Модуль саясаттану Тақырып Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет2/3
Дата02.05.2023
өлшемі134,61 Kb.
#89153
1   2   3

Саясаттану ғылымының объектісі


Объект
Халықаралық қатынастар
ДІН
Экология
Жастар
ҰЛТ
Экономика
Мәдениет
Демография

Саясаттану ғылымының бөлімдері

  • саяси теория (тарихи-саяси ойларды қамти отырып);
  • саяси институттар (орталық және жергілікті басқару органдары, үкіметтік құрылымдар, осы институттар атқаратын функциялар, сонымен қатар саяси институттар қалыптастыратын әлеуметтік күштер);
  • саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
  • халықаралық қатынастар.
  •  

Саясаттану ғылымының ұғымдары(категориялары)

  • «саясат», «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтену», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «ішкі саясат», «сыртқы саясат» және т.б.

Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп –білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады.

  • Салыстырмалы әдіс: әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіншілік береді.Ол елдегі саяси тұрақтылық саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдіс әсіресе қазіргі Қазақстан Респуликасында алатын орыны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.
  • Жүйелеу әдісі: саяси құбылыстарды күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орынын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
  • Әлеуметтік әдіс: саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
  • Тарихи тәсіл: саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай , бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр-түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
  • Бихевиористік әдіс: жеке адамдармен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады.
  • Нормативтік әдіс: қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асырудға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін зерттейді.
  • Диалектикалық-материалистік әдіс. Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс болып есептелген тәсілдің бірі. Ол табиғаттағы, қоғамдағы, санадағы құбылыстар мен процестерді бір-бірімен тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдіс тиімсіз деуге болмайды бірақ сол мезгілдегідей текқана бұл әдіспен шектелуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет