Модуль мәдениет теориясы: мәдениет типологиясы, мәдени процестер Тақырып Мәдениет анатомиясы


Оқу мәдениеті. Мәдениет және білім



бет3/4
Дата01.03.2023
өлшемі44,89 Kb.
#70797
1   2   3   4
Байланысты:
Модуль 1 М дениет теориясы м дениет типологиясы, м дени процест

3. Оқу мәдениеті. Мәдениет және білім.
Оқу – мәдениеттің төресі. Осы уақытта оқығанның беті жарық, оқымағанның беті көн шарық. Оқысаңыз білгір боласыз, оқымасаңыз ділгір боласыз. Бүгінде оқу мәдениетінен айырылып қалдық. Қо­ғамда қарапайым сауаттылықтың қара­байыр мәселеге айналуы осы ойға қазық бай­лауымызға мәжбүр қылып, беймаза күй­де жүретінбіз. Ойдан ой боталайтын осы бір келеңсіз ахуалдан жол табудың нә­зира үлгісін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетіп отыр.
Мемлекет басшысының жұмыс үсте­лінде танымал саясаткер Алек Росстың «Болашақтың индустриясы», израилдік та­рихшы Юваль Хараридің «ХХІ ғасырға 21 сабақ», америкалық саясаткер Параг Ханнаның «Келешектегі азиялықтар», Жү­сіп Баласағұнның «Құтты білік» сияқ­ты кітаптары тұр. Еліміздегі ең жоғары лауазымға сайланғанына 100 күн толған Пре­зиденттің оқу қағидасы туралы әңгімелеген Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Мемлекет басшысы жұмыс кес­тесінің тығыздығына қарамастан саяси әдебиет, көркем шығармалар мен жаңа ғы­лыми басылымдармен танысуға уақыт табады. Оны оқырмандардың көбінің тісі бата бер­мейтін жоғарыдағы кесек туындылардан да аңғаруға болады. «Қайталау – оқу анасы» дегендей, Президент келер жылы өтетін ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы алдында ұйымдастырылған ақын шығармаларының челенджіне қатыспас бұрын хәкімнің қара сөздерін тағы бір мұқият оқып шыққан кө­рінеді. Бұл да тамырыңа, тегіңе үңіліп оты­рудың үздік үлгісі болса керек.
Ол әлемдік классиканы, әсіресе, бұл санатта кездейсоқ айтылмайтын орыс әде­биетін бүге-шігесіне дейін біледі деуге болады. Сондай-ақ күнделікті мер­зімді басылымдарды да қалт жібермейтін Президент Time, Economist, Le Monde және Жэньминь жибао журналдарын да үзбей оқып тұрады. Және әр кітап, газет немесе журналдағы мақаланы оқығаннан кейін тиісті тапсырмалар береді. Яғни, Пре­зидентке ақпаратты алғашқы көзден алу, көп оқу тән. Бұл ретте танымал сайттар, аза­маттардың жеке хаттары да назардан тыс қалмайды. Қыс­қасы, елдегі жағдайдан, халық­тың әр тобын­дағы азаматтардың көңіл күйінен жақсы хабардар.
Жалпы, бұл – Президентке де, қалың бұқараға да пайдалы қасиет. Айталық, Азия­ның көптеген елдеріне тән болмыс деу­ге бола ма, ойлы оқырман өзі шешер, бас­шы­ға қарап бой түзейтін үрдіс бар. Яғни, бас­шы­сына қа­рап халқын тануға болады. Бұл жазыл­маған пос­тулатты өмірдің өзімен дәйек­­тейтін мысал жетерлік. Сондықтан «ханда қырық кісінің ақылы бар» дейтін халықтық тәмсілді тәпсірлей түссек, полиглот Президенттің ел басқару ісінде парасатты пайым түзуіне толық негіз бар. Бұл элек­тораттың сенімін бекіте түседі әрі жалпы жұртқа жақсы жол нұсқайды.
«Оқы да біл, ойна да күл» дейді халқымыз. Ойнап, күлу – яғни уайымсыз, қайғысыз өмір сүру үшін де көп оқу, көп дүниені то­қу керек. Оқыған, оны тоқыған жан бар істе суда жүзген балықтай, бауырын жаза шап­қан бәйгедей болмақ. Бұл – ғажап еркіндік. Өйткені тұмылдырықтың да, жүген мен ноқ­таның да, тұсаудың да, кісеннің де шектей алмайтын еркіндігі болса, ол – ой. Ойды оқу қалыптастырады. «Ой ойласаң тең ойла, тең ойласаң кең ойла» дегендей, қазіргі sapiens қанаты – қиял. Адам қиялдың арқасында ұш­қыш кілемді ұшақ қылды, самұрық құсты ерт­теп мініп еркін самғады. Өнеркәсіп төң­керіс­шілерінің өз идеяларын іске асыруына қанат бітірген қиял – оқу мен тоқу арқылы кел­ді. Сондықтан қазіргі қазақ баласына оқу керек.
Кеңес кезеңінде қазақ халқы оқырман ұлтқа айналды. Тіпті жайлауда жүрген мал­шының саптама етігінің қонышында әлдебір газет-журнал қыстырулы тұратын. Қала­лы жер­лерде кітапханалардың оқыр­ман залдары лық толы, романтикалық мүйіс­тердің бірі еді. Нарықпен ілесе келген жан­бағыс қиын­дығы оның бәрін өткен күннің ен­шісінде қал­дырды. Кезінде миллиондаған да­намен, әл­денеше тілде жарық көріп жататын қазақ әде­биетінің бүгінгі жас өкілдеріне шығарма жазу арқылы күн көру мүмкін емес. Тіпті оқу мәдениетінің кемшіндігі әдебиеттің өз өкілдерінен де сезіліп қалады. Содан да жа­дағай жазбалар оқырманын таппайды, тап­қаны оқырманының көңілін қалдырады. Сонымен бірге кітап оқу қолына қалам ұс­таған қауымның ғана ғадеті болмауы тиіс. Қазір қарым-қатынастың, коммуникацияның за­маны. Мемлекет басқару ісінде, бизнесте, өнерде болсын, аудитория алдындағы беделді биіктетуге бірден-бір ықпал ететін ең бірінші дүние – тренингтер де, семинарлар да емес, оқу, оқу арқылы тоқу. Әйтпесе ойы шолақтың сөзі де, ісі де олақ болып қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет