Ӛз ара
кинематикалық жұп жасап байланысқан буындар жүйесі
кинематикалық тізбек құрайды.
Мысалы: Іштен жану қозғалтқышындағы
иінді білік қозғалмайтын подшипникпен кинематикалық жұп құрайды.
Шатун иінді білікпен екінші кинематикалық жұп құрайды, поршень
шатунмен үшінші, поршень цилиндр мен тӛртінші, ал осы кинематикалық
жұптардың байланысы кинематикалық тізбекті құрайды.
Сондықтан, кез келген машинаның негізінде кинематикалық тізбек
болады.
Кинематикалық тізбектер келесі түрлерге бӛлінеді:
1.Қарапайым: Сурет 3, а-тұйықталған және б- тұйықталмаған
2. Күрделі : Сурет 4, в- тұйықталған және г- тұйықталмаған
Бір, немесе бірнеше звенолардың берілген қозғалыс заңына қарасты қалған
барлық звенолары бір мәңді анықталатын қозғалыс жасайтын кинематикалық
тізбек механизм болып табылады.
Звенолары ӛз ара тек қана тӛменгі жұп құрайтын механизм рычагты
механизм болып табылады.
Звенолары тек қана айналмалы жұп құрайтын рычагты механизм
топсалы /шарнирлі/ механизм деп аталады.
Звенолары тек ілгерілемелі жұп жасайтын механизм сыналы
механизм деп, ал винтті кинематикалық жұп жасайтын звенолар құрамына
енетін механизм винтті механизм деп аталады.