Модуль Статика Дәріс Тақырып 3: Центрге және өске қатысты күш моменті



бет1/3
Дата31.12.2021
өлшемі125,37 Kb.
#23234
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 3



Модуль 1. Статика
Дәріс 3.

Тақырып 3: Центрге және өске қатысты күш моменті

Сұрақтар

1. Центрге және өске қатысты күш моменті

2. Жинақталған күштер жүйесінің тең әсерлі күші және тепе – теңдік шарттары
Анықтама. Күштің центрге қатысты моменті деп белгілі таңбамен алынған күштің модулі мен центрге дейінгі күш иінінің көбейтіндісін айтады.

күштің нүктесіне қатысты моментінің скаляр шамасын деп белгілейік. Онда анықтама бойынша



(2.3)
мұнда h – күш иіні (О нүктеден күштің әсер ету сызығана түсірілген перпендикуляр) (2.2 - сурет); «+» не «- » таңбасын аларда «оң бұрғы ережесі» қолданылады. Осы ереже бойынша егер күш денені берілген нүктеден сағат тілі айналысына кері бағытта айналдыруға тырысса, онда күш моменті «+»

таңбасымен алынады, ал егер күш денені берілген нүктеден сағат тілі айналысымен бағыттас айналдырса, онда күш моменті теріс болады.



Ескерту. Күштің түсу нүктесін оның әсер ету сызығы бойымен жылжытудан күш моменті өзгермейді.



Анықтама. Күштің өске қатысты моменті деп күштің өске перпендикуляр жазықтықтағы проекциясының өс пен жазықтықтың қиылысу нүктесіне қатысты моментін айтады. (2.3 - сурет).


(2.4)
«+» не «- » таңбасын аларда «оң бұрғы ережесіне» сүйенеміз.


2.2. Қос күштер. Қос күш моменті.


Анықтама. Қос күштер деп модульдері тең, параллель орналасқан қарама – қарсы бағытталған екі күштерден тұратын күштер жүйесін айтады (2.4 - сурет).

Қос күштердің тең әсерлі күші жоқ, бірақ қос күштер теңдестірілген емес. Күштердің әсер сызықтарының ең қысқа ара қашықтығы қос күштердің иіні деп аталады. Қос күштер әсер ететін жазықтық қос күштердің әсер жазықтығы деп аталады. Денеге әсер ететін бірнеше қос күштер жиынтығы, қос күштер жүйесі деп аталады.



Қос күштер тең әсерлі күшке келтірілмейді, қарсы жору әдісін пайдаланып дәлелдейік. қос күштердің күштеріне параллель емес тең әсерлі күші бар болсын (2.5 - сурет). Онда қос күштерге - ға қарсы бағытталған, күшін қоссақ, теңдестірілген үш күштер жүйесін қорытамыз. Бірақ, былай болуы мүмкін емес, себебі және күштерінің әсер сызықтары бір нүктеден өтпейді, сондықтан теңдестіктің керекті шарты орындалмайды. Қос күштердің күштеріне параллель тең әсерлі күші болуы мүмкін емес екенін де дәлелдеуге болады, себебі тең әсерлі күштің әсер нүктесіне керекті шарттар орындалмайды.

Қос күштердің денеге әсері қос күштердің моментімен сипатталады, ол - ға тең. (2.4 – суретте ).



Ескерту. 1) Қос күш денені айналысқа келтіруге тырысады, сондықтан қос күшті бір тең әсер етуші күшке келтіруге болмайды; 2) қос күш орналасқан жазықтықты қос күш әсерінің жазықтығы деп аталады; 3) қос күштің әсері оның моментімен анықталады.

Анықтама. Қос күш моменті деп модулі күш пен иін көбейтіндісіне тең, ал бағыты қос күш жазықтығына перпендикуляр болып келетін векторды айтамыз.

(2.5)
Мұнда d – қос күш иіні. Қос күш моменті векторының бағыты анықтауда оң бұрғы ережесі қолданылады. Қос күштердің қасиеттері:

1) қос күштерді денеге әсерін өзгертпестен оның моментінің модулімен

бағытын сақтап, күштерімен иінін өзгертіп өзінің әсер жазықтығында

қайда болса да көшіруге болады;

2) қос күштерді күштің модулі мен қос күштердің иінін өзгертіп, бірақ млментінің модулі мен денені айналдыруға тырысатын бағытын сақтап, жазықтықта кез келген орынға және параллель жазықтыққа көшіруге болады;

3) қос күштің моментінің векторы – еркін вектор, сондықтан оны дененің кез келген нүктесіне түсіруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет