Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


Дүниетаным,  сенім және мұрат



Pdf көрінісі
бет16/101
Дата28.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#24481
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

Дүниетаным,  сенім және мұрат 
Жеке  адам  психологиясының  неге  бағытталғандығын  көрсететін  негізгі 
компоненттердің  бірі  –  адамның  дүниетанымы  мен  сенімі.  Дүниетаным  – 
адамның 
табиғат, 
қоғамдық 
өмірі 
туралы 
білімдерінің 
жүйесі. 
Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идиолизмге жат, дәйекті ғылыми-
материалистік  дүниетаным. Оның басты ерекшелігі – ғылымға негізделетіндігі. 
Бірден-бір  ақиқат  –  дүниенің  даму  заңдарын  дұрыс  түсіндіретін  ғылымға 
негізделген  дүниетаным  ғана  адам  психологиясына  дұрыс  бағыт  береді.  Кісі 
еңбегін  қанайтын  адамдардың  дүниетанымы  мейлінше  рекцияшыл  болады. 
Өзімшілдік,  адамға  деген  өшпенділік,  шыныдықты  көре-тұра  бұрмалау, 
пессимизмге  салыну  –  керітартпа  дүниетанымның  басты  белгісі.  Адамдардың 
дүниетанымы  ұжымшылдықты,  гуманизмді  (еңбек  адамын  құрметтей  білу), 
оптимизмді  (жарқын  болашаққа  сену)  дәріптеп  қоймай,  әр  адамды  дүниені 
қайта  құру  жолындағы  жан  қиярлық  күреске  баулиды.Дүниетанымның  негізгі 


 
 
бастауыш  мектептің  өзінде  қаланады  да  бала  кімелетке  келгенде  оның 
дүниетанымы  біршама  қалыптасады.  Адамның  алдына  қойылған  мақсатының 
айқын  болуы,  дүнетанымның  өмірмен  байланыстылығы  берік  сенімнен  туады. 
Адамның  дүниетанымына  берік  сенім  нақты  іс-әрекеті  мен  тәжірибесіне 
байланысты,  бекімеген  дүниетаным  берік  болмайды.  Сенім  мен  дүниетаным 
қатарласып  жүрсе  ғана  адам  санасы  нұрлана  түседі.  Өйткені  бұл  екуі  құстың 
қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ 
жерде  тыңғылықты  дүниетаным  да,  тұрақты  мінез-құлық  та  болмайды.  Сенімі 
қалыптаспаған адамның шындықтың жай жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден 
өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді.  Оны өмір  толқыны 
біресе  анда,  біресе  мұнда  соқтырады  да,  мінез-құлықты  көлденең  кез  келген 
кездейсоқ  жағдайлар  билеп  кетіп  отырады.  Осындай  адамдардың 
психологиясын орыстың ұлы жазушысы Н.В.Гоголь тамаша крсеткен: «Әрі-сәрі 
адамдар,  бұлар  ол  да  емес,  бұл  да  емес,  қандай  адам  екенін  түсіне  алмайсың, 
қаладағы  Богдан  да  емес,  селодағы  Селифан  да  емес».  Қай  адамның  болса  да 
өзінше бір түсінігі болады. Бірақ осының бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек 
ғылымға  негізделген  түсінік  қана,  адамның  сенімімен,  іс-әрекетімен  тығыз 
ұштсқан  дүниетаным  ғана  бірден-бір  дұрыс  дүниетаным  болады.  Адамзаттың 
сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші-
сенім.  Сенім–пікір  талас,  көзқарас  қақтығысынды,  имперализмге  кең  қол 
ашылғанда  ғана  шыңдала  түседі.  Ол  адамға  бірден  келмейді,  сенім  өмір 
көріністерін  топшылау,  кесіп,  пішіп  көру,  тәжірибе  жинақтап,  соны  қорыту 
арқылы,  терң,  тиянақты  білім  негізінде  қалыптасады.  Сенім-пікір  талас, 
көзқарас  қақтығысында,  империализмге  кең  қол  ашылғанда  ғана  шыңдала 
түседі.  Ол  адамға  бірден  келмейді,  сенім  өмір  көріністерін  топшылау,  кесіп, 
пішіп  көру,  тәжірибе  жинақтап,  соны  қорыту  арқылы,  терң,  тиянақты  білім 
негізінде қалыптасады. Сенім – кісінің еркін білдірген, сезімін қозғаған, мақсат-
мүддесіне,  бағыт-бағдарына  айналған  білім  жүйесі.  Мұндай  дүниетанымды 
қалыптастыру  үшін  адамға  бәрінен  бұрын  білім  негіздерін  меңгеру  қажет. 
Білімсіз  дүниетаным  қорланбайды.  Өйткені  білім  –  дүниетанымды 
қалыптастыратын  негізгі  құрылыс  материалы.  Ал  адамның алған  білімі  бөлек-
бөлек  кірпіш  сияқты  шашылып  жатса  (әңгіме  білімді  қалай  болсасолай,  жеңіл 
«меңгеретіндер»  туралы  болып  отыр),  әрине  ондай  білім  түкке  тұрмайды.  Тек 
зердесіне  құйылған,  саналылықпен  меңгерілген,  белгілі  жүйемен  алған  білм 
ғана  адамның  дүниетанымына  негіз  бола  алады.  Сайып  келгенде,  ғылымға 
негізделген  белгілі  дүниетанымы,айқын  мақсаты  бар  адамның  ғана 
психологиялық қасиеті жоғары болатыны белгілі. Ондай адам үнемі ар-ұятымен 
жүріп тұрады. Мәселен, бір адам жұмыс үстінде ағаттық істеп, қателескен екен 
дейік.  Оның  қатесін  жасырып,  бүркеп  қалуға  да  мүмкіндігі  бар  еді,  бірақ  осы 
ағаттығын    адамгершілікке  жатпйтын  қылық  деп  түсінеді.  Жаңағы  қателескен 
адам өзінің қатесін монына алуды бірден-бір дұрыс деп табады.  
Жеке  адамның  психикасын  нұрландыратын  қасиеттің  енді  бірі  –  м  ұ  р  а  т 
(идеал).  Бұл  –  адамның  өзіне  өмірден  өнеге  іздеу,  біреуді  ардақ  тұтып, 
қастерлеуі. Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам 
оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. 
Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, 


 
 
сөз  бен  істің  байланысы  бар  жерде  ғана  болады.  Оқушыларды  асыл  мұраттар 
рухында  тәрбиелеу  –  бастауыш  мектеп  мұғалімдерінің  де  басты  міндеттерінің 
бірі. 
Жеке  адам  психологиясынан  елеулі  орын  алатын  қасиеттерінің  бірі  – 
талғам.бьұл  адамның  дүниетанымы  мен  сеніміне,  өмірлік  позисиясына,  бағыт 
пен  мұратына,  бағдарына,  мақсатына  байланысып  жатады.  Коммунистік 
қоғамда тәрбиеленген кеңес адамының талғамы буржуазиялық қоғамдағы үстеп 
тап  адамының  талғамынан  сапалық  айырмасы  бар.  Талғамға  адамның  білімі, 
тәрбиесі,  ортасы,  тәжірибесі  де  елеулі  әсер  етеді.  Модаға  (сән)  байланысты  да 
адамдарда  түрлі  талғам  орын  алады.  Мәселен,  кейбір  адамдардың  ала-құла, 
көзге  қораш  киінуін  талғамы  дұрыс  талғамдұрыс,  жүйелі  жақсы  тәрбиенің 
нәтижесі. 
Қызығу,  сенім,  талап,  мұрат  адамды  әр  кезде  іс-әрекетке  итермелеп 
отыратын  ең  негізгі  қозғаушы  мотивтер  болып  табылады.  Бұлар  адамның 
басында айқын да анық сәулеленіп отырады. Бұлар адамның басында айқын да 
анық сәулеленіп отырады.Бірақ мотивтердің кез-келгені осындай пәрменді бола 
бермейді. Мән мәнісі адамға онша айқын емес, көмескі күңгіртболып көрінетін 
мотивтер  де  толып  жатыр.  Осы  топтағы  мотивтердің  қатарына  б  а  ғ  д  а  р 
(установка), ф р у с т р а ц и я, е л і г у, с т е р и о п т и п т е р д і  жатқызуға 
болады.  Енді  осылардың  кейбіріне  қысқаша  тоқталып  өтейік.  Мәселен,  грузин 
психолыгы, академик Д. Н. Узнадзе (1886-1950) зерттеген бағдар теориясының 
мәні  мына  төмендегі  қарапайым  тәжірибеден  жақсы  байқалады.  Салмағында 
айрмасы  бар  екі  шарды  қолымен  10-15  ұстап  көрген  адам  бұлардың 
айырмашылығын оп-оңай сезе алады. Кейін осы кісіге салмағы бірдей екі шар 
берілгенде  де  ол  бұларды  бұрынғысынша  екі  түрлі  деп  қабылдайды. 
Тәжірибенің  негізгі  мәнісі  де  осында.  Салмағы  бірдей  екі  шарды  осылайша 
теріс  қабылдауы  (иллюзия)  –  оның  алдынғы  қабылдауындағы  субъективтік 
жағдайына  байланысты  туған.  Мұндайда  адамдарждың  зейіні  қабылдайтын 
заттың  өзіне  емес,  сло  зат  туғызатын  сезімге,  көңіл-күйіне  алып  кетеді.  Осы 
тәжірибеде  де  өбір-біріне  тең  шарларды  аңғармай,  қате  қабылдау  осындай 
жайттан туған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет