Педагогикалық менеджменттің білім беру жүйесіндегі беретін мүмкіндіктері
біріншіден, вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады;
екіншіден, әр тұлғаға даму мүмкіндігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни ұйым дамиды;
үшіншіден, білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.
Педагогикалық менеджменттің маңызды функциялары: жобалау - жоспарлау функциясы;
ақпараттық - сараптамалық;
мақсатты - мотивациялық;
ұйымдастыру - орындаушылық;
бақылау және бағалау;
коррекциялау функциясы.
«Менеджмент» терминінің анықтамасын көптеген авторлар А.Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури өз тұжырымдамаларында былайша береді: менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тәртіп уәждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі. Педагогикалық менеджмент нақты мұғалімнің басқарушылық қызметі жаңа әлеуметтік-педагогикалық жағдайларда өмір сүруге дайын баланың жеке басын дамыту мақсаттарына бағытталады деп біржақты таяз түсіну қалыптасқан, оның барысында педагог келесілерді жүзеге асырады:
- басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін ақпаратты түрлендіру;
- оқыту мен тәрбиелеу үдерісін қағидаттар, әдістер, құралдар мен нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару;
- оқушылардың еңбегін, уәждері мен қажеттіліктерін пайдалана отырып, қойған мақсаттарға жету;
- білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге асырылатын және адам факторын есепке ала отырып, оқу-тәрбиелеу мақсаттарының жүйесін оқушылардың жету
үдерістерін ұйымдастыру.
Бүгінгі күнде басқарудың маңызды субъектісі ретінде оқушының өзін де қарастыру қажет. Педагог жүзеге асыратын менеджмент функциялары тек олар оқушы тарапынан өзін-өзі басқарудың барабар әрекеттерімен қолдау тапқан жағдайда ғана тиімді болып, қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді. Оқушының өзін-өзі басқару іскерліктерін меңгеруі қазіргі уақытта білімдер, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру, жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу, бейімділіктер мен қабілеттерді дамытумен қатар,
білім беру үдерісінің маңызды мақсаты болып табылады.