Биологиялық индивид деңгейiнде өзiндiк сана «Мен» физикалық
мүмкiндiгiн, өз дене бейнесiн құру мүмкiндiгiн көрсетедi.
Әлеуметтiк индивид деңгейiнде өзiндiк сана өзгелердiң көзқарасын
қабылдау, ата-анасымен өзiн ұқсастыруы, әрекеттi орындаудағы үлгiлердi
игеру, өзiн-өзi бағалауының қалыптасуы; кейiннен кәсіби идентификациясы;
өзiн-өзi бақылай алуы тағы сол сияқты қалыптасады.
Жеке адам деңгейiнде өзiндiк сана өзiндiк әлеуметтiк құндылығымен,
өткен, қазiргi және болашақ жайлы елестетуi мен ондағы өзгерiстердiң
көрiнiсiмен сипатталынады [7, б. 37 Майерс Д. Социальная психология].
В.Г. Маралов сипаттамасында өзiн-өзi тану – бұл әрекеттiң дәйектiлiгi
мен жиынтығы. Алдымен қандайда бiр тұлғалық қасиетi немесе iс-әрекет
сипатын анықтап алу, бұл өте маңызды, онсыз өзiн-өзi тану мәнi жойылады.
Оны санамауға бекiтiп, талдау соңында адамның тұлғалық қасиеттер
құрылымын, оның шекарасын қарастырып бағалауы да «Мен концепциясын»
қабылдамайды. Өзiн-өзi тану процесi - бұл өзiнiң бойынан қандайда бiр
қасиеттi анықтау [6, б. 27 Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития].