Модуль Механизмдердің құрылымы және кинематикалық зерттеу Дәріс 1 Тақырып 1: «Машиналармен механизмдердің құрылымы және классификациясы»



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата08.02.2022
өлшемі232,13 Kb.
#25044
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция 1

 

Сұрақтар:  

1.Кіріспе. Машиналар және олардың классиффикациясы 

2. Машиналы агрегат туралы ұғым 

  3. Механизмдердің классификациясы 

 

1.  Механизмдер  мен  машиналар  теориясы  –машина  және  механизмдер 

қасиеттерін  зерттеудің  жалпылама  әдістерін  қарастыра  отырып,  оларды 

жобалау  туралы  ғылым.  Қазіргі  заман  талаптарына  сәйкес  техниканың 

дамуын  кӛрсететін салалардың  бірі  – машина  жасау  саласы.  Машина  жасау 

саласының  жетістіктеріне  байланысты  мемлекеттің  қандай  дәрежеде 

дамығанын  бағалауға  болады.  Машина  жасау  саласының  алға  басуы  жаңа 

жоғарғы  ӛнімділікті  және  сенімді  машиналарды  жасаумен  анықталады.  Бұл 

маңызды  міндетті  шешудің  негізі  ретінде  болашақ  маманның  кӛптеген 

пәндерден  алған  білімдерін  тиімді  пайдалана  білуінде.  Солардың  арасында 

машина  мен  механизмдер  теориясының  алатын  орны  ерекше.  Ол 

кинематикалық  және  динамикалық  механизмдер  құрылымының  қатынасын 

анализбен және синтезбен анықтайды.      

Машина  жасау,  ауыр  ӛнеркәсіп  салаларының  комплексі,  еңбек  құрал 

жабдықтарын дайындайды. 

Машина  жасаудың  басты  міндеті  -  ӛнеркәсіп  барлық  салаларын,  ауыл 

шаруашылығымен  ғылымды  жоғары  сапалы  және  жоғары  ӛнімді 

механизмдермен,  машиналармен,  станоктармен  және  приборлармен 

қамтамасыз  ету.  Иінтіректі  механизмдер  техниканың  әртүрлі  облыстарында 

кең  қолданылады.  Олар  әртүрлі  технологиялық  машиналар,  кӛтергіш  және 

кӛліктік  құрылғылар,  манипуляторлар  және ӛнеркәсіптік  жұмыстар  жасауда 

қолданылады. 

Әр  түрлі  приборларда,  машиналарда,  автоматтарда  және  автоматты 

жүйелерде 

қолданылатын 

механизмдерді 

жетілдіруде 

және 

жаңа 


машиналармен 

механизмдердің 

жобасын 

жасауда 


машиналармен 

механизмдер теориясы ерекше орын алады. 

Машиналармен  механизмдерінің    теориясы  механиканың  жалпы 

принциптерімен  заңдарына  сүйене  отырып,  қазір  де  бар  механизмдерді 

зерттейді  және  жаңа  ерекше  механизмдер  жүйесін  жасау  әдістерін 

қарастырады. 

Бұл  ғылым  механизмдердің  структурасын(құрылымын),геометриясын, 

кинематикалық  және  динамикалық  параметрлерін  зерттейді.  Машиналар 

механизмдерінің  теориясында  абстракциялау  әдісі  ерекше  үлкен  роль 

атқарады.  




Мәселен  механизмдер  анализі(талдауы)  және  синтезінде  оның 

кинематикалық  сұлбасы  ғана  қарастырылады.  Механизмдердің  сұлбасында 

олардың  кинематикалық  ерекшеліктері  ғана  белгіленіп,  буындардың  

конструкциялық  пішімдері  еске  алынбайды,  ал  механизмдердің  қатаң 

буындары абсолют қатты дене есебінде қарастырылады. 

Механизмдер  мен  машина  теориясының  дамуы  машина  жасау 

дамуымен  тығыз  байланысты.  18  ғасыр  аяғында  машина  мен  механизмдер 

теориясы дами бастады. Мысалы, алғашқы машиналық үйкелісінің шығуына 

байланысты  үйкеліс заңы туралы оқу қажет болды. Бұл жұмыспен француз 

ғалымы Лукон айналысты. 

Беріліс  механизмінде  машина  жылдамдығының  үлкеюі-тісті  берілісі 

болып табылады. Тісті ілініс теориясында ізденушілер пайда болды. (Виллис, 

Эйлер және т.б.) 

1794  жылы  белгілі  француз  ғалымы  Гаспар  Монж  Парижде  машина 

жасау  саласындағы  белгілі  ғылыми  орталық  болып  табылатын  бірінші 

әлемдік политехникалық мектеп ұйымдастырды.  

 Машина  мен  механизмдер  теориясын  жасауға  кӛп  еңбек  сіңірген 

ғалымдар:  П.Л.  Чебышев(1821-1899)-математик,  механик-  механизмдерді 

талдау  теориясын жасады,  арифмометрді ойлап  тапты,40-тан  астам  әр  түрлі 

механизмдер  құрылымын  құрастырды.  И.А.  Вышнеградский  (1831-1895)- 

автоматты түрде басқару теориясының негізін құрды, Н.Е. Жуковский –қатты 

рычаг  теориясының  авторы,бұранда  орамына  түсетін  күшті  бірінші 

анықтады. 

Сонымен 


қатар 

профессорлар: 

Н.П. 

Попова 


майлы 

гидродинамикалық теориясын; Н.И. Мерцалова – кеңістік механизм саласын 

зерттеу  үшін  үлестерін  қосты;    Л.В.  Ассур-  құрылымдық  саласында  жазық 

механизмдердің  құру  жолдары  мен  олардың  классификациясын  бірінші  рет 

1914  жылы  жасады.  Кейінен  академик  И.И.  Артоболевский  осы  әдісті 

кеңістік механизмдер үшін пайдаланды. 

Машина мен механизмдер теориясы келесідей ғалымдардың жұмысына 

негізделген:  И.И.  Артоболевский,  Н.Г.  Бруцевич,  В.В.  Добровольский,  В.П. 

Горячкин,Ӛ.А.  Жолдасбеков,  Ш.М.  Айталиев,  Е.Р.  Рахимов,  С.Д.Тәжібаев,  

Л.П. Смирнов, Г.Г. Баранов, С.Н.Кожевников, В.А. Зиновьев, және т.б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет