Модуль 1. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ
САНАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
КОНТЕКСТІНДЕГІ
ТҰЛҒА
1.1 Психологияға кіріспе
Жоспар
1. Психология ғылым ретінде.
2. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және
міндеттері.
3. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту
жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні.
4. Психологияның әдістері мен әдістемелері.
5. Психология тиімді өмір сүру факторы ретінде (бизнес, спорт,
денсаулық сақтау, жарнама психологиясы және т.б.).
Негізгі түсініктер:психология, сана, психологиялық әдістер
Психология - психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және
қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Психологиялық
құбылыс (түйсік, елес, ой, сезім, ерік, қабілет, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз
тәжірибемізден жақсы мәлім, күнделікті тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір
қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырата да білетін сияқтымыз.
Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы жан-
жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың
өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы
қарастырады. Психология - ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |