Модуль. ТҰЛҒалық дамудағы стресс-менеджменттің психологиялық ерешеліктері


Цицеронның керемет сөзі бар: «ойдың ауруы тән ауруына қарағанда құртатын ауру және өте жиі кезедседі»



бет3/4
Дата17.11.2022
өлшемі51,56 Kb.
#50907
1   2   3   4

Цицеронның керемет сөзі бар: «ойдың ауруы тән ауруына қарағанда құртатын ауру және өте жиі кезедседі».


Өзіндік реттелу ұғымы психология үшін аса маңызды сұрақтардың бірі. Өзіндік реттелу дегеніміз, ол биологиялық жүйелердің қасиеті, биологиялық немесе физиологиялық көрсеткіштердің тұрақты деңгейін қолдау және ұстап тұру.
Психологиялық өзіндік реттелудің тәсілдерін атап өтейік: барлық адамдар өз өмірінде бір қысқа ғана уақытта өзінің физиологиялық немесе психологиялық күйін өзгертуге мұқтаж болып жатады. Кейбіреулер мұны әртүрлі тәсілдердің көмегімен жасайды, мысалы, өміріндегі бір жағымды оқиғаларды еске алады немесе терең тыныс алып жаттығулар жасап жатады.
Басқалары болса өздерін тыныштандыратын ешқандай тәсілдер таба алмайды, соған қатысты олар ашуланады, жүйкелері жұқара бастайды. Міне осындай келеңсіз жағдайларда, көңіл күйді реттей алмағанда адам қоршағандармен жасайтын қарым-қатынасын бұзады, тіпті олар кәсіби міндеттерін сапалы орындауға кедергі болады.
Негативті күйде өте ұзақ болу (мазасыздану, белгісіз бір нәрсені күту, кінәлі сезімде болу, қанағаттанбаушылық сезімі, ызалану және тағы басқалар) бастан кешіп жатқан қайғырулардың өткірлігін азайта алмау, жағымсыз әсерлердің көбеюі адамның организміне, физикалық және психикалық күйіне әсер етіп, оларды бұзатын, қауіп төндіретін жағдайға алып келеді.
Ең басты нәрсені есте сақтаңыз, күйлерді адекватты реттеу кері байланысқа алып келеді, реттеу процесі кезіндегі адамның физиологиялық және психологиялық параметрлерінің өзгерістерін хабарлайды.
Қазір өзіндік реттелудің көптеген әдістері жасалған, мысалы, өзіндік илану, релаксациялы жаттығулар, аутогенді жаттығулар, десенсибилизация, реактивті релаксация, медитация және тағы басқалар. Соңғы уақытта эмоциялық күйлерді басқарудың жаңа гелотология деген бағыты пайда болды (грек тілінде gelos-күлкі деген сөз). Күлкі физиологиялық
процестердің өтуіне өте жағымды әсер ететіндігі анықталды. Күлкі стресстік гармондардың (норэпинефрин, кортизол, допамин) концентрациясын азайта отырып, стрессті және оның салдарын азайтады екен.
Өзіндік реттелу екі аспектіден тұрады:құрылымдық-функциялық және мазмұндық-психологиялық.
Өзіндік реттелудің деңгейлері:
1.Ақпараттық-энергетикалық деңгей. 2.Жеке дара деңгей 3.Мотивациялық деңгей 4.Эмоциялық-ерік деңгейі
Өзіндік реттелу психика жұмыс жасау үшін физиологиялық жүйелерді энергетикалық ұтқырлықты қамтамасыз ететін қажетті дәреже. Өзіндік реттелу түрлері:
-«назар салмау» реакциясы,
-катарсис (өнер туындысының әсерінен эмоцияны бастан кешіру, теріс әсерленулер),
-ойлар, күйлерден босану тәсілі,
-ритуалды әрекет, яғни адамды белгілі бір стереотипті реакцияға сендіру, соған қосу.
Өзіндік реттелудің мотивациялық деңгейіне келетін болсақ, кез келген өзіндік реттелу мотивацияны реттеуден басталады. Мотивациялық өзіндік реттелудің негізгі факторлары:
-дара-жеке бастық факторлар;

  • адамның өзіне толық разы болмауын қамтамасыз ететін факторлар;

-мағына құрушы факторлар.
Өзіндік реттелудің эмоциялық-ерік деңгейіне адамның ерік процестерінің қатысуымен жүзеге асатын қасиеттерін, ерекшеліктерін жатқызамыз.
Тіпті сонау көне замандардың өзінде адамның эмоциясы мен оның физикалық күйінің арасында байланыс бар екенін байқаған. Мәселен, эмоцияны жібермей ұстап отыру жүректің жұмысын, ашу-ызалар асқазанның жұмысын бұзады, ал қайғыру, іш пысу қартаюды жеделтеді.
Бұл күндері психикалық өзіндік реттелу мәселесіне қатысты екі түрлі пікір бар, біріншісі, адамның іс-әрекетінің құрылымында реттеуші компоненттерді іздеу арқылы мәселені шешкісі келеді, екіншісі, өзіндік реттелу күйіне арналған әртүрлі техникаларды қолдануды ұсынады, тіпті олар іс-әрекет белсінділігін аяқ астынан төмендетуге дейін сол техникаларды колданады, мысалы оған психофармокологиялық дәрілерді, аутогипнозды жатқызуға болады.
Адамның күйлерін реттеудің жалпы принциптері болады, себебі бірқатар күйлер мінез-құлықты бұзады сондықтан сол күйлерді реттеп отыру керек, ең бастысы күйлерді реттеу екі жолмен жүзеге асады, біріншісі, олардың туындағанын ескерту, екіншісі сол пайда болып қойған күйлерді жою. Осы екі жолдың қайсысы болмасын адамның психикасына сырттан әсер ету арқылы (мысалы, психолог музыканы, түстерді, табиғи
ландшафтарды қолданады, психореттеуші жаттығулар арқылы пациентке әсер етеді) немесе адам өзіне әсер етіп (өзіндік сену, өзіндік сенім, өзіне бұйрық беру) көмектесе алады.
Ал екінші жолы өзіндік реттелу арқылы әсер ету. Күйлерімізді реттеуде берілген үш міндеттердің біреуі орындалуы керек:

  1. адамдағы бар күйді сақтау;

  2. оларды сол күйдің талаптарына орай жаңа күйге ауыстыру; 3.бастапқы күйіне әкелу.

Әрине реттелудің көптеген тәсілдерінің тиімді болуы бірқатар факторлармен байланысты болады: оларды қолданудың тұрақтылығы, маманның тәжірибесі, әсер етуді қолданатын адамның психологиялық ерекшеліктері, ең бастысы адамның өзі оның тиімді болатынына сенуі негізгі жағдай.
Сонымен қатар өте қатты ескеретін жағдай, реттеуші әсер етуші тәсілді қолданғанда, адам өзін қандай күйде сезінеді, оның жеке бір жұмыс жасаушы жүйелері қандай жағдайда болады, міне осыларды міндетті түрде ескеру керек, себебі барлық әсер етуші технологиялар кері әсер етуі мүмкін.
Өзіндік реттелу, яғни адамның өзінің эмоцияларын, сезімдерін, бастан өткізген әсерленулерін басқара білуі психофизиологиялық, жүйкелікпсихикалық қасиеттерді тұтасымен өзгеріске әкеле алады. Психологиялық реттелуді қолдану келесі жағдайларды мүмкін етеді:
-жоғарғы жүктемелерге және жұмыстың монотондылығына психикалық бейімделуді жоғырылатады,
-жүйкенің тез орнына келуіне мотивтің жоғарғы деңгейлерін береді,
-мақсатка жетемін деп сәтсіздікке ұшыраған немесе жарақат алған адамдардың психикасына әсер еткен теріс салдарларын жояды,
-мазасыздану күйін алып тастайды,
-эмоциялық тонусты көтереді,
-ұтқырлыққа апарады,
-іс-әрекетті табысты жасауға ұмтылдырады.
Кейбір психикалық өзіндік реттелу әдістеріне токтала кетейік.
Фармакотерапия – фармакологиялық заттарды адамның эмоциялық күйіне әсер ету үшін қолданады. Бұл әдіс өте ертеден келе жатқан әдістердің бірі. Жұмысқа қабілеттілікті көтеретін, стимул беретін және құлазып кеткен көңіл күйді алып тастауға негіз болатын құралдарды айтамыз.
Аутогенді жаттығулар: өзіндік иланудың арнайы формуласын қолданып организмде өтіп жатқан процестерге әсер ету. Мысалы белгілі бір мақсатқа жетуге арналған сөз тіркестерін жазыңыз деп өзіндік иландыруға апарады. Терең босаңсып осы сөз тіркестерін бірнеше рет қайталаңыз.Сіздің басыңыздағы жағымсыз ойлар кетеді, мен тыныштандым, өзіме сенімділік алдым деген сияқты жаттығулар жасалады.
Десенсибилизация арқылы адамдағы қорқыныштарды, мазасыздануларды азайтуға болады. Мысалы жоғарыда ұшудан қорқу немесе бұрынғы өткен жан жарақатын ұмыта алмай қайта қайта еске ала беру, осы
жағдайларда терең босаңсу арқылы стресс туғызған нәрселерден алыстауға болады.
Адамдарға өте көп көмектесетін ол табиғи психикалық өзіндік реттелу әдістері, олар, мысалы орманда, парктерде серуендеу, мәдени шараларға қатысу, классикалық музыкалар тыңдау, қызықты адамдармен жағымды коммуникацияға түсу, интенсивті жаттығулар жасау, күнделік жазу, кітаптар оқу және тағы басқалар.
Сонымен өзіндік реттелуді қорытсақ, бұл ұғым өзіне жетекшілік жасау деген ұғымға сай келеді, дегенменде бұл өзі нейтрал ұғым, теориялық пікір таластарды көп бере алмайды.
Аса маңызды деген әлемдік сипаттағы теориялардың біразына қысқаша шолу жасай отырып, психикалық өзіндік реттелу ұғымын түсінуге тырысайық.

  1. Диспозициялық оптимизм теориясы (немесе кибернетикалық қадағалау теориясы), (Carver, Scheir,2003, 2004)- Ч. Карвер және М. Шейер - американдық психологтар. Алғашқы зерттеулері (1985) оптимизмге, копингке, денсаулыққа арналды. Кибернетикалық қадағалау теориясында оптимизм когнитивті конструкт ретінде қаралады, оптимист адамдар күш салуға жұмыс жасайды, пессимистер күш салудан қашады.

Оптимистер әлеуметтік қатынастарды өте жақсы орындайды, қазір оптимизмнің биологиялық негізі зерттелінуде. Оптимизм тиімді мақсаттарды орындауға негіз болады, физикалық және психологиялық денсаулық нығаяды.

  1. Стрессогенді өмірлік оқиғаларды анализдеу теориясы (Holmes&Rahe, 1967) – ең басты идеясы маңызды және қиын қайғылар әкелетін өмірлік оқиғалар адамның өмірлік жағдайларын өзгертеді, оны жеңуге және оған бейімделуге адамды бағыттайды. Авторлар қиын деген өмірлік оқиғалардың стресстік жүктемесін өлшейтін эмпирикалық әдіс жасады, әлеуметтік бейімделуді бағалау шкаласы деп атайды.

  2. Ұйымдастыру психологиясындағы талаптар қою бойынша стресс теориясы (Karasek&Theorell,1990) – теория екі өлшемнен тұрады:

  1. Жұмыста қойылатын талаптарға байланысты ренжу, қайғыру және олардың интенсивтілігі;

  2. Әрекеттердің диапазонына қайғыру, алаңдау – мысалы жұмыста олардың әрекеттерін қадағалау қатты қайғыру тудырады, соған байланысты адамда қатты стресттік жүктеме пайда болады.

  3. Ганс Г. Сельенің жалпы бейімделу синдром теориясы (Selye, 1953). Ол 1907 жылы Венада туып, 1982 жылы Монреалда қайтыс болды. Канадада А. Тоффлермен бірге стресс институтын ашқан. Оның пікірінше стресс күйі – биологиялық жүйеде айрықша өзгерістер туғызатын ерекше синдром деп қаралды. Стресс реакциясы үш фазадан тұрады:

  1. Мазасыздану реакциясы ішкітеңгерімді бұзады ( соғудан болған күйреу);

  2. Қарсыласу фазасы (резистенттілік);

  3. Әлсіреу, титықтау, жүдеу фазасы. Стрестің салдарынан адам аллергия, гипертония, бүйректің, жүректің ауруына ұшырайды.

  1. Валтер Кэннонның (Cannon. 1928) «Ұру немесе қашу» теориясы- стресстік жағдайда адамның мінез-құлқы қашуға немесе күресуге бағытталады. Психофиологиялық белсенділікті күшейту стрестік факторларға беретін организмнің физиологиялық реакциялары негізінде мінез-құлықта қашу немесе қарсыласа алатын ресурстарды қамтамасыз етеді.

  2. Стрестің биохимиялық теориясы – нейропсихологияда, медицинада, биологиялық психологияда стрессті биологиялық-психологиялық аспектіде зерттеу көп сұраныс тудыруда. Солардың бірі Б. МакЭвен (McEwen) және Ледоның (LeDoux) зерттеулерін айтуға болады.

  3. Транзактілі стресс моделі (Lazarus&Launier) – адамға қойылған талаптар мен оларды орындаудың арасындағы өзара әрекет (транзакциялар) бойынша туындайтын стресті талдайды.

  4. С. Хобфолдың «Ресурстарды сақтау теориясы» (Hobfoll,1986,1998)- оның пікірінше, егерде адам ресурстарды жоғалтса және сол ресурстарға қауіптер төнсе, онда стресс пайда болады, сәттілікке ешкандай мүмкіншілік қалмайды, алайда адам өз күшін, ресурстарын жұмсай береді.

  5. Әрекет теориясы стресстің моделі ретінде қолданылады, авторлары К. Решке және Г. Шредер (2010) – стресті жеңудің тірегі ретінде адамның мінез-құлқын реттеудің екі түріне екпін жасалады:қоршаған орта және адам.

  6. Брюс Макьювенннің психобиологиялық стресс моделі–американдық нейробиолог (McEwen, 2003) –стресс-реакция бір жағдайда адамды қорғайды ол денсаулығымыз үшін маңызды, алайда ол зиян келтіруі де мүмкін, басқа бір жағдайда ауырып қаламыз деген парадоксты келтіреді. Өзінің теориясын аллостатикалық жүктеме моделі деп атады.

Стресс физиологиялық және психологиялық, мінез-құлықтық реакция шақыратын және адамға қауіп төндіретін оқиғаларды талдайды. Адам миы негізгі орган,мықты стрессорларға реакция береді. Ол аллостаз (allostasis) деген жаңа термин ендірді – патологиялық қозуды түсіндіреді, қан қысымы мен жүрек ритмі бойынша беретін реакцияларды анықтайды, аллостаз копингтің физиологиялық механизмдерін жаксы түсіндіреді.
Стресс-менеджменттің теориялық негізін қысқаша айтатын болсақ, келесі зерттеулерді атауға болады:
1.Стрестің қолданбалы психологиясы (Reschke & Schroder, 2010); 2.Стресті оптимизммен басқару –теориялық-практикалық бағдарлама
(Garber, Karapetyan, Reschke, 2018); 3.Салютогенез моделі (А. Антоновски); 4.Стрестің трансактілі моделі (Лазарус);

  1. Ресурстарды сактау теориясы (Хобфолл);

  2. Шешуге бағдарланған қысқамерзімді психотерапия (де Шейзер); 7.Оптимизм теориясы (Карвер, Шейер);

  1. Позитивті психология (Селигман);

  2. Резиленттілік (өмірге төзімділік) – (Oerter & Montada,2002; Hammelstein, 2006).

Стресс-менеджментке байланысты өткізілетін психологиялық бағдарламалардың принциптері бар, оларды да міндетті түрде білген артық етпейді:
-мінез-құлыққа бағдарланған психотерапия – негізгі принцип болып саналады;
-бағдарлану принципі нәтижеге және ресурстарды дамытуға арналады;
-салютогенді және қабылдаудың тұлғалық бағдарланушы принципі. Қорыта айтсақ стресс-менеджмент шарттар мен реакциялардан тұрады:
сыртқы стресстік факторлар; стрессті күшейтушілер; стреске деген стрессорлар мен реакциялардың арасындағы байланыстырушы звено; жүктеме организмнің физикалық және психикалық реакциялары.
Стрессті жеңуге берілген психологиялық ұсыныстарды қабыл алыңыздар:

  1. Тұлғаның мінез-құлқындағы сенімді, өз билігіндегі мінез-құлықты ұстау үлгісі;

  2. Күрделі өзара байланысқан контекстегі аналитикалық ойлау; 3.Өзінің жеке меншікті бастамасы;

  1. Мақсат пен нәтижеге бағдарлану;

  2. Қарым-қатынастағы сенімділік және конструктивті ынтымақтасу; 6.Командада жұмыс жасай алу және командалық рух;

  1. Мәселені креативті шеше алу және шешім қабылдаудың креативтілігі;

  2. Конфликтілерді конструктивті басқару;

  3. Сенімді және дәл, анық қатынастарды жасай білу; 10.Эмоциялық интеллект.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет