еңбек өнімділігімен еңбекке қанағаттандыруды арттыруда тұлға ара қатынастарын қолдану.
Ұйым қызметкерлерін адамның қатынастарымен мінез-құлық әрекетіне бейімдеп қалыптастыру.
«Адамгершілік қарым – қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөледі. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальды құрылымын қайта құруды ұсынды.
Мэри Паркер Фоллет (1868-1933 ж.ж.) пен Элтон Мэйо (1880- 1949 ж.ж.) адамгершілік қарым-катынас мектебінің жаңа бағытта дамуының негізін салушылар деп есептелінеді. Фоллет ханым менеджментке тұнғыш рет «басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуші» деп анықтама береді.
«Адамгершілік қарым-қатынастар» мектебінің көрнекті өкілдері К.Арджерис, Ф.Лийкерг, Д.Макгрегор, Р.Блейкт.б.Бұл бағыттың негізгі кағидасы ресми емес шағын топтардың ролін орындау, басқару практикасындағы топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып, пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерді қабылдау болып саналады. Мәселен, осы топтын окілдері «классиалық» мектептің еңбекті барынша бөлісу жоніндегі негізгі тезистерінін біріне күмән келтіреді. Еңбекті толыкқ болісудің нәтижесінде пайда болған топ ерекшелігі, тұрақтылығы әрі қатаң бақылаудың нәтижесінде жұмысшыларды қарапайым операциялардың бірсарынды қайталануы қолайсыз әсер егін, оларды жалыктырады.
«Адамгершілік қарым – қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөледі. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальды құрылымын қайта құруды ұсынды. Олар классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» принципін қатты сынға алып, биліктің жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептемеді. Осыған орай олар «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды, мұның өзі идея қатынасының тиімділігін арттыруды, жалпы саяси ұйымның жақсы қабылдануын әрі оның неғұрлым тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Осындай қорытындыларға сүйене отырып, психологиялық мектептің зерттеушілері былайша топшылайды: егер басшылар өз жұмыскерлеріне көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Тікелей басшылық ететіндердің неғұрлым тиімді әрекет етуі, жұмыскерлермен кеңесуі, қарым – қатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беруі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасау амалдарын пайдалануды ұсынды.