Модуль№4 «Оқыту технологиялары»



бет38/92
Дата15.11.2023
өлшемі380,81 Kb.
#123760
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92
Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448.

    2. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1993, - 112.

    3. Оразбаева Ф.Ш. Рахметова Р.С.

    4. Педагогикалық ғылыми мұра, Алматы: 2009

    5. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейнгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы, 2004

    6. Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық.-Алматы.2011

2-дәріс




Педагогикалық менеджмент

2.1. Педагогикалық менеджменттің теориялық негіздері және оны білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі.


2.2. Қазақ тілін оқытудағы дәстүрлі және дамытушы педагогика.

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми-практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі: а) адамдармен қарым – қатынас жасау әдісі, үлгісі; б) билік және басқару өнері; в) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды ;г)басқару органы, әкімшілік бөлігі


Симоновтың анықтамасы бойынша педагогикалық менеджмент дегеніміз – кешенді әдістердің, ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен технологияларды педагогикалық жүйеде тиімді әрі дамытуға бағытталған басқару.
Педагогикалық менеджмент – білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процесін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы.
Хоруженко К.М, Куперина А.В Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені дейді. Ал ғалым Садвакасова З.М Педагогикалық менеджмент – бұл басқарудың ғылыми негізі, экономикалық жағдайда адами ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру дейді.
“Менеджер” ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару – кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы – ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді. ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындағы басқару кезеңі бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы
А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негiзiне айналған.“Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс алған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдар қатынасы теориясының” орнына, басқарудың жүйелiлік теориялары, жағдайлық теориялары, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтық теорияларының жағымды жақтарын бiрiктiрiп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келдi. Отандық ғалымдардан Булатбаева, Садвакасова, Исаева, Әлқожаева, Мутанов, Хмель, Тутеева, Минажова. Ал шетелдік ғалымдардан Симонов В.П, Хоруженко К.М, Курепина А.В.Фредерик және т.б. «Менеджмент» ұғымының мазмұны әр алуан, терең және келесі аспектілерде қарастырылуы мүмкін: Менеджмент ұғымы ұзақ уақыт бойы тек негізгі мақсаты
пайда табу болып табылатын ұйымдарға қатысты пайдаланып келгені белгілі. Мысалы, И.Н.Герчикованың оқулығында «менеджмент дегеніміз – нарық жағдайында қызмет атқаратын фирманың кез келген шаруашылық қызмет барысында менеджменттің экономикалық механизмінің ұстанымдарын, функцияларын және әдістерін пайдалана отырып, материалдық және еңбек қорларын тиімді пайдалану жолымен белгілі бір алға қойған мақсаттарға жетуге бағытталған, кәсіби жүзеге асырылатын қызметтің дербес түрі» деп тұжырымдалады.
Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны басқару функциясының мына төмендегі компоненттерінің өзара үйлесімділігі келесілер:


  • жоспарлау;

  • ұйымдастыру;

  • реттеу;

  • бақылау;

  • есеп жүргізу;

  • талдау.

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:





  • қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;

  • басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сай бағдарламалар мен жоспарлар әзірлеу, олардың орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерді нақты белгілеу;

  • жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет