Модуль мәдениет теориясы: мәдениет типологиясы, мәдени процестер Тақырып Мәдениет анатомиясы


Эссе «Күнделікті мәдениеттегі студент этикасынын көрсеткіштері»



бет4/4
Дата01.03.2023
өлшемі44,89 Kb.
#70797
1   2   3   4
Байланысты:
Модуль 1 М дениет теориясы м дениет типологиясы, м дени процест

Эссе
«Күнделікті мәдениеттегі студент этикасынын көрсеткіштері»
Студенттік жылдар тек қана қажеттілік кәсіби білімді алып қана қою емес, болашақ мамандарды маңызды интеллектуалды, мәдени және рухани дамыту. Студенттер мен оқытушылар арасында қарым-қатынас өзара сыйластық қағидаларына негізделеді, дөрекі сөйлеу, балағаттау, бөтен адамдардың қадыр қасиетіне нұқсан келтіру, моральдік және материалдық шығын келтіру, құқықа қайшы іс әркеттер жасауға жол берілмейді. Университетке кірерде ер балалар бас киімін шешуі тиіс. Студенттер сырт киімдерін киім ілгішке тапсырады. Оқу ғимаратында, кітапханада, дәрісханаларда, асхана және басқа да жалпы пайдалатын орындарда сырт киіммен жүруге тыйым салынады. Студенттер сабақ беретін, бермейтіндігіне қарамастан оқытушылармен, колледж қызметкерлерімен алдымен амандасады. Турникетте және дәліздерде студенттер алдымен оқытушыларды, қызметкерлерді, колледжге сырттан келушілерді, ер балалар – қыз балаларды, оң жақты ала отырып жібереді. Студенттер сабаққа таза, ұқыпты болып келуілері тиіс, Киім, аяқ киім, аксессуар түстеріне мән берілуі керек. Киім іскерлік, классикалық стильде ,ер балалар – жейде, қара түсті және көк түсті шалбар, бір түсті көк немесе галстук болады. Әртүрлі конфессиялардың діни киім элементтері бар киімдерді киюге тыйым салынады. Студенттер дәрісханаға сабақ басталғанға дейін келіп, дәрісханаға келген оқытумен тұрып амандасуы шарт. Сабаққа кешіккен жағдайда студент кешірім сұрап, жақын бос орынға жайғасу керек. Белгіленген орындарда ғана тамақтану керек, дәрісханада тамақтануға болмайды. Үстел үстінде қоқыс қалдыруға, түкіруге, ластауға, сағыз жабыстыруға болмайды.
Сабақ уақытында, басқа да іс шараларда ұялы телефонның дыбыс сигналы өшірулі немесе «Дыбыссыз» режиміне ауыстырылуы керек. Әр түрлі іс шараларды: жиналыстарда, салтанатты отырыстарда, іскерлік кездесулерде, мерекелерде – тәртіп пен тыныштық сақтап, сөз алғандарға құрмет көрсетуі тиіс. Қажет болған жағдайда үзіліс уақытында залдан шығып кетуге болады. Студенттер оқытушылар мен қызметкерлерді аты-жөнімен атауы тиіс. Студенттер оқытушыларды дәріс оқу уақытында бөлмеуі тиіс. Егер студент дәріс оқушыға сұрақ қойғысы келсе, қолын көтеріп, оқытушы тарапынан жауапты реакцияны тосуы керек.
Студенттер өзара қарым-қатынаста кішіпейіл болулары шарт, жолдастарын кемсітуге діни және ұлттық араңдатушылыққа жол бермеуі тиіс. Оқу үдерісінде өзаракөмек көрсету, қарым-қатынаста – шынайылылық, ашықтық, толеранттық қолданады. Жоғары курс студенттерінің төмеңгі курс студенттеріне қысым көрсету, әлімжеттік жасауға жол берілмейді. Студент міндеттері: колледж мүлкі мен кітапхана қорына ұқыпты қарауға; өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты колледждің барлық ережелері мен нұсқауларын білуге;сабақтан себепсіз қалмауға; оқу жоспарымен бектілген тапсырмаларды орындауға; уақытылы аралық және қорытынды бақылаудан өтуге. Студентке: алдау, жалған немесе оқытушыларды адасушылыққа алып келетін кез-келген іс әрекеттерге қатысуға; ғимараттарда, белгіленбеген жерлерде темеі шегуге; оқытушыларға, қызметкерлерге, жолдастарына сыйламаушылық көрсетуге; сабақтан себепсіз қалуға немесе кешігуге; оқытушының рұқсатынсыз дәрісханадан шығып кетуге; колледж аумағында спирттік ішімдік ішуге; балағаттауға; есірткі заттарын пайдалануға; дауыс көтеріп сөйлеуге; дене тәрбиесі және АӘД сабақтарынан басқа уақытта, сабаққа спорттық немесе камуфляж формасымен келуге қатаң тыйым салынады.
Қорытындылай келе этикалық нормаларды сақтау тек оларды сақтауға міндеттілік болғаны үшін ғана емес, Университеттік корпоративтік мәдениетін қалыптастыру үшін де қажет. Сонымен қатар адамдар арасында қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыру, өзіне және өзгеге сыйластық таныту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет