Басқару ғылымы немесе сандық ықпал (1950 жылдан күні бүгінге дейін)
Шет елдегі басқару теориясының жаңа бағыттарының бірі – «басқару ғылымы» деп аталатыны – басқару ғылымына сандық тәсілдер мен дәл ғылымына сандық тәсілдер мен дәл ғылым аппаратын енгізуге тырысуымен сипатталады.
«Жаңа» мектептің ең көрнекті өкілдеріне Р. Аккоф, Л. Берланфи, С. Бир, А. Гольдбергер, Н. Джорджеску – Реган, Р. Каллин, П. Клейн, Р. Люс, Д. Форрестор секілді ғалымдар жатады. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетика мен операцияны зерттеудің пайда болуына байланысты. Алғашқыда операцияны зерттеудің сандық талдау әдістерін тұтастай, оны бөлімдерге жіктемей дайындаумен шектеледі. Кейіннен операцияны зерттеу ғылымының дербес саласы ретінде қалыптасып, негізгі екі бағытта дамытылды.
Біріншісі, басқаруда неғұрлым жиірек кездесетін құбылыстың математикалық моделін құруға, запастарды басқаруға, ресурстарды бөлуге, бұқаралық қызмет көрсету міндеттеріне, ескі жабдықтарды алмастыруға, жұмыс уақытын реттеуге т. б. байланысты болды.
Екіншісі, жүйені зерттеуге «жүйе техникаларын» құруға айрықша мән берді. Әрі қарай дербес ғылыми пән – басқару шешімдерінің теориясы қалыптасты. Қазіргі кезде басқару шешімдерінің теориясы саласындағы зерттеулер мынадай бағыттарда жүргізіледі:
ұжымдарда шешімдер шығару процестерін математикалық модельдеу тәсілдері;
статистикалық шешімдер теориясын, құбылыс теориясын(теория игр) т. б. қолдана отырып қолайлы алгоритімді шешемдер;
экономикалық құбылыстардың сандық қолтанбасы және абстрактілі математикалық модельдерді, соның ішінде қоғам мен жеке фирмалар ауқымында ұдайы өндіріс модельдерді, ғылыми – техникалық және экономикалық дамуды болжалдау модельдері («Паттерн», «Форекаст», т. б. жүйесі).
Басқару ғылыми мектеп:
Жобаларды ойластыру мен қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсінуді тереңдету.
Күрделі жағдайларда шешім қабылдаған басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілді дамыту.
Жүйелік көзқарас – объектінің немесе ұйымды өзара бір-біріне тәуелді байланысқан элементтің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол әлемдегі ұйым мақсаты, құрылымы, міндеті, технологиясы және еңбек ресурстары жатады.
Процестік көзқарас – басқаруды тізбектей бірінен кейін бірі орындалатын процестің жиынтығы ретінде сипатталады. Ол процестерде басқару функциясының көмегі арқылы жүз асыру, яғни жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және ынталандыру.
Жағдайлық көзқарас – кез елген мәселені шешіге, кез келген іс-әрекеттерді талдауға, басқарудың универсалды амал тәсілдерінің әдістері жоқ екендігін атап көрсетеді. Осыған орай кез келген проблеманы, жағдайға өзіндік қолайлы әдістер арқылы ықпал етуді сипаттайды.