Пікір алмасу-латын сөзі (discussio),беретін мағынасы "зерттеу", "талқылау","талдау".Пікір алмасу көпшілік арасында өтеді.Мақсаты-әр түрлі қозғалыстарды салыстыра зерттей отырып,шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін іздеп табу.Пікір алмасу-дұрысттықа көз жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені қатысқандар көзі жеткендіктен де бір пікірге өздері келеді.
Ойталқы сөзі латын тілінен алынған (disputatio), мағынасы-"ой жүгірту","жарыс сөз","айтыс".Ойталқы ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптардың төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы.Сөз жарысына қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады.
Пікірсайыс – көне гректің сөзі. (polemikos) мағынасы- "жаулық", "дұшпандық".Әрине бүгінгі мағынасы басқаша:бірдеңені талқылау мақсатында жиналыстарда,баспасөз беттерінде орын алатын сайыс.Мұнда қарсы жақты жеңіп шығу,өз пікірінде қалып, соны бекіту.Сайысшылар әлеуметтік мәселелерді шешеді,қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілермен күреседі.
Ойбөліс-француз сөзі (debat), мағынасы - "айтыс","жарыссөз".Ойбөліс-көпшілік алдында екі адамның не екі топтың бірдеңе туралы ой пікірлерін ортаға салуы.
Сөзталас-орыс сөз (прения),мағынасы бірдеңені,қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау.Сөзталас, ойбөліс сияқты, баяндамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда , жиналыстар мен конференцияларда орын алады.
Айтыс-қазақтың сөзі.Мағынасы-екі адамның, екі топтың арасында суырыпсалма өлеңмен кезектесе айтылатын сөз жарысы,өнер сайысы.
Пікірсайыс — ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі. Пікірсайыста қате көзқарасты әділ сынап жеңу көзделеді. Пікірсайыс түрлері: жиналыс, конференция, пікірталас және т.б. Пікірсайыстыру жиын, топ алдында екі адамның немесе екі топтың өзара пікір таластыруы. Пікірталас тақырыбы алуан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, саясат, мәдениет, тіл, құқық қорғау, өнер салыстыру және т.б. Пікірсайыстың тақырыбы нақты, көкейтесті болуымен бірге, ондағы мәселе, ұсынылатын әдебиеттер қатысушыларға күні бұрын таратылады. Уақыт тәртібі сақталып, шебер жүргізуші тағайындалады. Пікірсайыс — ғылыми жұмысты қорғау алдында немесе көркем әдеби шығарманы жариялау алдында пікір білдіру. Пікірсайыс барысында жұмыстың көкейтестілігі, құрылымы, баяндау қисыны мен уәжі анықталып, ғылыми немесе көркемдік мәні бағаланады. Пікірсайыс әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылым салаларындағы зерттеулерде қолданылады. Пікірсайыс әдістемесі сауал қою және сұхбаттасу болып екіге бөлінеді.
Жалпы білім беретін орта мектепте оқушының, пікір-пайымын дұрыс жеткізумен қатар, оның өз көзқарас-тұжырымдарын дәлелдей алуы – өте маңызды ритрикалық дағды. Осы тұрғыдан алғанда, оқушыны пікірталасқа қатысуға үйрету үдерісі көптеген аспектіден тұратын күрделі құбылыс. Оның: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, этникалық, яғни тәрбиелік секілді құрамдас бөліктері бар. Психологиялық тұрғыдан алғанда, пікірталасты сөйлеу әрекеті деп қарауға болады, себебі пікірталас дегеніміз – бұл ең алдымен, сөйлеу, өз ойыңды өзгеге жеткізу, дәлелдеу.
Ал, пікір деген – қарапайым тілмен айтқанда, көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.
Мұғалімнің әрбір сабақта пікірталас ұйымдастыруы – оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі. Себебі, оқушы пікірталас кезінде еркін қарым-қатынаста болып, өз позицияларын қалыптастыру және қорғау, оларды өзге пікірлермен салыстыру әрекетін жасайды. Пікірталас оқушылар өміріне шынайы проблемаларды әкеліп, оларды әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады, ең тиімді шешімдерін табуға бағыттайды.
Пікірталас кезінде оқушылармен бірлесіп ұстанатын ережелерді анықтап алған дұрыс. Пікірталас кезінде әрбір қатысушының өз мүмкіндігін айту мүмкіншілігі болу керек; қарсыласын тыңдай білуге дағдылану; біреудің сөзін бөлмеу; үйренушілерге ой шақыру немесе дәлелдерді жинақтау үшін уақыт беріп отыру.
Пікірсайысшыда болуға тиісті қасиеттердің негізгілері: харизмалық қасиет, яғни шешендік, импровизаторлық қасиет, яғни кез келген жағдайдан сүрінбей өту, дер кезінде шешім шығара білу, риторикалық қасиет, яғни сұрақты жүйелі қоя білу, эмоциялық қасиет, яғни өз эмоциясын басқара алу. Ең бастысы, мықты пікірсайысшыға логика мен білім қажет екені белгілі. Пікірсайыс кезінде дауыстың тембрі де белгілі бір дәрежеде қызмет атқаратынын да оқушы білуі тиіс.