың осы бөлімінде әлеуметтану тұрғысынан зерттеу кезеңдерінің әрқайсысында жасалынатын әлеуметтанушылар қызметінің сипаттамасы берілген. Бұл тарауда кез келген әлеуметтану тұрғысынанзерттеуді дайындаудың екі принциптік кезеңдері - оның бағдарламасын және зерттеудің
іріктеу есебін жасау жөнінде айтылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Әлеуметтанулық зерттеудің кезеңдерін айтып беріңіз