Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі



бет56/68
Дата27.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#130222
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

2. Рөлдік конфликт бір уақытта бірнеше рөлдерді іске асырудаң
мүмкін еместігімен байланысты, (рөларалық тұлғаішілік конфликт) сондай-ақ,
тұлғаның бір рөлді атқаруға қойылатын талаптарды әр түрліше түсінуімен
байланысты (ішкірөлдік- конфликт) сезімдерден айқындалады. Бұл түрге екі
құндылық, стратегиялар немесе өмірдің мәні арасындағы тұлғаішілік
конфликтілер жатады(Родных, 1993; Скалепов, 1995).
3. Адаптациялық конфликт кең мағынада, яғни субьект пен қоршаған
орта арасындағы тепе- теңдіктің бұзылуы негізінде пайда болатын қайшылық
ретінде, ал тар мағынада - әлеуметтік немесе кәсіби бейімделу процесінің
бұзылуы кезінде пайда болатын қайшылық ретінде түсініледі. Бұл шындық
талаптарымен адамның мүмкіндіктері (кәсіби, физикалық, психологиялық)
арасындағы конфликт (Сенокосов, 1989). Тұлға мүмкіндіктерінің орта немесе
іс- әрекет талаптарына сәйкес келмеуі уақытша даяр болмау ретінде,
сондай-ақ , қойылған талаптарды орындауға қабілетсіздік ретінде
қарастырылуы мүмкін.
4. Адекватты емес өзін - өзі бағалау конфликтісі. Тұлғаның өзін-өзі
бағалау адекваттылығы оның сыншылдығына, өзіне талап қоюшылығына,
табыстар мен сәтсіздіктерге деген қатынастарына тәуелді. Талаптанулар мен
өз мүмкіндіктерін бағалау арасындағы айырмашылықтар адамда жоғары
мазасыздану, эмоционалдық олқылықтардың және т.б. пайда болуына әкеп
соқтырады (Петровский, Ярошевский, 1990). Адекватты емес өзін-өзі бағалау
конфликтілерінің ішінен тым жоғары өзін-өзі бағалау мен өз
мүмкіндіктерін шынайы бағалау ұмтылыстарының арасындағы (Юферова,
1975), өзін-өзі бағалаудың төмендігі мен адамның обьективті жетістіктерін
ұғыну арасындағы, сондай-ақ бір жағынан, максималды табысқа жету үшін
талаптануды көтеруге, ал екінші жағынан, сәтсіздіктерге ұрынбау үшін
талаптануды төмендетуге ұмтылыстың арасындағы (Хекхаузен, 1986).
Конфликтілерді бөліп көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет