Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е. Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері: Оқу құралы.-Алматы, 2003
№7-дәріс
Жоғары мектепте қазақ тілі курстарын оқытудағы интербелсенді лекция
7.1. Интербелсенді лекцияның түрлері мен құрылымы
7.2. Қазақ тілінен өтілетін практикалық сабақтар, белгілері мен мақсаты, оны меңгертудің әдіс-тәсілдері, күтілетін нәтиже мен зерттеу түрлері.
7.3. Қазақ тілін оқытуда студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстың түрлері.
Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет. Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар: Мақсат. Педагог Оқушы, білім алушы. Оқыту әдістері. Оқытуды ұйымдастыру түрі. Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.
Педагогикалық диагностика. Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы. Дидактикада И.Я.Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан: Білім Іс-әрекеттің әдістері. Шығармашылық тәжірибе Зерттелініп отырған обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-салдары мен қажеттіліктері. Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, оқыту процесі - бұл білім алушы тұлғаны дамыту үшін мақсат көздеген, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, әлеуметтік жағынан қамтылған процесс. Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) және продуктивті (шығармашылық) вариантта жүргізген жағдайда білім мен іскерлік әдістерін меңгеруге болады. (В.И.Загвязинский). Кез-келген танымдық міндеттерді шешу өз табиғатында қарама-қайшылықты болып келеді. Осы қарама-қайшылықты шешу қызығушылық тудырады, белгілі бір іс-әрекетке жетелейді, белсенділік туғызады, міне, осылар оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады.
Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - магистранттардың оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер магистранттың ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет. Лекцияға қойылатын талаптар: Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы; Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі) Дәлдігі мен дәлелділігі; Түсіндірудің эмоционалдық жағы; Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру; Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы; Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу; Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру; Қорытындылау; Тілінің түсінікті және анық болуы; Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу; Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану; Аталған талаптар лекцияның сапасын бағалау критерийлерінің негізі болып табылады. Лекцияның құрылымы және оның сапалылыгын бағалау Өзінің құрылымы жағынан лекциялар әртүрлі болып келеді. Оның құрылымы оқытылатын материалдардың мазмұны мен сипатына байланысты, бірақ, кез-келген лекцияға қолданылатын жалпы құрылым-дық форма болады. Ең алдымен лекцияның жоспарын хабарлап, яғни жоспармен таныстырып, сол жоспар бойынша жүйелі түрде сұрактардың мазмұнын ашуды қатаң түрде сактау қажет. Емтихан сұрақтарына кіретін негізгі, маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, соларды жоспарға міндетті түрде енгізілуі шарт. Алдыңғы өтілген лекцияның мазмұнын еске түсіріп, оның жаңа материалмен байланысын, пәндегі және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен қажеттілігін айтып өту керек. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар, фактілер; сол сияқты нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады. Лекцияньщ соңында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау лекцияньщ құңдылығын арттырады. Жоғары мектептегі дәстүрлі лекциялар ақпараттық болып табылады. *Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қагидалар ортақ болады.