Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі


Дағдының қалыптастырудағы жаттығудың маңызы



бет13/68
Дата27.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#130222
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

Дағдының қалыптастырудағы жаттығудың маңызы. 
Дағды жаттығу процесінде қалыптасады.Оны қалыптастыру үшін жай
қайталау жеткіліксіз, оған арнайы жаттығу қажет. Мәселен, мылтық атып
дағдылану үшін түрлі ату әдістерін, жүзіп дағдылану үшін жүзу әдістерін
меңгеру керек болады.
Кез келген қайталаудан жаттығу шықпайды. Мәселен, адамның нашар
жазуы, көп қайталағанмен түзелмейді. Себебі, мұнда арнайы жаттығулар
жүйесі жоқ.. Жаттығу жөнінде белгілі ережелерді білмей, яғни дағдыны
қалыптастыру, жаттығу қандай жолмен жүріп отыратындығымен таныспай,
қандай дағдыға болса да ие болу қиын. Адамның дағдыға машықтана
алушылығын төмендегі белгілер көрсете алады.
Біріншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуы, оның нәтижесін үнемі
біліп отыруға байланысты. Дағдыны қалыптастырудың нәтижелігі жаттығуға
кеткен уақыттың азаюынан, орындау сапасының жақсаруынан, қателердің
болмауынан, орынсыз шұғылданып, зорланып істеудің жойылуынан көрінеді.
Мәселен, белгілі амалды қайталап орындаған сайын адам өзінің жетістігі
туралы, орындауда кеткен кемшіліктерді сезгендігі туралы, жіберген қателері
туралы есеп берсе, келесі жаттығуларда дағды бұрынғысынан гөрі шапшаңырақ
дамитын болады.
Екіншіден,
дағдыланушы
адам
жаттығуға
біртіндеп
кіріссе,
жаттығулардың арасын уақыт жөнінен дұрыс бөлсе, үзілістер жасап отырса,
үйрену әдістерін жетілдірсе, үйренуге өзінің қатынасын жақсартса, үйрететін
дағдысының өзіндік ерекшеліктерін білсе, дағды нәтижелі болумен қатар тез
қалыптасып, сонынан берік орнығатын болады.
Үшіншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтіретін түрлі
себептерді білудің маңызы зор. Мұның біріншісі – объективтік, екіншісі
субъективтік деп аталынады. Объективтік себептердің (яғни дағдыланушы
адамның жеке басына қатысы жоқ кедергінің) біріне дағдыға қажетті құрал-
жабдықтардың сапасының нашар болып келуін жатқызуға болады. Мәселен,
жазуға алғаш үйренген кезде баланың сиясы сұйық, қағазы нашар, қаламұшы
бұзық болса, жазу дағдысының тезірек қалыптасуына бөгет жасайды. Сондай-
ақ оқу кітаптарының шрифтерінің ұсақ болуы, класс жарығының кемдігі,
ауаның нашарлығы, отыратын партаның қолайсыздығы т.б. мектептік
дағдылардың ойдағыдай дамуына кедергі келтіретін объективтік кеселдер



болып табылады. Мұғалімдер тарапынан болатын қате нұсқаулар мен


түсіндірулер де осындай себептердің қатарына жатады.
Ал субъективтік себептерді адамның жеке басынан іздестіру қажет. Егер
адамның түрлі дағдыларды меңгеруге ықыласы болмаса, табансыздық көрсетсе,
ол тез арада машықтана алмайды. Мәселен, біреулердің велосипед тебуді тез
үйреніп, екінші біреулердің көпке дейін тебе алмайтындығы осы секілді жеке
қасиеттерінің ерекшелігіне де байланысты болады. Дағдыға машықтанар
алдында адам не нәрсеге қол жеткізуі керек, мұны қандай қажеті үшін
үйренетіндігін, мүддесіне сәйкес келетін-келмейтіндігін айқын түсініп отыруы
қажет. Субъективтік себептердің біразы осы секілді мақсаттың айқын
болмауынан да туып отырады. Мұндайда адам өзінің жасын, денсаулығы мен
дене бітісін, нерв жүйесінің ерекшеліктерін ескеріп отырмаса да болмайды.
Осы айтылғандар дағдыны меңгерудің қосымша шарттары ьолып есептеледі.
Дағдылану үсінде қандай болмасын бір ұтымды әдісті тауып алу, мұны
кейіннен нығайиып бекіту – осы айтылған екі жағдайда үйренушінің есінде
болатын негізгі факторлар. Мұндайда адам: «О, мен істің тетігін енді таптым,
айласына түсіндім », - дейді. Осыдан былай қарай адамда жаттығудың барысы
арта бастайды, іс шапшаң орындалып және сапалы бола түседі.
Кейін дағдының нығаю, автоматталына бастау кезінде оның орындалуы
көзге түсерліктей болмайды. Дағдыларға жаттығудың алғашқы кезеңінде адам
неге дағдыланса да табысты болады, сондықтан да осы моментті өрнектейтін
қисық сызық ылғи да жоғары көтеріліп тұрады. Кейбір дағдылардың әдістерін
меңгеру тез уақыт ішінде жүзеге аспайды. Осыған орай оның қисық сызығы да
бірден көтеріле қоймайды. Ал істің айласын, тетігін біліп алғаннан кейін бірден
көзге түсіп, көтерілетін болады.
Осындай көріністерді желеу етіп кейбір психологтар дағды белгілі шекке
дейін дамиды, одан аса алмайды дегенді айтады. «Физиологиялық шек»
теориясын жақтаушылар осындай пікірлері «адамның дағдыларын жазмыш
билейді» дейтін жалған түсісніктің бір нұсқасы. Шындығында адамға барлық
психикалық құбылыстарын, сондай-ақ дағды әдеттерін қалағанынша дамыта
алуына болады. Оның дамуы еш нәрсемен шектелмейді. Өйткені бұлордың
қалыптасуы үлкен еңбекке, сан алуан жаттығулар мен қайталауларға негізделіп
отырылады.
Дағдылардың өзара қатынасы түрліше жағдайда көрінеді. Кейде бұрынғы
дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына көмектеседі, енді біреулері
керісінше, кейінгілерінің қалыптасуына кедергі келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет